Қазақстанның белсенді азаматтары полицейлік қатыгез қысымға ұшырауда, ондай назарбаев дәуірінде де болмаған еді. Өлтіргіш-президент, ал 2022 жылдың қаңтарынан бері – солтүстік қожайынның малайы, ботокс жымыйысы өзгермейтін тоқай,  «полицейлік алдын алудың» күнделікті машығына, елдің азаматтық, қоғамдық алаңына көрші Мордордың стандартын енгізе бастады. Бұның астарында тіпті «еркінойлаушыдан» ештеңе де қалмайды деген сөз.

Қаңтарда көшеге шыққан адамдардың үстінен саяси сот жалғасуда. Бүгін, 28 қазан күні Ақтөбеде бірден 18 адамды сотқа бұйдалап: Ернар Әжниязов, Асланбек Омаров, Қуат Шамуратов, Арнольд Сәдуакасов, Бекжан Аманғосов, Әмірбек Дәукен, Еркебұлан Құттыбаев, Жанна Есмұрзаева, Рүстем Ахметов, Нұрбек Мұхит, Дархан Кәми, Жәдігер Ысқақов, Дархан Әбиев, Қайрат Баймұратов, Берік Құспанов, Нұрсұлтан Исаева, Нұркен Өміралы, Аблайхан Бекеевтер әкелінді.

Солтүстік қожайынның келу қарсаңында, Республика күні, және де «Алға, Қазақстан» ұйымдастыру комитетінің жариялаған уақытында бейбіт наразылық кезінде, Қазақстанға Еброодақ төрағасының келу сапары күні ондаған белсенділерді көшеден полицейлер «жымқырып» олжалы қылды. Оларды заңсыз түрде полицей бөлімшелерінде ұстап, сосын ешбір айыпсыз, түсініктемесіз әрі ұрып-соқпастан таратты. Заңсыз ұстау кезінде полицейлер өздерін құтырған ит құсап ұстап, белсенділерді арандатып, оларды қорқытып-үркітті; белсенді Ұлболсын Тұрдиева таяққа жығылды.

ҚР ІІМ ҚАЖК түрмелері мен абақтылары үсті-үстіне жаңа саяси қамалғандармен жүйелі түрде лық толуда. Бұрынырақта саяси себеппен заңсыз сотталғандар бас бостандығынан айрылған орындарда қысым мен зорлыққа ұшыратылуда.

2022 жылы 16 мамырда Шымкент соты белсенді азамат Ерулан Әміровті жеті жыл бас бостандығынан айырып үкім шығарды. Судья Талғат Қахаров «әлеуметтік араздықты қоздырды», «лаңкестікті насихаттады» және «тыйым салынған ұйым әрекетіне қатысты» деген желеумен оны заңсыз түрде қылмыскер етті. Қазақстанның үйреншікті болған «белсенді азаматтар жыймасы» барынша қатаң аудауда жүріп,  титтей ғана мұрсатымен мерзімнен бұрын босау мүмкіндігі бар; ол өз басымнан өткен (авт – Владимир Козлов).  

Еруланға «шоқалақпен өтуге» тура келді – оны ұрған-соққан, азаптаған, психауруханаға салған, оны түрмеден түрмеге айдады; әрбір айдау  дегенің – бұның бәрі кемсітудің, мазақтаудың, ұрып-соғудың шұбатылған тізбегі… ҰҚКнің Шымкент оқшауханасында ұстау кезінде ол азапқа шыдамай өзіне қол жұмсай жаздады…

Ерулан Әміровті түпкілікті оқшаулау үшін үкім шыққан бойда  Шымкенттен шалғайдағы Ақмола облысына  –  Гранитный кенті, ЕЦ 166/25 мекемесіне жөнелтті. Үйінде анасы қалды, ол – жалғыз ұлының есеймеген төрт  баласымен қалған зейнеткер. Олардың Еруланға келуі мүмкін емес – әрі алыс, әрі жол қымбат… Анасының баласын жиі көрісетіндей тұрғылықты жеріне, Шымкентке қалдыру өтініші ҚР ІІМ ҚАЖК қанағаттандырусыз қалдырды. 

Бұл әрине белсенді азаматты саяси қуғындаудың жалғасы. Бұндай қысыммен үздіксіз психологиялық арандатумен жүріп, оқшауланған күйде тірі қалудың өзі оңай емес.  Бірақ – бұған қарсы әрекеттенуге болады және ол керек.Оның ішірткісі біреу ғана – ұмытпау. Қоғамдық алас ұруды ыдырату қажет. Абақтыға хабарласып, біздің белсенді қалай тұрып жатқанын біліп отыру керек. Оны неліктен Шымкентке ауыстырмайды? Осыны сұрап, хат жөнелткен абзал.  Жанұясымен келісе отырып, оған сәлемдеме жіберу керек. Сотталған белсенді өз басымен қалмағандығын сезіну үшін оның отбасына да көмектесу керек. Неғұрлым осындай «достық жанасу» болған сайын, Ерулан жанұясына тезірек оралады. Ол да – өз басымнан өткен жайт.

Айтпақшы, көрмек көрсетуге арналған Каспий картасы: 4400 4301 1071 6500, Еруланның мамсының атына байланған — Шарипа Ниязбекова, 87053747536

Біздің жобамыз бас бостандығынан айырылған белсенді азаматтар мен абақтыдағы жандардың құқығын қолдайды. Қазақстандық белсенді азаматтарға дем береді.

Бас бостандығынан айырылған туыстарыңыз жайында ақпарат жөнелтіңіз. Біздің бағыт – белсенді азаматтарды қолдау мен қамаудағы адам құқығын сүйемелдеу.

Бізбен байланысу оп-оңай: оң жақтағы фото астындағы WhatsApp иконкасын бассаңыз, әпсәтте байланысамыз.  Ниет танытыңыз, материал жөнелтіңіз, видео жіберіңіз, барлық ақпаратшыларға толық кепіл боламыз. Бізге хабар жетсе болды — жәрдемдесеміз.

 

 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.