Қарағанды облысы. Абай ауданы. Северное ауылы. Северная көшесі, 38. Тұнжыраған бұл мекенде абақты барын жұрт біле бермейді.ҚарЛаг кезінде бұл жерде «халық жауларының» балаларын ұстаған… 1960 жылдан  бері – бұнда әйелдер жазасын өтеуде. Коксун. ММ АК 159/9. Жаңаша – 32-мекеме.

Біз өз жарияламдарымызда ҚАЖКның әйелдер абақтыларына ылғи да назар аударамыз. Оның себебі – бұл барып тұрған жабық кеңістік. Одан шығатын ақпарат мейлінше сирек. Бірақ бұл ондағы сотталғандардың құқығы тым жақсы дегенді білдірмейді. ҚАЖК кеңістігінің жабықтығы  – бұл орындар погондылардың ойларына не келсе, соны істеймін деген сенімінің орнығып қалғандығынан. Және де міндеттерін атқарудан жалтаруды қалыптастырған. Бұл да – бетімен кеткендіктен.  

Бұл абақтыда дәл қазыр жап-жас келіншек өлмелі халде жатыр, ол —  Оксана Зенина. 2022 жылғы көкек айынан ол Қарағандыдағы СИ 16–да, ол азаптың кесірінен денсаулығына қатерлі үшкір нәрсе жұтқан. Бұл да ерлердің абақтысындағыдай екі жағдайда орын алады: инстанцияға жағдайын жеткізудің басқа амалы қалмағанда, және өзіңе қатысты жүгенсіздікті доғартуға деген ең соңғы амал осы, кей жағдайда аман қалудың да жалғыз жолы – осы.  

Өзіңе қол жұмсау, зиян келтіру, әкімшілік жасыра алмайтындай етіп ахуал орнату осындай амалдың көрінісі, соңғысында әкімшілік амалсыздан жазбаша түрде арнайы ақпар беруге міндетті болады – бұл енді өзіңді аман сақтаудың жалғыз жолы. Өйткені, бұндай жағдайда арнайы прокурор «құлағына банан тағып алып» отырмайды, ол сол орынға барып, сұрастырып, акт жасап, қорытынды шығарып, ең бастысы  – бұның бәрі де соттаулының ісінде қалады. Бұндай жайттарда абақты әкімшілігі мен прокурор ахуалдың құжатталған «құйрығы» қалатынын біледі де,  сол үшін тақтарынан түсетінін тағы біледі; ал егер мықты сәтті болса, істің күрмеуін «шешуге» ештеңе де жетпейді…Осылайша, соттаулыда мүмкіндік пайда болады.  Көптеген жағдайда  – мөлдір болғанмен, бірақ мұрсат дегенің шанс…

Біз СИ 16-да  Оксана Зенинаға не болғанын білмейміз. Соңына жеткізбей азаптаған. Егер бұндай болса, демек оған бір себеп болғаны. Бірақ абақтыда оны әкелген жерде погондылар жүгенсіздігі жалғастырылған. Мамыр айында сотталған Зенинаның жағдайы тым ауырлағасын оны абақты әкімшілігі тез арада ота жасатуға шығаруға мәжбүр болған, Қарағандыдағы Облыстық Медициналық орталыққа апарған. Дәрігерлер ішін жарып, қараған да – тігіп тастаған. Ал келіншектің өміріне қатер төндірген нәрселер қала берген. Дәрігерлер туралай да, жаналамай да «қолдарын жуған».

Бірнеше уақыттан соң Оксананың жағдайы шұғыл нашарлаған. Қазырғы кезде ол тамақ іше алмайды, тыныс ала алмайтындай сырқырап ауырады.Оған қоса ішектері қабынған,бірнеше апта бойы қызуы түспеуде. Екінші рет апарып тексерткен,  бірақ қарағандылық дәрігерлер көмектесуден бас тартып, қолдарын жаюда, ал әкімшілік болса, осымен бұл істі жапқысы келеді.  

Біз Қарағанды облысының құқыққорғаушыларынан аталмыш ахуалға назар аударуды өтінеміз, өйткені уақыт апталап, сағаттап өтуде, ал прокуратура соттаулы Зенинаның құқығының бұзылғандығына назар аударуға тиісті болса да, оның өмірі мен денсаулығына ешбір пайдасы жоқ. Біздің жәрдеміміз болмаса, Оксананың тірі қалуы екіталай.

32-мекеменің бастығы Нұралы Дүйсенбековке мынаны ескертеміз: сотталғандар құқығының сақталуы оның жауапкерлігіне жатады және ҚАЖКның бұрынғыдай «зэкті есептен шығару матрастан да оңай» деген уәжі енді іске аспайды,  егер де сотталған адам – «қараусыз бейшара» болмаса.

Сізге де, сіздің ұжымыңызға да, соның ішінде – сіздің медицина бойынша орынбасарыңыз ҚАЖКның мамандандырылған дәрігерлік мекемесіне жөнелту үшін сотталған Зенинаға сүйемелдейтін медициналық істі рәсімдеуге бас қатырғысы келмейді.  Сізге де дәрігерлік консилиум ұйымдастырып, тек қана ішті жарып қайта тігуді ғана білетін медиктерді міндеттеуге келгенде қырсығыңыз ұстап жатыр. Сонда да әсіресе ҚР ІІМ ҚАЖК қызметшілері үшін  тағы бір рет мынаны қайталаймыз – бұның бәрі сіздердің тікелей міндеттерің.  Сеніп қойыңыз – сізге тап қазыр шара қолданған оңай, тастай отырғышта отырмас үшін – артынан. «Бұл жағдайдан хабарсызбын» деген — өтпейді. Біз айыптау жағында болуға әрқашан да дайынбыз. Аздап қипақтасаңыз – бәрі де арзанға шығады. Әйтпесе…

Біздің жобамыз бас бостандығынан айырылған белсенді азаматтар мен абақтыдағы жандардың құқығын қолдайды. Қазақстандық белсенді азаматтарға дем береді.

Бас бостандығынан айырылған туыстарыңыз жайында ақпарат жөнелтіңіз. Біздің бағыт – белсенді азаматтарды қолдау мен қамаудағы адам құқығын сүйемелдеу.

Бізбен байланысу оп-оңай: оң жақтағы фото астындағы WhatsApp иконкасын бассаңыз, әпсәтте байланысамыз.  Ниет танытыңыз, материал жөнелтіңіз, видео жіберіңіз, барлық ақпаратшыларға толық кепіл боламыз. Бізге хабар жетсе болды — жәрдемдесеміз.

 

 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.