Қазақстанның белсенді азаматтары тарапынан басты наразылық бұрынғыша сол кісіөлтіргіштен – тоқай президенттен туындауда. Қожайынын ауыстырған малай енді оған дегенбүйрегі бұратынын ғана емес, берілгендігін дәлелдеу үшін өз терісінен де босап шығуға әзір.

Тоқайдың путинмен «келіспейтін» екіжүзділігін айғақтайтын фактілер соңғы кездері бірінен соң бірі көзге түсуде.  8 қазандағы тоқайдың Мәскеуге сапары, мерейгерді 10 қазанда Украинаның быт-шытын шығарып зымыранмен атқылағанына қыңқ етпей құттықтауы, енді міне – қонақжай малай әскери қылмыскер әрі импершіл қанішерді   қарсы алып, 12 қазанда… қожайын өзінің жаңа отарына келіп кетуді шешіпті.

Қазақстан барған сайын солтұстағы көршінің көлеңкесіне батып барады, ал ол көрші өз жерінде зұлымдық империясын орнатқаны мәлім. Осыған орай Қазақстанның белсенді азаматтарына өздерінің азаматтық және саяси құқықтарын сақтау барған сайын күрделі бола түсуде,  тіпті ұсталмай, қамалмай және «экстремизм» айдарын жамылмай, бұлар турасында мәлімдеу мүмкін емес.

Астанаға путиннің келуі ойға келмейтін қауіпсіздік шараларын қамтуда, тіпті қала тұрғындары үйлерінен шықпайтындай және көшеге соншалықты қажеттілік болмаса шығуға болмастай тәртіп орнатылуда. Мектептер болса арақашықтан оқу тәртібіне көшірілген… Сары-көгала гүлдестемен Алматыдағы  Ресей консулдығына наразы кейіп танытқан бірнеше белсенді азамат, қасқағым сәтте полицейлердің қолтығына түсіп, белгісіз бағытқа қарай жөнелтілді.

Бұрынырақта еске түсіргеніміздей, путиннің Украинаға деген  басқын соғысы  көптеген елдерде «қызыл сызыққа» тірелді. Ресеймен арадағы ең ұзақ шекарасы бар Қазақстанда тығыз адами қатынпаспен бірге, өз жерінде қазақтар үш миллиондай орыс диаспорасын жылытып отыр да, әлгі қызыл сызық миллиондаған адамдар арқылы өтуде.

Адам құқығын қорғап келген, кейбір белсенді азаматтар өздерін күтпеген жақтан көрсетіп жатыр. Украина мен Ресейдің бірін таңдауда – олар Ресейді жақтап, өздерінің бұрынғы адами құндылықтарынан алшақ кетіп, өздеріне «толы қоржынды» қалап шыға келуде. Бірақ Ресей – бұл путин, ал путин – ол нағыз зұлымдық. Оны енді өзгерте алмайсың.

Тоқай путиндік импершіл талпынысты «іске асырушы» ретінде, соның ішінде Қазақстанның тәуелсіздігіне де қатысы бар.  Оның путиннің 70 жылдығына сыйлаған малайлық бастамасы — «Қазақстанда орыс тілін дамыту» — бұл әуеде домалаумен бірдей нәрсе, от мемлекетті дамытудан бас тарту және Қазақстанның мемелкеттігінен бас тарту. Бұл қазақ халқына деген сатқындық. Қазырдың өзінде тоқайдың миссиясы  — президент тағында отырып, Қазақстанды егемендік пен тәуелсіздіктен айырып,  «ұлы ресейдің» өңірлік провинциясына айналдыру.

Путинді қолдаушы белсенділерде – далбаса жағдай. Әлгі мойнына айқыш тағып, дамбалшаң жүрген көріністі көзге әкеледі.  «Орыстарды-ресейді-путинді» қолдап бұлар, енді тоқайды да қолдауға мәжбүр.  Оларға енді бұған дейін қарсылық еткен жайттарды қолдауға тура келеді. Себебі тоқайды қолдау арқылы олар саяси қуғындаудың «гүлдестесін» көзайым етулері керек, адам құқығы мен  саяси бостандықты жоюға бағытталған кешенді шараларды қолға алулары керек,жаңа қожайыны тоқайды мәжбүр еткен  өзгеше ойлаудың соңына түсетін «саяси қысымның» барлық қитұрқысын қолға алу қажет болады.

Бүгін мен осындай «бұрынғылардың» бірімен сөйлесе отырып (авт. Владимир Козлов), «Украина өз таңдауын жасады», және Қазақстанда ол басқаша болуы керек дегенді естідім. Украина, путиндік ресеймен соқтығыса отырып, өзінің тәуелсіздігін, жерінің тұтастығын, украин құқығын және демократиялық құндылықтарға деген ұмтылу құқығын да сақтауды таңдады.  Әлгі  тоқай мен путинді, демек оның соғысын да жақтайтын бұрынғы белсендінің уәжі бойынша «Қазақстан қандай жолды таңдағаны?» Біздің елде сонда бұндай жағдайда қандай «бөтен жол» қалды? «Әйтеуір соғыс болмас үшін» нені беруге дайынбыз? Бұрынғы болмай қалған белсенді азаматтарды қандай тағдырдың тәлкегі күтіп тұр екен?

Адам құқығы мен елдің демократиялық жолын жақтаудан бас тартпай қалған азаматтық белсенділер бүгінде бұрынғыдан да мықтырақ қолдау қажеттігі туындады. Кім «тоқаймен бірге болмаса»,  «бейбітшілік үшін» тәуелсіздікпен төлеуге келіспейтіндер, кім де кім ел тарихын масқаралап «путиндік республика» болуға дайын болмаса, оларға әрине оңай болмайды.   Бұндай белсенділер біздің де, сіздің де жақтауыңызға зәру. Олар украин қорғаушылары секілді, майданның алдыңғы шебінде, сол себепті қиын.  Оларды бүгінде қолдаңызшы, ертеңгі күні өзіңіздің «бейтарап» ұстанымыңыз үшін  өкінбес үшін оларды бүгін қолдаңыз…

Біздің жобамыз бас бостандығынан айырылған белсенді азаматтар мен абақтыдағы жандардың құқығын қолдайды. Қазақстандық белсенді азаматтарға дем береді.

Бас бостандығынан айырылған туыстарыңыз жайында ақпарат жөнелтіңіз. Біздің бағыт – белсенді азаматтарды қолдау мен қамаудағы адам құқығын сүйемелдеу.

Бізбен байланысу оп-оңай: оң жақтағы фото астындағы WhatsApp иконкасын бассаңыз, әпсәтте байланысамыз.  Ниет танытыңыз, материал жөнелтіңіз, видео жіберіңіз, барлық ақпаратшыларға толық кепіл боламыз. Бізге хабар жетсе болды — жәрдемдесеміз.

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.