«Ерте» мен «кештің» арасы  — қасқағым

 

Кісіөлтіргіш-президент тоқайдың үкіметінің ұстанымы «солтүстіктегі қашқындар» ахуалында да адам құқығын бұзудың жаңаша желеуін көрсетуде, әсіресе ол қазақстандық белсенді азаматтарға қатысты.

 

4 қазанда Павлодар соты әкімшілік ереже бұзу бойынша блогер Диас Құзайыровты «ұсақ бұзақылығы» үшін қамауға алу жөнінде қаулы шығарды. Ал шын мәнінде полиция оны Павлодарға келген ресейліктерге «Қырым кімдікі?» деп  «арандату сұрақтарын қойғаны» үшін  кінәлаған еді.

 

Белсенді азамат, блогер Диас Құзайыров Қазақстан билігінің істеуге тиісті міндетін атқарды, егер де бұл билік елдің нағыз тәуелсіздігін қорғауға қамқор болуға  және жоғарғы түрлі деңгейлерде Қазақстанның жеріне көз алартып, ресейліктердің алуан мәлімдемесін азайтуға ұмтылса, бұны Қазақ билігі істеуі керек еді.  

 

Бұндай айыптау риторикасының немен бітетінін жақсы білетін Грузия, өз шекарасында үркек тобырды жеке ұстанымдарын Грузияға қатысты айтқызып, ресми құжат толтыруға және де қандай да бір дұшпандық қылық атқармауға міндеттеме жаздырып,қайда келгенін мойындауға  мәжбүр еткені белгілі.

 

Бұл құжат грузиндерге жазбаша міндеттемесін бұзған жағдайда бас қатырмастан, ырғалып-жырғалмастан бұзақыны елден шығаруға мүмкіндік беретіні белгілі. Елдің тәуелсіздігін сақтау мен  жағдайды бұзудың алдын алу шаралары дегеніміз де осы.

 

Тоқайдың үкіметі, ресейлік саяси тараптың Қазақстанның егемендігіне қатысты ашық агрессиялық ұстанымы бола тұра, өз жерінде үш миллиондай орыс болса да, шындығында олар әйтеуір көп, бірақ саны нақты емес, олардың бірқатарының ашықтан ашық ресейлік азаматтығы бола тұра,  және олар «қырым сценарийін» күтіп жүргендер бола тұра… мына үкімет шекараны ашып жіберді де ондаған,тіпті жүз мыңдаған ресейліктерді бақылаусыз, ең болмаса көзқарастарын да байқамастан елге лап бергізді, бетімен жіберді…

 

Елдің белсенді азаматтары «Қырым кімдікі?» деген сауалға берілетін жауаптың «Орал,Павлодар,Қостанай кімдікі?» дегенге берілетін жауап екенін түсіне тұра, биліктің орнына Қазақстан егемендігін күзету міндетін атқарғаны анық. Міне, осылайша кісіөлтіргіш-президент тоқай өзін қаңтар айында Қазақстанды билеуге қойған путиннің мүддесі мен соның режимінің пайдасына әрекет етуді жалғастыруда.   

 

Әлгі сот қаулысының мәтінінен бір үзік: «…27 қыркүйекте сағат 13:00 шамасында  Павлодар қаласында Құзайров Д.К., мейрамхана жанындағы қоғамдық орында болып… Даримова Г.Н. түскіасқа шақырған ресейлік мейрамхана қонақтарына тиісті. Бұл әрекетімен ол саяси мазмұндағы арандату сұрағын қойып, олардың атына жағымсыз сөз айтты… оларды видеоға түсіріп және YouTube арнасында сансыз көрермендерге тікелей көрініс таратты,осылайша қоғамдық тәртіп пен жекелеген адамдардың мазасын алды, ұсақ бұзақылық жасады…». 

 

Қазақстанның белсенді азаматтарына деген жаңа сынақ ашық жүруде. Украинаға басып кірген жендет путин, өзінің малайларына, соның ішінде кісіөлтіргіш тоқаевқа таңдауын анықтауға мәжбүр етіп отыр. Егер де оның сөздеріне мән бермей, қылықтарына,істеріне назар аударсаң, адам құқығынна қатысты жағдайдың қаншалықты өзгеріп жатқанын, саяси соттау мен сотталғандардың саны азайды ма, жоқ па,  олардың ішінде көпшілігі – азаматтық белсенділер, бейбіт наразылыққа шыққан қатысушылармен жай ғана белсенді азаматтық ұстанымы бар жандар екеніне көз жетеді – осылайша кісіөлтіргіш-президент тоқайдың  қалай қарай қисайып бара жатқаны байқалады: ахуал шиеленісе түсуде.   

 

Қазақстанның белсенді азаматтарына бүткіл қоғамның қамқорлығы қажет. Не болып жатқанын ұғатын адамдардан көмек керек, ең болмаса өз ұғымыңды мәлім етіп, өз ұстанымыңды көрсетіп, алға шыққандарға еру ғана үлкен жәрдем болар еді. Белсенді азаматтарға деген кез келген жәрдем бола береді.  

 

Елдің тәуелсіздігі  – мызғымайтын ұстаным емес. Бізге қарап тістенген солтұстағы көрші Қазақстанның тәуелсіздігіне деген тікелей қатер болып отыр. Бұндай ахуалда «ерте» мен «кеш» арасы мейлінше жұқа және де уақытта да, кеңісте де сондай үлбіреп тұр… «Ерте» жатуға болады, ал оянғанда мүлдем «кеш» болуы кәдік…  

 

Қазақстанның белсенді азаматтары қазыр полицей қысымын тек қана кісіөлтіргіш-президент тоқайға өздерінің құқықтары турасында еске салғанда – өз жеріне бетің бар, жүзің бар демей, зұлымдық жасалып жатқан елден лап қойған кімдер және неге келіп жатқаны турасында сұрастырғанда ғана бастан өткеріп жатқан жоқ. Және де осы Зұлымдықтың аумағына енбесең болмаса жақтаспасаң,  онда – сіздің ойыңызды ашық айтуға именбейтіндерге ерген жөн. Еліміздің белсенді азаматтарын қолдаңыз.

 

Біздің жобамыз бас бостандығынан айырылған белсенді азаматтар мен абақтыдағы жандардың құқығын қолдайды. Қазақстандық белсенді азаматтарға дем береді.

Бас бостандығынан айырылған туыстарыңыз жайында ақпарат жөнелтіңіз. Біздің бағыт – белсенді азаматтарды қолдау мен қамаудағы адам құқығын сүйемелдеу.

Бізбен байланысу оп-оңай: оң жақтағы фото астындағы WhatsApp иконкасын бассаңыз, әпсәтте байланысамыз.  Ниет танытыңыз, материал жөнелтіңіз, видео жіберіңіз, барлық ақпаратшыларға толық кепіл боламыз. Бізге хабар жетсе болды — жәрдемдесеміз.

.

 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.