Украинадағы қанды оқиғаның өршуі мен Қазақстанның азаматтық қоғамы өзіне көршілестікпен барған сайын жаңадан қалыптастыратын көзқарасты сіңістіру үстінде, бұның әсіресе белсенді азаматтарға деген ерекше әсері бар нәрсе.

Путиндік Ресейдің арсыз агрессиясы 2022 жылдың 24 ақпанынан бері ылғи да жаңа «себептерді» ойлап табуды жалғастырумен келеді. Украинаны деұлшылдандыру мен деқаруландыру – енді өткен шаққа қалды, өйткені соның қалқасында қазыр болып жатқан оқиғаның өзіне «орыс әлемі» жақтастарының өзі сүйсінбейтін жағдай орнады. «Орыстілді Украинаны құтқару» дейд – сол жерде орыстілді Харков пен Мариуполды жойғылап алып… Путиндік опаланған «косметикадан» соң бәрі де барынша айқын  көрініп, айуандалған реваншистің тістенген түрі көз алдыңа келеді, «Ұлы Ресейді» басқара жүріп, әлгі «жаңа КСРОға» қол созған бейнесі… Міне бұл  – оның бүлдіріп жатқан сұмдығының жалғыз себебі ғана.

Ресейлік «қашқын-дезертирлердің» лап еткен «екінші толқыны» белсенді азаматтар үшін нағыз жаңа шынайы ғұмырды қалыптастырып жатыр. Оны әбден жан-жақты ойлап, ұғып, сосын өз ұстанымыңды түзу қажет. Тіпті кремлшіл мақтабастардың әлеуеті де, Украинадағы соғысқа дейін көлбеңдеген нью-нацистік автокөлік әйнектеріндегі, әлеужелілердегі постардағы «иректермен» өрнектеліп барынша қуатты көрінген әлеуеті; диванда отырып алып, «зигтенген», бірақ нағыз майданда өлгісі келмейтіндерден құралған жаңа «түсімдер»   —  бұлардың бәрі енді бұл ахуалды жақсарта қоймас.

Әдеттегідей тоқай өкіметі қоғамға керек шешімдер қабылдау мен әрекеттенудің орнына, ұлттық қауіпсіздіктің шынайы ахуалы мен қатерін ескермейтін жалпыадамзаттық кісілік тақырыбына арналған бұлдыраған мәлімдемемін құтылады, бұның ешкімге байқалмайтынын да біле тұра істейді.  Бұндай әрекетсіздік ең алдымен путинге керек екені түсінікті; кісі өлтіргіш-президент тоқайдан басқа ештеңені де күтудің қажеті жоқ.

24 ақпаннан кейінгі байқаған жеке тәжірибем (автор – Владимир Козлов), өкініштісі сол, бұл адамға жігер дарытпайтын нәрсе. Көпшілігімен тығыз араласқан кейбір құқыққорғаушылар мен белсенді азаматтар  Украинадағы соғысқа қатысты соншалықты «путиншіл» болып шықты да, одан әрі олармен араласудың мәні қалмады. Бұл «рубикон» басқа «жіктегіштерден» гөрі (ұлт,тіл дін), қоғамды жалпыадамзаттық құндылықтарды қабылдауға, оларды сақтау жолында азап шегуге дайын, құрбан етушілерді бөлектейді – бұның бәрін құртуға ұмтылған адамЕместер өздерінше сол үшін қысым етіп, бұйырып, басқаруға кіріседі… өздерінің түріне айнаға қарамастан жынығуда.

Қазақстанның азаматтық қоғамы Солтұстан ағылған  дезертирлердің тасқынының кесірінен тағы да кезекті рет  қақ жарылуда. Бұл жайттар қоғамның наразы сегменті – белсенді азаматтар тобына да қатысты. Бұл әлеужелілердегі постар мен коменттерден көрініп  тұр.

Қазақстанның белсенді азаматтарына бұған қатысты өз ұстанымдарын көрсетуден қашу мүмкін емес, өйткені «бұған дейінгі» белсенді азаматтарды бөлетін себептер, белгілер мен аргументтерден гөрі, жалпыадамзаттық әлеует елдің егемендігін сақтау үшін маңызды, бұл топ «солтұстан жорғалаған шовинистік экспансияға» қарсы шыға алатын бірден бір қабылетті сегмент.

Сонымен бірге бұл «рубикон», өзінің жаһандық жалпыадамзатық мәніне қарағанда, Қазақстанның азаматтық белсенімін қақ жарудан гөрі, біріктіруге себі тиеді.  Себебі адамзат үшін көршілестік пен реваншизмнен толық бас тартудан, мемлекетаралық әскери зорлықты қолданудан, Заң күшін Күш заңымен алмастырудан бас тартудан басқа даму жолы жоқ.  Қалған басқа біздің айырмаларымыз әлгі сұмдық қатердің алдында – түкке тұрғысыз, себебі олар алуан адамдар қауымы мен түрлі пікір үшін барынша табиғи нәрсе. Бұлар Құқық пен Заң қан шеңгелдеген кісі өлтіргіштердің ауызындағыдай  бос сөз емес елдердің парламенттерінде талқылап және өз шешімдерін тауып жататын қоғамның нағыз саймандары.  

Бізге «күш заңын» тықпалайтын бізбен бірге еместерден аулақ болған абзал. Олардан аулақ кетіп, бірлесуге тиіспіз. Біз – көппіз. Біріксек – ешкімге әл бермейтін ұлы күшпіз. Өйткені біз — адамбыз.

Біздің жобамыз бас бостандығынан айырылған белсенді азаматтар мен абақтыдағы жандардың құқығын қолдайды. Қазақстандық белсенді азаматтарға дем береді.

Бас бостандығынан айырылған туыстарыңыз жайында ақпарат жөнелтіңіз. Біздің бағыт – белсенді азаматтарды қолдау мен қамаудағы адам құқығын сүйемелдеу.

Бізбен байланысу оп-оңай: оң жақтағы фото астындағы WhatsApp иконкасын бассаңыз, әпсәтте байланысамыз.  Ниет танытыңыз, материал жөнелтіңіз, видео жіберіңіз, барлық ақпаратшыларға толық кепіл боламыз. Бізге хабар жетсе болды — жәрдемдесеміз.

 

 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.