«Крыйтка». Бұл сөз сотталғандардың ауызынан соншалықты тұнжыраңқы шығады. Бұл сөз негізі УК 161/12 мекемесіне қатысты айтылады. Қара жамылған әйгілі «крыйтка». Арқалық.

Бұнда «өмірбойғыларды» ұстайды. Режим  — соған сәйкес. Бұған басқа да сотталғандарды, әсіресе, ҚАЖКның полициялары істеген шектен шыққан сұмдықтарына қарсы шыққандарды, өзін қорғаған, сотталғандар құқығын қорғап «соқтыққандарды» жөнелтеді. Бұндай құқық ҚАКта (қылмыстық-атқару кодексте) әдемі жазылған. Бірақ – қағаз жүзінде ғана.

 «Шырқайналдыру» (мерзімді үстемелеу) секілді ҚАЖК оперлері «Крыйткамен» сотталғандарды қорқытып-үркітеді. Олардың ар-намысқа, денсаулыққа,өмірге деген  құқықтарына пысқырмастан жаншып тастайтын әдістері. Қорқытып қана қоймайды — істейді де. Және де «шырқайналдырады» да, «крыйткаға» апарып салады». «Крыйткада» қамалатын ең аз мерзім — 6 ай. Әдетте оған деген жүріс: шектен шығу – шектен шығу – шектен шығу … соқтығасың… «жуғы» (қалтаға – сақалқырғыш не симка салады болмаса одан әрі – ДИЗОға жібереді… сен ол жерде жатқанда – комиссия,  қылықтың үшінші дәрежелі теріс бағасы беріліп, ҚҰЖға (қатаң ұстау жағдайы) аудару туралы шешім шығады, ол дегенің — ҚБР (қатаңдатылған барак режимі))… соқтықсаң… «жуғы» болмаса матрастан табылған симка  … ҚҰЖға жіберіп сазай тартқызу… сот… «крыйткаға»  жарты-бір жыл мерзім… сосын шығарады…

Бұдан басқа «крыйтка» — бұл енді әкімшіліктің мүлдем ашық әрі бетімен кеткен шектен шыққан сұмдығы. Бұған ешқашан да құқық қорғаушылар жоламайды.  Келгенде де одан ештеңе өзгермейді. Осылайша талай онжылдықтар өтуде.  

Осында Алматы облысының абақтысынан сотталған  Мақсат Төлебековты әкелді.  Оны әкелген себебі, ол сотталған Ұшқын Рахметуллаевтың өлімін тергеген еді, ал онымен соңғы рет болған — суға батпас, отқа жанбас, опер Серікбол Бақтияров болатын. Оны «соқтыққаны» үшін алып келген. (https://www.facebook.com/108893537462187/posts/279843260367213/?d=n)

Ол Ұшқынмен «қарым-қатынас жасағанда», басқа сотталғандар ұрып-соғудан шыққан шыңғырған дауысты естіген. Опер кеткенде – соттаулы  Рахматуллаевты асулы күйінде тапты. Сол күні оның өзіне өзі қол жұмсағандығы «анықталды». Сотталған Төлебеков тергеу талап етті – енді міне ол Арқалықтың «крыйткасында». Тәртіп бөлімінің бастығы Серікбол Бақтияров, оның уәжі бойынша, Ұшқын Рахметоллаевтың өліміне себепкер сөз жоқ – Жамбыл облысындағы абақты бастығының орынбасары.

Мақсат Төлебековті «крыйткаға» әкелген бойда, түберкүлез сырқаты анықталды. Әкімшіліктің стандарт әрекет рәсімі, осындай жағдайларда заңмен тікелей көрсетілген  – түберкүлездің оқшаулау орынжайы, құжат рәсімдеу мен «тубабақтыға» жөнелту, түберкүлезбен емдеуге маманданған ҚАЖКның медициналық мекемесін анықтау нұсқау бойынша бәрі бар. Өз басым да «үштікте» (авт. – Владимир Козлов), ЕС 164/3, болғанмын және біздің барак тубоқшауханамен қатарлас болған. Бұл орынжай ылғи да бос тұратын, өйткені науқастарды ылғи да алып кетіп тұрды; туберкулез – жиі өлімге апаратын аса ауыр сырқат және де айналасына барынша қатерлі

 Арқалық «крыйткасында» олай емес. Екі түберкүлез науқастың бірі Мақсат Төлебеков, басқа сотталғандармен бірге кәдімгі камерада жатыр. Камералар дымқыл,сыз, қабырғалары көктеген, саңырауқұлақ шыққан  – бұның бәрі өкпе ауруының өршуіне деген нағыз таптырмас жағдай. Шектен шыққан мекеме әкімшілігіне берген шағым, түрменің жаналғышханаға айналдырғасын – ешқайда қабырғадан шықпайды. Соқтықсаң болды – сол жерде, сол камераға талдырып тастайды. Бұл жерге келетін құқыққорғаушылар не ештеңені «көрмейді», не ештеңе жазбайды, не өздерінің міндеттерін ұқпайды. Қалай болғанда да – бәрі сол күйінде ондаған жылдар бойы  қалып жатыр. Жергілікті қадағалаушы прокуратура – нөл. Мәре.

Сотталған Бақтияр Ильяхунов үш күн бұрын ғана «крыйткадан» босап шықты. Ол өзімен бірге Мақсат Төлебековтың жазбаша арызын алып шығудың сәтін түсіріпті. Одан басқа онда өзінің жеке тарихы тағы бар – денесінен алынбаған «бөгде нәрсе» әлі жүр. Оны ол ҚАЖКның айуандығына қарсылық етіп жұтқан еді… төмпештеушілер оның да қабырғасын сындырғаны бар…

Бақтияр Ильяхунов енді сонда қалғандарға көмектескісі келеді. Ол өткен сенбіде прокуратураға барған, бірақ кезекші прокурор оның құжатын қабылдау мен қол қоюдан бас тартыпты да, «поштамен жөнелтуге» кеңес беріпті… Ол енді сол поштада жоғалуға арналған нұсқа. Бұндай жерден аман жеткен қағаздың құны аса қымбат. Мәселенің құны – дымқыл да сыз «крыйтка» камераларындағы дәрігерлік көмектен тыс қалған  адамдардың өмірімен өлшенеді…

Мақсат Төлебековке тез арада тубабақтыға аттану керек.  Оның денсаулығы  – өмірге деген тұп-тура қатер. Дәл осындай жағдай соттаулы Руслан Қожамқұловқа да төніп тұр, оның да арызын Бақтияр Ильяхуновтың дүниелерімен бірге алып шығудың сәті түсіпті. Жөнелтуден, осындай сырқатқа  медициналық жәрдем етуден бас тарту деген  – нағыз азаптау мен кісінің өміріне қауіп туғызу, бұл дегенің – ұзақ мерзімге татитын ҚАЖК қызметшілерінің қасақана тобы істеп отырған қылмыстың өзі.

ҚР ІІМ ҚАЖК – полицияның орасан қылмыстық тобы, олардың әрекеті туралы тек қана нағыз құқыққорғау қауымдастығы іске кіріскенде ғана білетін боламыз.  «Президенттің» омбудсмені погонды кісі өлтірушілерге «шаңырақ» болмаса және құқыққорғаушылардың ізіне түспесе, сол әділдік орнайды. Жолды жүрген жеңеді. Біз байланыстамыз. Біз жолдамыз. Одан тайқымаймыз да.

Біздің жобамыз бас бостандығынан айырылған белсенді азаматтар мен абақтыдағы жандардың құқығын қолдайды.

Бас бостандығынан айырылған туыстарыңыз жайында ақпарат жөнелтіңіз. Біздің бағыт – белсенді азаматтарды қолдау мен қамаудағы адам құқығын сүйемелдеу.

Бізбен байланысу оп-оңай: оң жақтағы фото астындағы WhatsApp иконкасын бассаңыз, әпсәтте байланысамыз.  Ниет танытыңыз, материал жөнелтіңіз, видео жіберіңіз, барлық ақпаратшыларға толық кепіл боламыз. Бізге хабар жетсе болды — жәрдемдесеміз.

 

 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.