Біз одан әрі соттаулы мүгедек Вахид Ниязтаевтың айналасына ҚР ІІМ ҚАЖК қызметкерлері «жинап-теріп» жатқан ахуал турасында материалдарды жариялай береміз.  Еске салайық(https://www.facebook.com/108893537462187/posts/pfbid0GFUbUsAf6DrGaCfiq88g5DrY9ym6nKtcZXXAcZgnwmKcwhBJ31Y7D7ghGWwNvmG9l/?d=n): соттаулы Ниязтаев басқа сотталғандардың сыртынан сөз тасудан бас тартып, сол үшін ұрып-соғылған болатын. Ол өз құқығын қорғай бастағанда, оны басқа абақтыға ауыстырған, ол жерде тағы ұрып-соғу жалғасты, содан ол амалсыздан өзіне қол жұмсап, дене мүшесін зақымдауға барды, сосын аурухана, естен айырылу, тағы да ШИЗО…

https://www.facebook.com/108893537462187/posts/pfbid02GGTYTU4U1cW1vbBBQd9sQstAJcydkdq4MPMqLiQmbbEE3GR2SPa2SFrVPVwaXuHpl/?d=n: Ниязтаевты басқа абақтыда шаруасын «бітіріп» қатаң жағдайда ұстаудағы жалғыз орынды қапасқа қамаған …6 айға… Оның үстіне оған 18 шілдеде гидроторакс дерткөзі анықталған еді , гидроторакс – өкпеге көп мөлшердегі сұйық жиналған деген сөз, бұның бәрі ұзақ уақыт таяқ жеп, бірнеше рет ұрылғандықтан және бауыр мен ішкі ағзаларына залал келтіргеннен болған дерт.

Соттаулы Ниязтаевқа қарсы оны қинаудың бастамашысы Түркістан облысы бойынша ҚАЖД бастығының орынбасары  Фархад Исакбаев та көмектесе алмады, көп ұзамай ол пара алу фактысы бойынша ұсталды; бұл ҚАЖК қызметкерлері үшін соншалықты дәстүрлі, қанға сіңген қылмыс болса да, оны жоюға «ар-намыс» погонының үлкендігіне қарай «құқық қорғаушылардың» арнайы тарифы бар… ҚАЖК – ІІМ-дегі «қырыққабатты» тілгілейтін басты цех  екені мәлім… Сондай бюджет тұрғанда, неге бөліспеске…

Жаңа ғана біз Вахид Ниязтаевқа шұғыл ота жасалғандығы туралы ақпарат алдық, өйткені өкпесі әбден сұйыққа толып кеткен ол, тыныс алудан қала бастаған еді. Ота нәтижесінде оның бұған қоса түберкүлез ауруына шалдыққаны анықталды…

Қазыр енді оны шұғыл түрде «46-мен» құтылыпты. АК 159/11 мекемесі ескіше, 33 мекеме – жаңаша аталады; бұған дейін ҚАЖК  бюджетті кезекті рет бөлісуден алшақ тұра алмағанын жазғанбыз, сөйткен кезде мекемелердің де атауын өзгертуді қолға алған…

Бұл Қазақстандағы аты мәлім «түбераймақ», «қызыл абақты», бұнда «ешкілер» патшалығы бар – олар заңсыз туған «әкімшілік көмекшілері», сотталғандардың ішіндегі «өңдері мен терілерін ауыстырғандар», олар әдетте – аса ауыр және «айуандық» қылмыс жасағандар болып келеді; бұндай «қызметшілерге» басқа кім көмектессін…

Бұл жерде Вахид Ниязтаевқа ешқандай қауіпсіздік қамтылмайтыны түсінікті. Бұндағы «қызыл режимге» тағы «медициналық қайшылықтар» қосылады.  Нәтижесінде соттаулы Ниязтаев ешбір жәрдемсіз  – құқықтық және  медициналық назардан тыс қалмақ.  

Ол ҚАЖКның қасақана әрекеттерінің ауыр кесіріне тап болмақ. Бұл үшін біз сотталған Вахид Ниязтаевқа, ҚАЖК қызметшілеріне қарсы нақты куәлермен қарсы шығып және сотта қажетті айғақтарды ұсынуға әзірміз.

ҚАЖКдағы жаппай жемқорлықты еске ала отырып, біз өзіміздің қолымызда бар тағы бір материал турасында да еске саламыз. Бұл материал ІІМ-ҚАЖК-дағы жаппай жемқорлықтың көрінісі ретінде осы ведомостваның бір мекемесі туралы.

Тап қазыр Жамбыл облысы СИЗОсында соттаулы Асхат Сұлтанбеков апелляциялық сотты күтіп отыр. Әдетте біз өз жұмысымызда тергеу мен сот істерін алмаймыз, бұлар қорғаушылардың міндеті. Бірақ Асхат – қазырде соттаулы адам, ал оның ісі бізге түскен материалдарға қарағанда – басынан-ақ бұрмаланған. Бізде тергеу кезінде тергеушілердің (олардың үшеуінің де аты-жөндері мәлім) қоқан-лоққы жасағаны туралы дәлел бар – және де Асхат Сұлтанбековтің туыстарын тек қана қорғаушылар ретінде материалға жақындатқаны үшін ақша алған! –  қолымызда жазысқандарының скриндері, ақша алу кезіндегі видеожазбалары бар.

Біз өзіміздің тергеу жұмысымыздың егжейлерін қазыр аша бермейміз, бірақ өте көп полиция қызметшілерінің жемқорлық қылмыстарына қатысты айғақтар қолымызда.

Соттаулы Сұлтанбеков СИЗОда бір жылдан аса уақыттан бері 2021 жылдың маусымынан қамауда. Бұл уақыт ішінде оның жақындарын полиция қызметшілері оның айыпты емес ісіне қатысты ахуалды шешу жолында  қоқан-лоққы жасап келеді; бұл тіпті үкімнің мәтінінен де көрініп тұр. Соған қарамастан бұл үкімнің  11 жыл да 11 айы бар…  Оның үйінде – төрт баласы мен зайыбы қалды…

Біз Асхаттың туыстарымен байланыстамыз. Олармен бірге апелляциялық сот пен істің шешімін күтудеміз.  

Біздің жобамыз бас бостандығынан айырылған белсенді азаматтар мен абақтыдағы жандардың құқығын қолдайды.

Бас бостандығынан айырылған туыстарыңыз жайында ақпарат жөнелтіңіз. Біздің бағыт – белсенді азаматтарды қолдау мен қамаудағы адам құқығын сүйемелдеу.

Бізбен байланысу оп-оңай: оң жақтағы фото астындағы WhatsApp иконкасын бассаңыз, әпсәтте байланысамыз.  Ниет танытыңыз, материал жөнелтіңіз, видео жіберіңіз, барлық ақпаратшыларға толық кепіл боламыз. Бізге хабар жетсе болды — жәрдемдесеміз.

 

 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.