Қаңтар 2022. Бұл қос дата енді тарихтан өшпес. Бірақ бұл жайында айтылып жатқан сөз тым аз. Іс керек, әрекет керек, қоғамның бұған назары керек, соның ішінде бұл «мен саясаттан тыспен» деушілерге қажет.

Қазақстан билігі бұрынғыдай халықшыл емес. Қартаюдан алжыған әрі асқынған, диктатор рефлексі әбден сіңген, сол тақта сенімді малай отыр; арнайы «оның сенімді малайы» деп отырған жоқпын,  өйткені олай емес. Тоқаев – әрбір қожайынға сенімді малай. Бұл оның ұстанымы. Бұл оның мәртебесі. Оның тағдыры.  

Назарбаев тоқаевты соның атымен бостандық пен өзгеше ойлауды құрту үшін пайдаланды. Қазыр 2022 жылғы қаңтардан бастап, оны путин пайдаланып отыр.  Тоқаев – қылмыскер, өз халқын қырушы. Жұрттың көзінше адам атуға бұйрық берген ол бұл үшін жауап беруі тиіс. Ол өзінің малай билігі құлаған күні-ақ сол үшін жауап береді.  

Бостандық пен өзгеше ойлау мен оларды «жұқтырушыны»  құрту, авторитарлық және диктаторлық режимдерде үзілмейтін үдеріс. Диктатордың өзі қартайған сайын, керісінше оның күштік «тіреуіштері» күшейе түседі: «құқық кұзетуші» деген құрылымдардың бәрі де жазалаушы жасақтарға айналады. Бұл жағынан алғанда тоқаев жарылған декорацияны «ботокспен» жаңғыртқан адам, және де саяси жүйе өзгермейінше өзгере алмайтын бағытты жалғастырушы. Басқаша секілді көрінетін «реформа» дегеннің бәрі де, басқасы да –  ашықтан ашық өтіріктің өзі, болмаса жан-жаққа алаңдату үшін тарайтын өтіріктің тарамдары, ықтимал қатерді пышырату үшін жасалған, ол қатер табиғи түрде уақыт өткен сайын ірілене түседі..

Осыдан келіп қуғындалмайтын тұлғалар құратын қуғындалмайтын «жаңа саяси партияларды» құру бастамасы шығады; билік қазыр тіркейтін кез келген саяси партия оппозициялық емес. Осы кезеңде «туған» нәрсенің бәрі, осы уақытты билейтін диктаторлар мен малайлардың қолынан туады.

Қазақстанның наразы азаматтық қоғамы 2022 жылғы қаңтардан кейін уақыттың жаңа сынағына ұшырасты. Путиндік-тоқаевтық режим, өзінің объективтік жағдайына қарай, Қазақстанда құқық пен бостандықты және де бұларды еске салатын нәрсенің бәрін де барынша тұншықтыратын режимді орнықтыруға ұмтылады. Өзгеше ойлаудың бәрі де түп-тұқиянымен қауіп деген көзқарас орнығады. Және де осы ұғымға ол РФ заңдамасының барлық заңдарын келтіріп қойды – атап айтқанда, «кетпей қалғандардан» әлі де ар мен абыройларын сақтап қалған Ресейде соңғы үлкен тұлғаларды қамау жүзеге асуда. РФ қоғамы айналасының бәріне жауыққан отарлық қатыгездікке айналуда, бұлардың ішінен нағыздары тобырға қосылып, басқа жердегі жеккөрінішті «басқаларды» құрту үшін және өзі де сол жерде сілесі қату үшін кетуде…  

Қазақстанға қазырдың өзінде бір миллионнан астам ресейліктер келді, олар өздерін «орыстармыз» деуді жалғастырып жатыр,  бұл сөз бүгінгі заманда әбден жағымсыз әрі ұят шақырар болса да, айылдарын жияр емес. Бұл миллион, қазақ тілі мен қазақтарға жек көре қарауды қоймайтын, бұрыннан бар «қазақстандық» үш миллион «орысты» толықтыруда… Бұлар «қырымға келушілерді» асыға күтіп жүргендер, олар Оралдан Қызылжарға дейінгі аумақта. Олар ауыздарын ашып «вовағакөмектес!» деген пәрмен беруге әзір.

Азаматтық белсенділер бұл жаңа жарылысты кездестіргенде олардың монолиттей тұтас екенін ұғулары керек. Олар өздерінің «жалпыұлттық орыzz идеясымен» әбден ауызданып біріккені қаншалықты болса, қазақтардың (барша ұлыстардың) ежегей құрттай шашырағаны соншалықты. Және де бірнеше миллион қазақ тәуелсіздігінің дұшпандары «вовағайдыңәскері» тірек болғанда, шашыраған ұлттық батырлардың жеңілісі алдын ала мәлім. Бұны ұқпау – мүмкін емес. Бұны өзгертуге ештеңе істемеу деген – енді…

 Украинада ұлттық идея бірнеше сөздермен өрнектеледі: украин деген — кім де кім Украинаны сүйсе сол.Бітті. Сол жетеді. Сондықтан да қазыр путиннің орктарына қарсы барлық ұлттың өкілдері бірігіп өлуде әрі жеңімпаз болуда. Соның ішінде қазақтар да бар. Олар осы елде жау ретінде жария болғандар.  Осы үшін.

Қазақстанның тағдыры – кім елде қалды және Қазақстанды жақсы көреді, тәуелсіз ел болып, туы жығылмағанын қаласа, сол үшін өлуге дайын болса, Қазақстанның тағдыры солардың қолында. @finprom_kz сарапшыларының мәліметіне қарағанда, ҚР әзірге  Ортаңғы Азиядағы ең наразы ел; 59% барлық наразы шараның бәрі біздің елде өтеді екен. Соған қарамастан, бейбіт наразылыққа қарсы биліктің ең жоғарғы қарсыласу деңгейі аталып отыр…

Қаңтар 2022 – жаңа жағаға қарай серпілетін меже. Бұл барлық оқиғаларға деген бағаның датасы, оқиғасы, бұл жалпыұлттық идеяны жасақтаудың басы бола алады, соған жұмылудың басы болады. Бұл мүмкіндікті текке жіберуге болмайды.

Дәл қазыр билік азаматтық қоғамның наразы алаңын түпкілікті «тазартқысы» келіп жатыр. Дәл қазыр қаңтар оқиғасына қатысушыларды соттау басталды; ҰҚКның  арандатушылары мен оған жақтасқан тонаушылар мүлдем аз, негізінен азаматтық белсенділер қудалауға ұшырауда. Міне осыларға дәл қазыр ең алдымен көмек керек. Дәл қазыр осылардың қатарына барып тұру қажеттігі бар. Қазақстанда дәл қазыр ортақ дұшпан бар – қауіпті, арамза, өтірікші, құрту мен қыруға әзір жау. Бұл дұшпан – путиндік Ресей және оның тілегі — бәрін де бір желіге тізіп қою, баяғы «ағаша» басқару…

Украинаның путиндік орктарды жеңуі – ешбір талқыланбайтын сұрақ, оның мәртебесі «болмай қоймайды». Бірақ бұл – бірнеше үдерісті құрайтын мәселелерден тұрады, олар уақытқа тәуелді. Бұл дегенің украиндар путиндік орктардың жұлынын үзгенше күту деген сөз емес,  олар путиннің барлық көршілерді құл ету жоспарын быт-шыт етеді.  Украинаға уақыт ұтуға көмек керек: пүліш орктарға Қазақстанды фашистік Ресейдің донорлық шылау етуге мүмкіндік бермеу қажет. Жығу үшін – күрес керек, ал күрескенде  — тек қана бірігу қажет.

Елдегі азаматтық қоғамның, белсенді азаматтардың бірегей болу мүмкіндігі тек қазыр ғана. Басты жауға қарсы жұмылу ғана. Біріккендер – жеңілмейді. Украинадағыдай.

Біздің KURESKER аталатын жобамыз бас бостандығынан айырылған белсенді азаматтар мен абақтыдағы жандардың құқығын қолдайды.

Бас бостандығынан айырылған туыстарыңыз жайында ақпарат жөнелтіңіз. Біздің бағыт – белсенді азаматтарды қолдау мен қамаудағы адам құқығын сүйемелдеу.

Бізбен байланысу оп-оңай: оң жақтағы фото астындағы WhatsApp иконкасын бассаңыз, әпсәтте байланысамыз.  Ниет танытыңыз, материал жөнелтіңіз, видео жіберіңіз, барлық ақпаратшыларға толық кепіл боламыз. Бізге хабар жетсе болды — жәрдемдесеміз.

 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.