Соңғы тақырыптарымыздың бәрі де ұзақ уақытты қамтып келе жатқан тақырыпқа арналып отыр. УАТ пен ҚБК жұмыстарына қатысты наразылық  болып келеді, бола бермек, өйткені бұл ұйымдар заңдама бойынша ҚР ІІМ ҚАЖК мен сотталғандар арасындағы қарым-қатынасты анықтайды; тек қана осылар УАТ пен ҚБК ғана, ҚАЖКның жабық мекемелеріндегі адамдардың құқықтарына мониторинг жасау үшін кіруге қақылары бар. Өз міндеттерін шынайы атқарудан өз беттерімен жылыстағанда, көрнекілікпен шектелгенде, ишарамен алдаусыратқанда, одан қор болатын сол қамаудағы адамдар.

Бұндай жағдай үшін тікелей жауапкерлік президент жанындағы адам құқығы жөніндегі  омбудсменнің мойнында. ҚБК мен ҰАТ үшін басшылық кадрлары осы жерден іріктеледі және де бұл басты міндетке қатысты бойұсыну талабына бағындырылған: нағыз ахуал туралы ақпараттың жайылып кетуіне жол бермеу. Сол себептен де ҚБК мен ҰАТ  ішінен өз міндеттеріне ұқыпты – сотталғандар құқығын ҚАЖК тарапынан сақталуын қамтамасыз ету, барынша адал да әділ атқаруды ұғатын кісілер шеттетіледі.

Осындай ахуал туралы біз алдыңғы жарияламдарымызда әңгімелегенбіз https://www.facebook.com/108893537462187/posts/pfbid0VykLQ8W4LAmhaQF9RVWJ9VkTxDruKNY7C9dTsLodTjPDakQSvqTD7niDjmPjUJJ6l/?d=n. Қысқасы мынау – ҚБК мен ҰАТ-тың төрт мүшесі өз жетекшісі Марина Нистолийдің жұмысына наразы екендіктерін білдіреді. Даудың шынайы жағын анықтаудың орнына, Марина оларға қатаң түре тойтарыс береді де, омбудсмен  Эльвира Азимоваға қатысты кінәні өзіне қаратады, өзін барлық жағынан қанағаттандыратын басшысын кеудесімен қорғаштайды (жоғарыны қараңыз). Төртеуі бірдей қарсыласудың орнына жұмыстан кетуге арыз бергенде, Азимова оларды ешбір кедергісіз босата салмақ болғанда, бір ши шығады да, ол жария болады, сөйтіп қарабайыр шешім жайына қалады: ақырында жетекшісімен қоса топтың бәрі таратылады. СҚО ҚБКсыз қалды. Бұған дейін омбудсменнің қолдауымен Марина Нистолий ҚБКға «керексіз» адамдардан екі рет құтылудың сәтін түсірген, ешбір бас қатырмастан…

Марина Нистолий жылдар бойы екі мүмкіндігі бар тақтың екеуін де иеленіп келді –  ҚБКның да, ҰАТтың да жетекшісі болып келді. Осылайша ҚАЖК жұмысын қоғамдық тараптан қадағалайтын екі бірдей құқыққорғаушы ұйымның да қызметін «түзете» алар еді.СҚОдағы ҰАТты жою арқылы, шындығында Маринаны ҚАЖК мүддесін толық қорғау мүмкіндігінің монополиясынан айырды, енді ол жалғыз ғана ҚБКмен қалды.

Бүгінде Петропавлдағы, ЕС 164/3, «үштікте» отырған Евгений Белобородов айналасындағы күрделі ахуал бар. Түскен ақпаратқа қарағанда, жария болған «арызданушылардың» бірі,бұрынғы ҰАТ қатысушысы, құқықтанушы   Александр Данчевке 8 тамызда Евгенийдің қарындасы Марина Белобородова хабарласыпты. Ол бұрынырақта прокуратураға да, омбудсмен Азимоваға да шыққан… ешбір нәтиже болмаған.  ҚБК дегеннің барын біліп, (Марина Нистолий басқаратын), ол жазбаша түрде жәрдем сұрап СҚО бойынша ҚБК мүшесі Александр Данчевке шығады.

Ол арызында ағасына қатысты оны өлімге итермелейтін азаптау мен қинау,кемсіту  туралы хабарлайды. Марина Белобородова сондай-ақ мекеме басшылығы бұл ахуалды жасырып отырғанын, өзіне қол жұмсау айғағын тіркемей отырғанын,өзіне қол жұмсаған ағасына  дәрігерлік көмек көрсетілмегендігін  айтып, осы жайтты тексеру үшін Данчевтен сотталған Белобородовқа кіруді ұйымдастыруды  өтінеді.

Бұндай тексеру кемінде екі ҚБК мүшесімен бірге орындалуы қажет болғандықтан, А.Данчев СҚО ҚБК мүшелері мен басшысы М.Нистолийге түскен арызды көрсетіп,  шығады, бірақ – оның бастамасынан бас тартылады. Осылайша, «істің ізі суымай» тұрып, сотталған Белобородовқа кіру талпынысы аяқсыз қалады, жолы кесіледі. Марина Нистолий мен оның ҚБКсының мүшелері ҚР ІІМ ҚАЖК-сын кезекті рет адам құқығын аяқасты ету абыройсыздығынан аман алып қалады…

Марина Белобородованың Солтүстік Қазақстан облысының прокурорына  СҚО бойынша ҚБК жетекшісі Марина Нистолийдің әрекетсіздігіне қатысты шағымы  әзірше жауапсыз; оған жауап беру мерзімі 9 қыркүйекте бітеді…

 

Атап өтейіік: сотталған Евгений Белобородов, ЕС 164/3 мекемесінде, қазырғы кезде толық оқшауланған. Қолға түскен ақпаратқа қарағанда, жүйелі түрде оған жасалған азаптау мен кемсітуден соң, ол өзіне екі рет денесін тіліп,қол жұмсауға тырысқан. Медициналық жәрдем оған етілмеген. Туыстарымен хабарласуға онда мүмкіндік жоқ. СҚО бойынша ҚБК жетекшісі, Марина Нистолий, арызданушы Марина Белобородоваға оның ағасына кіруді ұйымдастырудан бас тартқан. Бұндай жағдайда заңда қарастырылған басқаша мүмкіндік жоқ. Ал бұған прокурорлық араласу тек қана 9 қыркүйектен кейін болмақ. Осылайша, ҚР ІІМ ҚАЖК, құқықтанушы Марина Нистолийдің арқасында, ахуалға қатысты күш көрсету мүмкіндігін алды, мақсат — ЕС 164/3 мекемесінің қызметкерлері жасаған қылмыстық істің ізін жасыру.  

Құқыққорғаушы жоба құқыққорғаушыларды құқыққорғаушылардан қорғайды…  Жаңылтпаш па? Жоқ, шыны осы… Бұл материал қағазға түскенше, СҚОда енді сотталғандардың құқығын қадағалайтын ешбір ұйым жоқтығын тағы бір мақұлдайтын хабар келіп түсті. Александр Данчев осы бойда ҚБК құрамынан шығарылыпты. Марина Нистолий сотталған Евгением Белобородовқа қатысты ахуал туралы жариялам мен Александр Данчев өзі басқаратын ұйымды «тәрк етіпті». Сонда шындық адалдықты тәрк ететін болғаны ғой. Керісінше, оңбаған қылыққа барғандар өзін өзі тәрк етеді, ол туралы хабарлаушы емес. Солай емес пе, Марина Анатольевна?

Біздің KURESKER аталатын жобамыз бас бостандығынан айырылған белсенді азаматтар мен абақтыдағы жандардың құқығын қолдайды.

Бас бостандығынан айырылған туыстарыңыз жайында ақпарат жөнелтіңіз. Біздің бағыт – белсенді азаматтарды қолдау мен қамаудағы адам құқығын сүйемелдеу.

Бізбен байланысу оп-оңай: оң жақтағы фото астындағы WhatsApp иконкасын бассаңыз, әпсәтте байланысамыз.  Ниет танытыңыз, материал жөнелтіңіз, видео жіберіңіз, барлық ақпаратшыларға толық кепіл боламыз. Бізге хабар жетсе болды — жәрдемдесеміз.

 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.