Қазақстандағы құқық қорғау мен құқық қорғаушылар тақырыбы барған сайын өзекті әрі «қызулы» бола бастады.  Бұған себеп – адам құқығына қатысты алғанда, әуелден-ақ саяси авторитарлық жүйеде түзілген құрылымнан туындады. Қазақстандағы саяси жүйе өзінің табиғатына сәйкес адам құқығын жаншымай отыра алмайды, өйткені, өз құқықтарына ие азаматтар мен авторитарлық саяси жүйенің өзі бір біріне су мен май секілді қайшы келеді… Олар ешқашан да бірікпейді Авторитаризм, диктатура, деспотия – құқықты басып-жаншуда ғана аман қалады. Олар қоғамның қанын ішіп қана жан сақтайды, оны өзгерту мүмкін емес.

Елдің «Бас құқыққорғаушысы», авторитарлық саяси жүйенің бас диктаторы тағайындайтын омбудсмен, –  көрер көзге нонсенс. Кім төлесе – сол қызбен билейді, дауласуға келмейтін шындық. Дәл осыған ұқсас жағдай – әкімдер. Президент тағайындайтын олар қоғамға бүйректері бұратынын сырт көзге ғана көрсетеді. Кез келген әкімнің міндеті екеу: оны кім тағайындаса соған бүйрегі шынайы бұруы тиіс және барынша «жемқорлатып», артынан өзін ақтауға алып, «тапқанын» сақтап, бір жаққа жылт ету қолынан келсе болды.  БАҚтардағы олардың балаларының удай қымбат үйлену тойлары турасындағы хабарлар соны әйгілеп тұр:әкімнің барлық айлығын қосып, оған отбасындағы барлық мүшенің табысын қосыңыз да, бір тойдың бағасынан алып тастаңыз, қалған сома  тергеушілердің, прокурорлар мен судьялардың, ал егер де тіпті сәтсіз болса – ҚАЖК басшылары мен тағы да прокурорлар мен судьялардың игілігін көтеруге кететін көпжылдық қатаң режимге тап боласыз.

Қазақстанның омбудсмені де – сол қорамсақтан. Кім тағайындаса, соның мүддесін қорғай отырып, кімдерден оның құқығын қорғауға тиісті екенін біле отырып, омбудсмен өзінің жеке мүддесі тек солардың қолдауында ғана екенін ескеруге «құқығы бар».  Авторитарлық саяси жүйе осылай істейді.   

Омбудсмен Эльвира Азимова да осылай жұмыс істейді.

Жуырда ғана біз СҚОдағы ҰАТтың басындағы ахуал турасында ақпарат жариялағанбыз.  (https://www.facebook.com/108893537462187/posts/pfbid036c1TH7wop8szj7gTKndL7ATxymFffeXBVJ8gQUmGKUJ7P6owpShvWHFf6Ta7qvKul/?d=n).

ҰАТ – бас бостандығынан айыру орындарындағы және соларға теңескендер үшін қинаудың Ұлттық алдын алу  тетігі; біраздан бері бұларға балалар үйі де жатқызылып жүр, бұның өзі айтулы нәрсе…  

Бірақ та ҰАТты омбудсмен басқарғалы бері, оны режимнің кезекті әлемішіне айналдырды; қазырғы кезде ҰАТ өз міндетін атқарғансиды. Оның барлық қызметі өзіне қарайтын барлық орындардағы азаптау айғақтары туралы көптеген ақпараттардың таралуына бөгет жасауға бағытталған. Қаптаған жалған есептемелер осылай түзіледі де, халықаралық үйлестірушілерге көрсетуге жаратылады. Басқаша айтқанда, ҰАТ қазыр ҚР ІІМ ҚАЖК бөлімшелерінің бірі ғана болып қалды.  Бұл ондағы болып жатқан нәрселердің өзінен-ақ көрініп қалды.

СҚОның ҰАТына қатысушылардың үшеуі Сергей Измайлов, Александр Данчев, Дмитрий Агапов, ахуалды іштен жарды деуге болады. Олар өздерінің наразы даттарын омбудсмен Азимованың, СҚО ҰАТ жетекшісі Марина Нистолийдің креатураларына қарсы білдіріп жіберді.  Әрбір даттама/претензия құжаттармен және нақты жағдайлармен айғақталған.  Сонда да омбудсмен Азимованың «қимылы» «тыныштық бұзушыларға» қарсылық ретінде көрініс тапты.   Үшеуі де ешбір дәлелсіз әрі шылғи өтірікке толы болғандығы сондай, өзі қарсылық ретінде ҰАТтан шығуға арыз беріпті. Марина Нистолийдің шығуына қарсы ҚАЖКның облыстық басқармасының әбігерге түсуінің өзі бірталай нәрсені байқатса керек, яғни – бұл күнделікті жаппай азаптау болып жатқан мекеме… бұны түсіндірудің қажеті шамалы.

Ахуал тым-тырыс болудан қалды, жарияға жар болып таралды, көптеген «алашаасты» арпарат қоғамның әжетіне жарады да, Үйлестіру кеңесінің онлайн отырысына Азимова СҚО бойынша ҰАТтың барлық мүшелерін таратуға мәжбүр болды, оның ішінде Марина Нистолий де бар. Бұл жағдайда «наразы топтың» ең белсендісі Сергей Измайлов, ҰАТтан «ереже бұзғандығы» үшін шығарылды, ал екеуі басқаша – «берілген шағымдарға байланысты». Ал енді Измайловтың «ереже бұзуы» Марина Нистолийдің ойлап тапқаны еді, түрмедегілердің дәлел ретінде «мақұлдауы» да бар болып шықты, Азимова бұған қарсы шығуға мәжбүр болды, себебі нақты дәлел-айғақтар жеткілікті болатын. ҮК-нің жекедара бұндай шешімі, Сергей Измайловтың оппозициялық «Алға, Қазақстан» партиясының ұйымдастыру комитетінің мүшесі болғандығы себеп болды деген ойдамыз; омбудсмен өз қожайындарының жекелеген тілектерін орындауға тиіс болған, өйткені бұл партияны қазыр мемлекеттік тіркеуге жібермей отырғаны мәлім, және оның мүшелерін барлық жерде қуғындауда.

Омбудсмен, дейсіз бе? Адам құқығы ма? Азаматтық және саяси еркіндік пе? Ондайды естіген емеспіз…

Марина Нистолий СҚОдағы ҚР ІІМ ҚАЖКны «бақылайтын» тағы бір құқық қорғау ұйымының жетекшісі болып қалды – ҚБК (Қоғамдық байқау комиссиясы). Ол әйел адамжегіш бұл жүйеге өзінің «пайдасын» тағы да сақтап қалды, және де ҚАЖКда істейтін ұлының кәсіпорны үшін соншалықты қысылмайтын болады.Екі айдан соң СҚО ҰАТтың жаңа құрамы тағайындалады…

Бірақ бұл былық ҚАЖК қарауындағы сотталған адам құқықтарының жағдайына ешқандай да ықпал етпейді. Барған сайын мұнда… өз міндетін адал атқаратын адамдар азайа түсуде. Қинау турасындағы ақпаратқа қол жеткізу барған сайын күрделі бола түсуде, азаптаудың өзі бұл «жылыжайдағы» жендеттер үшін, жағдай жақсара түсуде. Омбудсмен Азимованың есептемелері бұрынғыдан да гөрі әдемілене түсті,  ҰАТ та соның қолында, өзі президенттің тұғырында отырғаны секілді. Одан басқаша болуы тіпті де мүмкін емес. Өліктің шіріндісі «шаңырақтан» төмен сорғалап тұр…  

Біздің жобамыз бас бостандығынан айырылған белсенді азаматтар мен абақтыдағы жандардың құқығын қолдайды.

Бас бостандығынан айырылған туыстарыңыз жайында ақпарат жөнелтіңіз. Біздің бағыт – белсенді азаматтарды қолдау мен қамаудағы адам құқығын сүйемелдеу.

Бізбен байланысу оп-оңай: оң жақтағы фото астындағы WhatsApp иконкасын бассаңыз, әпсәтте байланысамыз.  Ниет танытыңыз, материал жөнелтіңіз, видео жіберіңіз, барлық ақпаратшыларға толық кепіл боламыз. Бізге хабар жетсе болды — жәрдемдесеміз.

 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.