Жуырда менімен сұхбаттасқанда (авт. – Владимир Козлов) Қазақстанның қазырғы ахуалына қатысты тақырып қозғалды. Сұрақ «Қазақстан Украинадан құқық қорғау бойынша қаншалықты қалып қойды» дегеннің айналасы болатын, жауап бермес бұрын мынаны анықтауға тура келді: егер де оқиғалар бағыты әр жаққа қараса, оларды салыстыруға келмейді. Яғни, желаяқтар екі жаққа қарай жүгіретін болса, олардың бірінің қалып қоюы туралы айтуға болмайды. Украина мына сұмдық соғыс кезінде де, барлық азаматтар үшін заңдылық жағына қарай жылжудан таңған емес, ал бұл оның Еуроодаққа деген үміткерлігіне оң ықпалы бар, ал Қазақстан өзінің «ешкімге дес бермес құлдырауында», әлі де құздың түбіне жеткен жоқ; әрбір сұмдық оқиға осы бір құздың түбіндей көрініп келеді, ал сосын одан да жаман нәрсе орын алып жатады… Негізі біздің ел Украинадан қалуды құлдырауды доғарған сәттен ғана бастайды…  

27 шілдеде біз СҚО ҰАТтағы ахуал турасында жазғанбыз (https://www.facebook.com/108893537462187/posts/pfbid02WcDVpWbFLqnxGgHjBGbpqm9JCpt8ueHUizmPhQjQ2C64GA3uEAohnpW1F3yPejSul/?d=n)

Әңгіме СҚО бойынша ҰАТ жетекшісі Марина Нистолий туралы болған еді, бұл құқық қорғау миссиясының үш қатысушысының бірінің айтуына қарағанда, ол билікті басып алып, омбудсмен Азимованың мүддесіне қызмет етуде көрінеді. Яғни – ҰАТтың мақсаты мен міндеттеріне қарама-қайшы. Адамға қарсы, ҰАТ қызметінің аясына кіретін сотталған және басқа адамдардың құқығын қорғауға қарсы.

Қазақ омбудсмені – әуелден-ақ жалған. Президент-диктатор, өз халқын өзі қыратын жендет-президент тағайындайтын омбудсмен, осының кесірінен сотталушылардың саны арта түсіп отырғанда – бұл ешқашан омбудсмен болған емес, болмайды да. Және бұл жағдайға Эльвира Азимова – таптырмайтын адам. Ол сондай қолапайсыз, ақылсыз, дөрекі қимылдаса да, бірақ жалған көрініс жасауға сондай икемді «маман». Ол нағыз декорацияның шебері, шынайы жұмыстың орнына істегенсуді қатыратын қызметші. Ол сенімді әрі өзіне деген жемсауын толтырушыға берілген адам. Болды нүкте.

Азимова өзінің көп жылғы «билігінде» ҰАТты азаптауды болдырмау тетігінен азаптау туралы шынайы ақпараттың таралмауының алдын алу тетігіне айналдырды.  Абақты мен түрмедегі сотталғандармен араласқанда, маған ҚБК мен ҰАТқа қатысты үміт үзушілер жолықты. Оның өз себебі бар. ҚБК қатысушылары сотталғандармен қатынасқанда, олардың берген шағымдарының одан арғы жағдайы не боларын да айта алмайтын көрінеді.  Олар бар болғаны есеп беруге ғана әзір, және оны облыстық ҚБК жетекшісі арқылы– баяғы омбудсмен Азимоваға береді.

Сотталғандар шағымының көпшілігі, осы омбудсменнің офисінде «өліп» тынады. Егер де ҚБКны бетімен қоя берсе, ҚБК қатысушыларына өз істерін әділ істетсе, объективті есеп беруге жол ашылса – омбудсмен туралы шындықтың статистикасы масқараны ашады.  Сондықтан да омбудсмен Азимованың басты міндеті облыстық ҚБК жетекшілерін «түсінігі бар», бейілдіні, «артық мәселе» туғызбайтын адамды таңдап тағайындау болып келеді.  Одан әрі – одан да жаман. Облыстық ҚБК жетекшілері өздеріне (маған Үйлестіру кеңесі туралы айтпай-ақ қойыңыз) өздеріндей адамдарды іріктейді.  Сосын бәрі де риза.  ҚР ІІМ ҚАЖК құқықтары туралы айтуға тиісті адамдардан басқасы, олардың басын қатырып, жетімдер үйі мен интернаттағы балалар құқығынан басқа сөздермен, ешбір жазасыз түрде кеңірдектері мен ауыздарын толтыра көпіре береді…

Марина Нистолий, менің жекелеген өкінішіме қарай – дәл осындай болып шықты. Ол екі бірдей құқық қорғау ұйымын «ерттеп» алып, ҚАЖК абақтылары мен түрмелеріне, ҰАТ пен ҚБКға именбей кіретін мүмкіндік алғасын, орнынан жылжымайтын омбудсмен Азимованың қолдауымен, үшінші рет өз командасын тазалап жатыр. Бұл жолы одан ҚБКның барлық мүшелері кетіп қалды. Құзыреттерін тастауға арыз жазыпты.  

Бұл жайт СҚО ҚБК қатысушылары тарапынан түскен Марина Нистолийге айғақталған шағымды қарау кезінде омбудсмен Азимова ешбір сөйлетпей, оның оппоненттеріне сөз бермей, Маринаны жақтағанда болыпты. Марина Нистолийдің ҚБК үш қатысушысына қарсы дәлелсіз айыптау турасындағы баяны Азимованың шешіміне ешбір тексерусіз негіз болыпты:  Нистолий қай жағынан да дұп-дұрыс екен.  

Себеп қарапайым. Ол себептер құқыққорғаушы Александр Данчевтың, Сергей Измайловтың, Дмитрий Агаповтың келтірген аргументтерінде көрініс тапқан. (егжейлері мында https://www.facebook.com/100001362650410/posts/pfbid03JZXEr5YV8cMmBBPKNckgiBNfKyTbx6rfahz3Qx6SPscejzhJNiDgQRg6FYBsk3cl/?d=n). Нистолий болса жүйелі түрде өзінің жұмыс тобына кедергі келтірумен жүр: олардан түскен азаптау турасындағы ақпаратқа елең қылмайды, байланысқа шықпай ұзақ уақыт күттіреді, құжаттарға қол қоймайды, егер де ішінде «қажет емес» ақпарат болса, омбудсменге  есепті жібермейді. Мәселені қоздырмайды, статистиканы бұзбайды. Сөйтіп, Марина омбудсмен үшін соншалықты «жақсы», сол себепті Эльмира Азимованың басы ауыратын сұрақ туындамайды: өзі қызметін бақылайтын органға, яғни баласының бизнесі толығымен ҚАЖКға тәуелді адамның ҚБК мен ҰАТтың жетекшісі неге болады дегенге Эльмира ханымның басы қатпайды…

ҚБК, азаптау мен қатыгез қатынастың алдын алу үшін құрылса да, адамдардың денсаулық пен абыройларының құқығын қорғауға қажетті қоғамдық тетік түкке тұрғысыз орынға айналды. Ол орынды осы құқықтарды әділ түрде қорғауға қабылетті соңғы қатысушылар кетіп қалды. Қалғандары  Марина Нистолий мен Эльвира Азимова сияқтылар, «құқыққорғамаушылар».

Сөздің орайына қарай айтсақ,  Украинада Жоғарғы Рада жуырда украин омбудсменіне сенімсіздік білдіріп шешім шығарды да, оны басқамен ауыстырды.  Бұл соғыс жағдайындағы шешім. Бұл енді кім қайда барады, кім кімнен артта қалып қойды  дегенге… Десек те, Эльмира Азимова мен Марина Нистолий сияқтылар – құқыққорғау ісінің түбі дегіміз келеді, одан ары масқара болатындай ешкім бола қоймас. Және де бұлар енді бұл маңда бола қоймас. Жақында біз де «түбімізге» жетіп, сосын қалқып шығуға бет алармыз. Сосын алдағыларды да қуып жетерміз, иншалла…  

Біздің жобамыз бас бостандығынан айырылған белсенді азаматтар мен абақтыдағы жандардың құқығын қолдайды.

Бас бостандығынан айырылған туыстарыңыз жайында ақпарат жөнелтіңіз. Біздің бағыт – белсенді азаматтарды қолдау мен қамаудағы адам құқығын сүйемелдеу.

Бізбен байланысу оп-оңай: оң жақтағы фото астындағы WhatsApp иконкасын бассаңыз, әпсәтте байланысамыз.  Ниет танытыңыз, материал жөнелтіңіз, видео жіберіңіз, барлық ақпаратшыларға толық кепіл боламыз. Бізге хабар жетсе болды — жәрдемдесеміз.

 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.