Желіге көгенделген қауымды кезекті зорлау мен адам өлтіру дүр сілкіндірді, және онымен шектелген жоқ. Жаркентке қосымша сақшылар күшін жұмылдырды. Қылмыскердің он бес жасар қызды зорлап әрі өлтіруі онсыз да нәзік ұлтаралық таразыны теңселтіп жіберді.  

Ұлтара –  бұл оқиғаға деген ең қарабайыр тітіркеніш. Зорлау мен кісі өлтіру бірұлтты қоғамда да өршіп тұр, тіпті бір отбасында да болып тұрады. Ешбір ұлт ешқашан да, қандай да бір ұлтқа тиесілі  болып туғаны үшін кінәлі емес. Ұлттық сапа жоқ, бары адамға ғана тән сапалар мен сипаттар. Бірақ бұл жайында емес — айтпағымыз.

Қыз зорлаушы мен өлтіруші – кәнігі қылмыскер. Алғаш рет қыз зорлағаны үшін сотталған, бірақ еркіндікке мерзімнен бұрын босапты,ҚАЖК басшылығының пікіріне қарағанда, ол «түзу жолға қалтқысыз түскен» көрінеді.  Сосын екінші рет қыз зорлау. Әлдебір жағдаймен «құрбанымен» көңіл жарастырып, соған үйленеді, сосын тағы да сол қылмысты қайталап, бірақ неге екені белгісіз жазадан қашып құтылған. Ақыры міне – заңды мәре:  кәмелетке толмаған қызды зорлап оны өлтіріп тынған. Зорлапты да, пышақты бірнеше рет сұғып өлтірген де, мүрдесін өртеп жіберген…  

Әлеужеліде небір сұрақтар қойылып жатыр – бұл сонда қалай болғаны. Бірақ бұл қайран қалардай сұрақ па. Бұл мәренің қандай да бір қисынды тізбегі бар, оның басы социопаттар ұстаханасы – ҚР ІІМ ҚАЖКда жатыр.

Мәселе мынада, қылмыс әлемінде «айуандық» саналатын осы баптармен сотталғандардан ҚАЖК қызметшілері, оперлер мен тәртіпшілер өздері  «әкімшілік көмекшілері тобын жасақтайды. «Ешкілер», «белсенділер», «таңылғандар» дейсің бе … олардың атаулары жетіп артылады. Оперлер кезекті этап келгенше, сотталғандардың ішінде бұндай баппен кім «келе жатқанын» алдын ала біліп алады. Келген бойда сотталғандардың ісімен танысқасын, әлгіні опермен танысу үшін оңаша шақырады, 10 жағдайдың 9-да олар ынтымақтасуға көнеді, нақтырақ айтқанда – «таңылуға» (қарына әкімшілік көмекшісінің белгісін таңуға, болмаса құпия жолға – «тыңшылыққа» (құпия куәгер болуға) келіседі.

Бұндай сотталғандардың көпшілігі «ешкі» болуға бірден сұранады. Өйткені, қылмыс қауымы «айуан» баптарымен сотталғандарға жылы қарамайды.  Олардың әрқайсысы келген бойда «қарым-қатынасқа» тартылады, содан кейін оған «оның орны» жарияланады:  «алқапта»- барактың қараңғы бұрышында тұру, еден жуу, болмаса – «гаремде болу» (сотталған-қызтекелердің тұратын орны).

Мен тұрған (авт.Владимир Козлов) «үштіктің» (ЕС 164/3),  «төртінші барагында осындайлардың бірі менің «жеке тыңшым»  болған.  Ол қасымнан қалмайтын, тіпті «солтұста» да (әжетханада). «Иваныч, ең дұрысы сіз ешкіммен қатынаспаңыз. Әйтпесе, кешке маған оперге жазу үшін қағаз көп керек болады… Карантиннен кейін бірден этап кезінде бірнешеуі «таңылған» болып келген… Тіпті әкесі өмір бойы «ешкі» болған «жеті атасына ешкілік» бұйырған әулет те болған…

Сотталғандардың бұндай бөлігі басқалармен салыстырғанда, заңнан тыс бонустар мен артықшылықтарға ие болады. Олар жұмыс істемейді, бөлек әрі жақсы тамақтана алады, олар абақтыны еркін аралайды (басқалары болса барак пен бөлек қамалудан шықпайды), сауқатты көбірек қабылдайды және жиірек туыстармен жүздеседі, басқа сотталғандардан азық пен заттарды тартып ала алады. Ең бастысы – өздері біреудің сыртынан сөз тасуымен және арандатумен олар жаза мен сазайын бергізу арқылы, олар жеке ісіне алғыстарды көптеп жаздырады. Ал жеке іске түскен алғыс бордақыланған абақты басшылығы үшін (басқаларды көрмедім), әкімшіліктен алған «жақсы мінездеме» – оларды мерзімнен бұрын босатуға деген шешім қабылдауға желеу болады.

ҚР ІІМ ҚАЖК НКВДның барлық жағынан алғанда мұрагері бола жүріп, адамды езіп-жаншудың небір айуандық тәсілдерін сақтап келеді, соның ішінде – «ешкілерді» қолдану тәсілі бар.  «Айуандық» баптармен сотталғандар, ең төменгі абыроймен жүрсе де, ҚР ІІМ ҚАЖК абақтылары мен түрмелерінде басқа сотталған адамдардың үстінен қарауға заңнан тыс билік беріледі, бұл олардың бойында одан бетер айуандықты қоздыра түседі.

Олар мерзімнен бұрын бостандыққа шыққанда, жаңадан қылмыс жасауға сескене қоймайды, өйткені өздерін  — кез келген абақтыда оперлер күтіп отырғанын біледі, және оларға тағы да биліктің таңбасын беретінін және бұл мерзімді де жайлы жағдайда өткізетінін жақсы біледі. Және де «ешкілік мерзім» неғұрлым молырақ болған сайын, ҚАЖК қызметшілеріне ол соншалықты қажеттірек…

Осылайша, ҚР ІІМ ҚАЖК ондаған жылдар бойы, қоғамға адамшылығы біткен социопаттарды, зорлықшылар мен маньяктарды, іріп-шіріген жүйенің лақтырып тастаған небір оңбағандарын өндіріп шығарумен болады.  Және де қоғам өтірік көріністен бас тартпағанша (дені дұрыс ҰАТ пен ҚБК болмайынша), дуалдың арғы жағына бақылау орнатпайынша, қоғам әуселені ҚАЖКдан көреді де отырады, осылай…

Біздің жобамыз бас бостандығынан айырылған белсенді азаматтар мен абақтыдағы жандардың құқығын қолдайды.

Бас бостандығынан айырылған туыстарыңыз жайында ақпарат жөнелтіңіз. Біздің бағыт – белсенді азаматтарды қолдау мен қамаудағы адам құқығын сүйемелдеу.

Бізбен байланысу оп-оңай: оң жақтағы фото астындағы WhatsApp иконкасын бассаңыз, әпсәтте байланысамыз.  Ниет танытыңыз, материал жөнелтіңіз, видео жіберіңіз, барлық ақпаратшыларға толық кепіл боламыз. Бізге хабар жетсе болды — жәрдемдесеміз.

 

 

 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.