Сотталғандар құқығы – барлық жағынан да күрделі тақырып. Тіпті осы екі сөзді қатар қойғанның өзінде көптеген адамдардың бойына әлдебір тітіркеніс туғызады: қылмыскерде қандай құқық болуы мүмкін? ҚР ІІМ ҚАЖК қызметшілерінде, КСРО НКВД дәстүрінің мұрагерлері мен жалғастырушыларында болса, бұл сөздер бойына безгек ұялатып, құқығын қорғап сөйлейтін не жазатын олардың әрқайсысын «өшіріп тастауға» ұмтылады.  Өйткені, қызы жүйенің ізашарлары да солай істеген еді.

Соған қарамастан, сотталғандардың құқығы заң жүзінде және де олардың басты норматив құжаты саналатын Қылмыстық-атқару кодекс пен көптеген заңдық күші бар норматив актілерінде бекітілген. Олар – бар. Сол себепті де, сол құқықтардың бұзылуын әрдайым да тіркеп, жариялап, орындалуын талап ете бермекпіз.

ҚР ІІМ ҚАЖК жұмысын қоғамдық тараптан бақылауға алу үшін заңдаушы тарап ҚАК аясында екі бірдей құқық қорғау ұйымдарының міндетін енгізді: ҚБК (Қоғамдық байқау  комиссиясы), және қинаудың алдын алу жолындағы ҰАТ (Ұлттық алдын алу тетігі). Бұлар ұзақ жылдар бойы келеді. Және де бұларға ортақ бір мәселе бар – адам  факторы. ҚАЖК түрмесі мен абақтысының дуалының арғы жағында болып жатқан нағыз көріністі ұғатын адамдар өз құқығын қорғау мүмкіндігінен айрылғандардың құқығын қорғауға атсалысады.Бұл ұйымдарда бірақ олар көп тұрақтамайды. Оларды кетуге мәжбүр етеді, аяқтан шалады, ығыстырады, жолдан алып тастайды. Оларға шындық пен құқыққа қол жеткізуге өте күрделі болады. Оларға деген қарсылық жан-жақтан – бүйірден де, үстінен де. Оған қоса сатқын «әріптестер», ІІМ,ҚАЖК қызметшілері мен басшылары бар, ҚАЖКдағы «заңдылықты сақтауды қадағалайтын» прокурорлар бар және сот төрешілері мен омбудсмен, елдің «бас құқық қорғаушысы» да солардың жағында.

Омбудсменнің әуелгі рөлі оның мәртебесіне енгізілген. Оны президент тағайындайды. Әкім сияқты. Осымен бәрі де түсінікті болуы керек. Осыдан келіп ол – омбудсмен құқық қорғаушы емес. Ол – шенді тұлға. Оған бағынатын ҰАТ – ашық айтқанда нағыз пасықтық.

Омбудсменнің қауқарына қарай, ҰАТтың қызметі де оның көпшіліктің көзінен таса ырқына тікелей тәуелді.  Біз бұған дейін ҚАК УАТ мүшелері ҚАЖК,ҚАЖД басшыларымен алдын ала ымыраласпай-ақ түрме, абақтыларды аралай алатынын жазғанбыз, бірақ – іс жүзінде олар омбудсменнің рұқсатынсыз бір қадам баса алмайтындай ойластырылған. Соның салдарынан ҰАТтықтар сотталғандардың азапталғаны туралы хабар алса да, оны ҚАЖК әбден ізін суытып, апа-сапа болғасын ғана, «құрбандармен» жұмыс істеуді бастайды.  Оларға бару үдерісі мейлінше құпияланған және ол із омбудсмен жақтан жоқ болып кетеді…   Көпшілік жағдайда іс – ешқандай селт етусіз жабыла салады.

Бұның бәрі сотталғандар құқығын қоғамдық тараптан бақылауды жай ғана көрініске айналдырады. Салдарында – ҰАТ басшылығына осы қоғамдық бақылаудың жалған көрінісін қымтайтын міндетпен және шынайы бақылау орнатуға ұмтылысты кесіп тастау әрекетімен көптеген адамдар келіп-кетіп жатады.

Бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысының ҰАТы басшысы Марина Нистолий болған бойда,ҚР ІІМ ҚАЖК бөлімшесіне айналғанын жазғанбыз. Бұл туралы сотталғандардан хабар келді. Марина – құқық қорғауда кездейсоқ адам емес. Одан басқа – екі мыңыншы жылдары мен өзім (авт. – Владимир Козлов), ДВК оппозициялық партиясының жетекшісі бола жүріп, онымен кездескенім бар, ол кезде ол ауылдық мектептің мұғалімі болатын, оны оппозициялық қызметке де тартқаным бар. Кейінірек ол партияның облыстық бөлімшесін басқарды, бізбен бірге Қазақстандағы оппозициялық белсендіге тән барлық қиындық пен тар жол тайғақ кешуді бастан кешті. Ол мен абақтыда болғанымда қолдап хат та жазды. Алматыдағы үйімізге де келді, мен босаған соң, тіпті біздің осы жобамызда да істей бастады. Бірақ…

Бір сәтте бірдеңе болды да қойды. Марина Нистолий қазыр құқық қорғау жағында емес әйтеуір. Және де бұл менің ғана пікірім емес, онымен кездескен сотталғандардың да пікірі. Бұл енді ҰАТ саласында бірнеше жыл бірге істегендердің де пайымы.  СҚО бойынша бір топ ҰАТ қатысушылары ҰАТ басшылығына ресми шағым түсіріпті,  омбудсменге. Құжатта Марина Нистолий тарапынан ҰАТ қатысушыларының ісіне бөгет жасап, ҚАЖК тарапынан істелген қылмыстарды жасыру және басқа да жіберілген бірнеше ағаттықтар көрсетілген. Мәселенің ушығу нүктесі 2022 жылы шілдеде бірден екі ҚАЖК мекемесіне баруға бөгет жасаған Нистолийдің қасақана әрекеті бұған себеп болды. Шамасы, оның ұлына тиесілі «Maximpact» дербес кәсіпкерлік СҚО бойынша ҚАЖДмен бірлесіп көптен бері табысты жұмыс істеп келе жатса керек…  Солай болар.

СҚО бойынша жекелеген ҰАТ арқылы сотталғандар құқығын жақсарту жағына өзгертуге соншалықты үміт артпаймыз. Өйткені омбудсменнің күтілісі мен Марина Нистолийдің істегені/істемегені соншалықты дәл ме дәл сәйкесіп жүр. Ол сотталғандар құқығының сақтауын қадағалауды жай ғана көрініске айналдырған. Өз міндетін дұрыс атқарғансиды. Міне осы себептен де біз СҚО ҰАТында болып жатқан ахуалды мейлінше мұқият байқауға алатын боламыз. Кім біледі…

Енді сөз соңында кішкене ғана «шиеден» дәм татыңыз. Көпшіліктің есінде болар, ҚР ІІМ ҚАЖК түрмелер мен абақтыларда арнайы терминалдар орнатып, сотталғандар өз хабарламаларын тікелей құқық қорғау және қадағалау инстанцияларына жөнелте алатындай тетік орнатудан хабар еткені бар. Терминалдарды орнатып, ол туралы есеп берілді. Сосын құлыптап тастады да, олардың кілтін сотталғандардың қолы жетпейтін әкімшілік ғимаратына қарай асырды… Бұдан да басқа ҚАЖКның тым  «ақылды» жобасы болған – сотталғандарға арнайы компьютер орнын ұйымдастырып, онлайн режимде жоғары білім беру мүмкіндігін ашу… Ол да сол маңда қалды. Ал енді мынаны қараңыз – мегажоба: «ҚАЖК тағы бір жобаның тұсауын кесті… отандық пенитенциар жүйені мегағаламға шығарып, басты мақсат… сотталғандарды түзеу болып қалады…» ҚР ІІМмен қоса ҚАЖКның өзін әлгі мегағаламға жөнелтетін біреу болса ғой… мәңгіге.

Біздің жобамыз бас бостандығынан айырылған белсенді азаматтар мен абақтыдағы жандардың құқығын қолдайды.

Бас бостандығынан айырылған туыстарыңыз жайында ақпарат жөнелтіңіз. Біздің бағыт – белсенді азаматтарды қолдау мен қамаудағы адам құқығын сүйемелдеу.

Бізбен байланысу оп-оңай: оң жақтағы фото астындағы WhatsApp иконкасын бассаңыз, әпсәтте байланысамыз.  Ниет танытыңыз, материал жөнелтіңіз, видео жіберіңіз, барлық ақпаратшыларға толық кепіл боламыз. Бізге хабар жетсе болды — жәрдемдесеміз.

 

 

 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.