ИЧ 167/9. Сотталған ҚР ІІМ ҚАЖК қызметкері, мүгедек Вахид Ниязтаевтың маңында «қалыптасқан» ахуалға қатысты материалдарды жариялауды жалғастырамыз. Еске сала кетейік (https://www.facebook.com/108893537462187/posts/pfbid0GFUbUsAf6DrGaCfiq88g5DrY9ym6nKtcZXXAcZgnwmKcwhBJ31Y7D7ghGWwNvmG9l/?d=n): сотталған Ниязтаев басқа сотталғандар үстінен сөз тасудан бас тартқандықтан аяусыз ұрып-соғылуға ұшыраған еді. Ол өз құқығын қорғауға кіріскенде, оны басқа абақтыға ауыстырып, бұл жерде оны тағы да сабау жалғасқан, ал ол амалсыздан өзінің дене мүшелерін өзі зақымдауға мәжбүр болады, сосын аурухана, естен тану, тағы да ШИЗО…

Бұл шектен шыққан қылмысты әрекеттің барлығын «үйлестірген» Түркістан облысы бойынша ҚАЖД бастығы орынбасары Фархат Исақбаев. 10 шілде күні ол пара алу бойынша қолға түскен.

Айта кетсек – бұл ҚР ІІМ ҚАЖК қызметшілері үшін кәдуілгі шаруа. Бұл шіріген контордың БАРЛЫҚ қызметкері де ұрлайды, бопсалайды, пара алады. Олар бұл мекемеге сол үшін келеді. Олардың ҚАЖКдағы жұмысының мәні де сол. Сотталғандарға бюджеттен бөлінген қыруар ақша жоғарыдан төмен қарай «араланып» бөліске түседі. Жоғарыдағыларға қомақты үлес тиеді де, қалғандарына – ранжир бойынша. Бұл «жемқор тізбектің» ең астында – бақылаушылар мен ұлттық ұландар. Сәлемдеме арасынан темекіні алып қалу, телефон тәркілеу және оны иесіне қайта сату   – солардың олжа жолы.

ҚАЖД бастық орынбасары Фархат Исақбаев осы тізбектегі ортадан жоғары орында болатын. Оның «қызмет бонусы» тақырыпты «шашып тастап» өз тағына оралуға әбден жеткілікті болуы тиіс; бұндай оқиға ҚАЖКда әбден кең таралған жайттар. Ниязтаевқа қатысты заңсыз қысымның күшейуіне қарағанда, және де Исақбаевтың пара алу бойынша қосалқы қылмыстарымен ұсталуына қатысты Ниязтаевтан жауап алмағандарына қарап, ҚР ІІМ ҚАЖК ҚКБ «қажкбасорын»-ның істі жабуға бермек рақмет мөлшері де анықталу үстінде екені аңғарылады…

Кеше, 20 шілдеде, сотталған мүгедек Ниязтаев КТО-ға (камера түріндегі орынжай), үш айлық мерзімге жайғастырылыпты. Мекеме бастығы Қамбаровтың бұл тиянақсыз шешімінің себебі әзірге беймәлім. Бұл камера ШИЗОның ішінде, сол жағдай ғана, тек қана – жалғыз ұсталады. Бұл дегенің  ИЧ 167/9 мекеме бастығы Жанболат Қамбаров, опербөлім қызметкері Асанов, және бас бостағандығынан айыру мекемелеріндегі заңдаманың сақталуын қадағалайтын прокурор (!) Әбибашаров, Фархат Исақбаевтың бұйрығын бұрынғыша «орындауда».

Биылғы 18 шілдеде Вахид Ниязтаевтың жақындары оны ақылы диагностикалық орталыққа көрсетуге қол жеткізді, онда КТ-ға (компьютерлік томография) түсірмек. Дәрігерлердің қорытындысы бойынша, одан «оң жақ өкпені компрессиялайтындай оң жақ гидроторакс белгілерін» анықтады…». Бұл сотталған Ниязтаевты бірнеше мәрте төмпештеудің салдары, бұған  ИЧ 167/2 мен ИЧ 167/9 (аты-жөндері – біздің жарияланымда бар) мекемелерінің бастықтары мен қызметшілері айыпты, сондай-ақ арнайы прокурор Әбибашаров пен ҚАЖД бастығы орынбасары Исақбаевтың да қатысы бар.

Гидроторакс – өкпеге жиналған үлкен көлемдегі сұйық дегенді білдіреді. Ол бауырға зақым келгеннен, қан жүйесіндегі дағдарыстан болатын жағдайда пайда болады. Жедел түрде медициналық жәрдем көрсетілмегенде, жинақталған сұйық өкпе қызметі мен газайыру қабылетін құртады да, адамның тұншығып өлуі салдарына әкеліп соғады болмаса қанжүйе-қозғалыс орталығын мешел етіп тынады.

 

Туыстары барлық инстанцияларға жазбаша арыз жазып, қазақстандық халықаралық адам құқығы жөніндегі өңірлік бөлімшеге де хабарласқан. Енді жауап күтеміз.

Ауыр соққының салдарынан сотталған мүгедек Вахид Ниязтаевтың денсаулығы үшін аса қатерлі жағдай орын алатын болса, біз қолда бар барлық материалды тапсырып, жарияланымымызда көрсетілген ҚР ІІМ ҚАЖК лауазымды адамдарына қарсы куәлік береміз.  

Біздің жобамыз бас бостандығынан айырылған белсенді азаматтар мен абақтыдағы жандардың құқығын қолдайды.

Бас бостандығынан айырылған туыстарыңыз жайында ақпарат жөнелтіңіз. Біздің бағыт – белсенді азаматтарды қолдау мен қамаудағы адам құқығын сүйемелдеу.

Бізбен байланысу оп-оңай: оң жақтағы фото астындағы WhatsApp иконкасын бассаңыз, әпсәтте байланысамыз.  Ниет танытыңыз, материал жөнелтіңіз, видео жіберіңіз, барлық ақпаратшыларға толық кепіл боламыз. Бізге хабар жетсе болды — жәрдемдесеміз.

 

 

 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.