2022 жыл 15 шілде. Тоқаев реформасының дәуірі. Әдемі сөздер мен әсем ишаралардың селі басып қалды. Ресеймен «одақтан шығу» (ешқашан қайыры болмаған әрі істемейтін нәрсе) жөніндегі қыр көрсету, «путинге қарсы» батыл айтылған сөздер қаптады…

Шымкенттегі сот үш белсенді азаматты бас бостандығынан айыратын үкім шығарды. «Қаңтардағы жаппай басбұзарлыққа қатысқаны үшін». Жас прокурор қыз, Құндыз Қаратаева белсенді жігіттерді «елдің тәуелсіздігі мен егемендігіне қарсы қылмыс жасағандығымен» айыптады. Бәріміз де бұны ұға білуіміз керек – бұл сот та, бұған ұқсас сотсымақтардың да басты мақсаты тоқаевты жауапқа тартылудан жылыстату.

Қаңтардағы Қазақстанның тәуелсіздігі мен егемендігіне қарсы қылмыс істеген сол. Назарбаевтың малайы бола жүріп, өз қожайынының қолымен елдің президент тағын иеленген сол.Өзінің ешкім еместігін, тіпті ештеңе еместігін және назарбаев кезінде оны қалай атаса да, ешкім бола алмайтынын керемет ұққан да сол.  Ешкім болмауға келіскен де, нағыз билік пен күштік құрылымдардың және қаржы ағынының назарбаевтың қолында болуына ықпал еткен де сол, тоқаев. Назарбаевтың басқаруымен азаматтық қоғамның наразы да белсенді тобын құртқан, соттаған әрі бас бостандықтарынан айырған да сол, тоқаев. Қауіпсіздік кеңесіндегі отырыстарда назарбаевтың оң жағында сүмірейіп отырып, үйдегі қожайынның назарбаев екендігін танытқан да сол, тоқаев.

2022 жылғы қаңтар путинді бұл балабажыр, тоқаевпен сөйлескен болып, назарбаевпен әңгімелесу әбден жалықтырып жібергеннің салдары. Солтүстік император бұған дейін Украинаны, сосын Ебропаны басып алу жөнінде шешім қабылдап қойған еді. Оған Қазақстанда бұлтақтамайтын атқарушы керек болды. Жалғыз ғана. Ұрлық ақша толы қаптың үстінде отырған, қазақтардың Ұлы ханы болып көрінген назарбаев болса, Мәскеуде жылжымас мүлкі мен орыс қатыны, қолында қазақ мұнайынан ағып тұрған бизнесі бар, бірақ Мәскеуден шықпайтын ұлы бар тоқаевтан гөрі басқаруға келіңкіремеді… Сөйтіп путин «тоқаевқа жүгінді», ол турасында өзіне Петербургке шақырған кезде назарбаев пен тоқаевқа хабарлады.

Одан әрі кәрі КГБ арандатушысы ойластырғандай болып шықты да қойды: назарбаев өзінің нұсқасын тақты қорғап қалуға салды. Оның ҰҚКсі жұрттың бейбіт наразылығына кірісіп, өз қаруын таратты. Әскер болса тоқаевтың бұйрығын орындаудан бас тартты.  Малай-президент күштік құрылымсыз қалды; ІІМ сақшылары Алматыны арандатушы-тонаушыларға беріп, өздері полицей бөлімдеріне тығылды.

Путин өзінің жаяу сарбазы тоқаевты ферзі орнына қойды. Оны Қазақстанға ресейлік және ресейшіл ОДКБ әскерін кіргізу үшін желеу ретінде «шетелдік 20 мың қарулы лаңкестер» туралы қауесетті ойдан шығаруға мәжбүр етті.  Әдемі әрі жауапсыз сөйлейтін, дипломат тоқаевты ресми түрде қыр көрсетіп, «ескертусіз жайратуға» бұйрық беруге көндірді… Кәрі түлкі назарбаев Жаңаөзен мен Шетпедегі 17 адамды атуға қатысты өз кінәсін мойындамай қойды, 2011 жылғы желтоқсанда… Путин токаевты жұрт алдында жүздеген бала-шаға мен әйелдерді, қарттардың өлімін өз мойнына алуды талап етті…   Осыдан кейін тоқаевта жаңа қожайын алдында қызмет етуден басқа жол да қалмады. Ол өзінің билігі путин найзасының  ұшында екенін бізден де гөрі жақсырақ біледі. Бәрі де содан туындап отыр. Қалғаны – «наразы мәлімдеме», «ДНРді мойындамау» (Қырымды «мойындай отырып»)…- бұның бәрі де путиндік сценарийдің атқарылу көріністері ғана. Путин Қазақстанды санкциядан бұтына жіберген «расейдің» боғын жуатын кірханасына айналдырды. Тоқаев не айтса да – оның бұған қатысты не істейтіні ғана маңызды.

20 мың шетелдік лаңкес ешқайдан келмеген, ешқайда кетпеген бір топ кәсіби арандатушылар ғана болып шықты. Олардың ешқайсысы әлі белгілі болмады, ұсталмады, сотталмады – Жаңаөзендегі 2011 жылғы оқиғадай, аумайды. «Шетелдік лаңкестерсіз» тоқаев – қарабайыр ғана өтірікші, малай әрі кісі өлтіруші. Тоқаевтың соттарында – бір де бір «лаңкес» көрінбейді. «Қаңтар оқиғасы үшін» сотталғандардың көпшілігі – не басындағы бейбіт наразылыққа қатысқан белгілі азаматтық белсенді,не осы оқиғаға тартылған қарапайым азаматтар болып шығуда.

Шымкент соты бірден үш бірдей белсенді азаматты бас бостандығынан айырды.  Олар өздерін айыпты санамайды. Адвокаттар «азаматтық позицияны білдіру қылмыстық іске жайтпайтынын» мәлімдеп, олардың қандай да бір заңды айыптарына дәлелдің жоқтығын мәлім етті.  Судья Еркебұлан Төлешов тоқаевтық «жаңақазақстанда» азаматтық позицияның бар екендігін – қылмыстық іске жатқызды. Ләззат Досмамбетова, Жанмұрат Аштаев пен Қайрат Сұлтанбекті бас бостандығынан айыруға үкім шықты. Сот төреші ең үлкен мерзімді жалғыз өзі (!) төрт бала(!!) тәрбиелеп отырған Ләззат Досмамбетоваға беріпті.  Анасыз балаларды жетім етті, олардың жан-дүниелері құлазып, қаршадай болып жан азабына түсті, енді оларға медициналық жәрдем керек…

Алда – апелляция. Белсенді азаматтарға қолдау керек. Сіздің жәрдеміңіз қажет. Қарапайым сөзкөмектен бастап, аппеляциялық сотқа дейін қаржылай көмек керек. Белсенді азаматтарсыз, қоғамның наразы сегментісіз, ұлттық мүддені сатушы тоқаев Қазақстан азаттығын құртып тынады. Ешкім емес адам тек путинге қызмет етуде.

Біздің жобамыз бас бостандығынан айырылған белсенді азаматтар мен абақтыдағы жандардың құқығын қолдайды.

Бас бостандығынан айырылған туыстарыңыз жайында ақпарат жөнелтіңіз. Біздің бағыт – белсенді азаматтарды қолдау мен қамаудағы адам құқығын сүйемелдеу.

Бізбен байланысу оп-оңай: оң жақтағы фото астындағы WhatsApp иконкасын бассаңыз, әпсәтте байланысамыз.  Ниет танытыңыз, материал жөнелтіңіз, видео жіберіңіз, барлық ақпаратшыларға толық кепіл боламыз. Бізге хабар жетсе болды — жәрдемдесеміз.

 

 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.