ҚР ІІМ ҚАЖКны еске алған сайын, басқа уақыт болса, басқаша билік орнағанда, бұл ұйымды ешбір күмәнсіз түрде түбірімен құртып жіберетіні сөзсіз. Өйткені біз құбыжықтарды туатын құбыжық туралы айтып отырмыз. Бұған ешбір реформа ештеңе істей алмайды. Себебі, погонды адами материал 100%-ға әбден құрыған. Бұл жерде басқалар төзбейді. Бұларды тек жағып жіберу керек. Тарихтың отыны ету қажет. Осындай қорытынды жасауға жарайтын тағы бір айғақ туралы айтайық.

Өз жарияланымдарымызда ҚР ІІМ ҚАЖК қызметшісі Серікбол Бақтияровтың күн сайын (!) талай рет жасаған қылмысын хабарлағанбыз. https://www.facebook.com/108893537462187/posts/pfbid02x7LgFZrZvBEhzs1CGXhnZq3bJBR6mSdWtVkh8sXcGzoN9GPxENFsDbjffSq9e8Lvl/?d=n , мынау жап-жаңасы ғана).

«ТОЖ Серікбол» — ҚАЖКның таптырмайтын қызметкері, маньяк, садист және жай ғана оңбаған. Бұларды ҚАЖКда сары майдай сақтайды,өйткені, оларға бәрін де тапсыруға болады. Асыра орындайды.  Ол қатардағы опер болып, Алматы облысында тәртіп бөлімінде бастағанда-ақ, ондаған қылмыс жасап үлгерген еді, бұл белгілі істері  ғана. Оның қылмыстары – ұрып-соғу мен қоқан-лоққыдан бастап – «дәлелденбеген» кісі өлтіруге дейін алуан түрлі; ол ылғи да бір сағаттан кейін мүрдесі өлілей табылатын сотталған адамды соңғы ұрушы болатын.

Серікбол Бақтияров Алматы облысының абақтыларының бәрін де соңынан түрлі оқиғаларға толы айуандықпен «аралап» шықты.  Қазыр ол Жамбыл облысындағы ЖД 158/4 мекемесінде ТОЖ орынбасары. Оның мұнда келуі сотталғандар арасында әкімшілік тарапынан жасалған қиянаттың кесірінен қарындары мен өкпелерін «жарғандар», «тескендер», «тігілгендер» мен ашыққандар, «жалғыз қамалғандар» барынша көбірек көзге түсе бастады.  Сотталғандар – миғұла емес, олар өздеріне қол жұмсап, мүшелерін қорлауға тек қана погонды адамжегіштерден қорғанудың басқа мүмкіндігі болмағанда амалсыздан барады. Дене мүшесін зақымдау жасыруға келмейтін төтенше ахуал, оның ішінде қадағалау прокурорымен де кездесу бар; әрине 99,9%-ға  прокурор ана жаққа қарайтыны аян. Заң жағында емес. Заң оған бар болғаны айлық қана береді. Ал прокурорлар айлыққа өмір сүрмейді.

Серікбол Бақтияров – жексұрын, ол өздерінің арасында да атағы шыққан.  Ешқандай ұстаным, аяу деген жоқ,тіпті бәрін де күмәнсіз істейді. 2022 ж. наурызда, қаңтар оқиғасынан кейін, ол ЖД 158/4 мекемедегі сотталған Алмас Қыстаубаевқа, өзінің «мансабына қажет көмек» деген желеумен былай дейді: «… ТОЖ орынбасары болудан әбден жалықтым, мекеме басқарғым келеді…». Ол да болатын шаруа. Егер де сотталған біреу «бір шаруамен шұғылданып», яғни, қандай да бір «қауымға игілікті ықпал етсе», оған өз қызметтестерімен «келісуге» қолайлы болады. Әңгіме Алмастың бостандыққа шыққасын, Серікбол үшін «қаруды заңсыз сақтаған» біреуді ұстау турасында болады; қаңтардан кейін мұндай шаруа өте жақсы ескерілетін кез еді.

ТОЖ Серікбол Алмасқа еркіндіктегі біреумен келісуге телефон береді, әлгілер «табындыны» ұйымдастыратын болады да, көп ұзамай Серікбол Бақтияров бұтаның арасынан аңшы мылтығын «тауып алады». Ал Қыстаубаев әлгі достармен сөйлескен телефон жасырын «жазылған» екен. Меркелік оперлер, Серікболдың достары, Алмаспен әңгімелескен біреуін ұстап алады. Екіншісі қашып кетеді. Полицейдің «қысқашы» — қағып-сілкіп, лаңкестік пен үлкен мерзімді тағып, Алмаспен арадағы әңгіменің жазбасын тыңдауға береді. Қорытындысында: ұсталғандардың туыстарынан біржарым миллион теңге пара алып, қоя береді. Ал екінші «жүгірмектің» туыстары болса, алтын әшекейлер мен қолға түскен басқа да заттармен, полиция пайдасына миллион теңге «тапсырып» қана, аман-есен ол да үйіне оралады. Өз еркімен қаруды тапсыруға жауапкершілік емес, керісінше мадақталуы керек еді, бірақ ол шаруа қарабайыр полицей «шаруасына» жарап, екі жарым миллион теңге төлетті…

ТОЖ Серікбол мен Алмас Қыстаубаев арасындағы «еркектердің әңгімесі» сәтті бола қоймапты:

— Көмек сұраған сен… уәде еттің… ақырында мен өз достарымды аяқтан шалуға мәжбүр болдым… енді олар мені сенімен біргемін деген ойда…

— Сен сотталған адамсың, сен ешкім емессің, мен саған небір уәдені бере аламын… мен сені пайдаландым… енді сен менің тыңшымсың…»…

Сотталған Қыстаубаев прокуратураға арыз жазады, өз ауызын өзі тігіп тастайды да аштық жариялайды. 1 мамырда ол ауруханаға түседі, ол жерге прокурор Пишиков келеді. Дәрігер сыртқы тұрпатына қарап,нағыз  аштық екенін мақұлдайды, Алмас тағы бір арыз жазып, оны прокурордың қолына тапсырады, ол арыз сол күйі жылжымастан, жоғалып кетеді… 3 мамырда сотталған Қыстаубаев, ТОЖ-орынбасар Бақтияров тарапынан қатер төндірілгенін мәлімдегесін, оны «қатерсіз орынға» жайғастырады, жалғыз камераға.  ТОЖ Серікбол сотталғандарға жаппай қысым жасайды – жоспардан тыс тінту, есірткі іздеген сараптамаға жаппай тасиды… Күн сайын баракты астын үстіне түсіріп тінтеді, оперлар болса былай дейді: — «… бұның бәрі Алмастың кесірінен… ол жазуын қоймаса, бұл жалғаса береді…» сотталғандарды айдап салған түрі.  

Қыстаубаевтың туыстары барлық инстанцияға жазады, мекеме бастығы Тоқановпен кездеседі, Жамбыл облысы бойынша ТОЖ-орынбасар «Қанат Шаймерденовішпен» жүздеседі… оларға бұлар: «сіздің ұлыңызға ешбір қауіп жоқ, бәрі дұрыс», ал жазбаша арызға «фактілердің айғағы табылмады» деген жалтарма жауап келеді… Бұл кезде Жамбыл облысы бойынша ІІМ ҚҚБ қызметкері Айдын Құрабаев сотталған Алмас Қыстаубаевпен кездеседі де, оған «қарсы арыз» беруді талап етеді, ТОЖ-Серікболға қатысты айыптарынан бас тартуды ұсынады, себебі, ананың төбесінде ІІМ-де «енапат шаңырақ» бар дейді, «оған бәрібір ештеңе болмайды, ал сені «шырқ айналдырады»… «Қанат Шаймерденович» «офицер уәдесін» береді, «20 күннен кейін бәрі дұрыс болады», егер де «бас тарту жазсаң» дейді…

17 маусымда сотталған Алмас Қыстаубаев өз ауызы мен көздерін тігіп тастайды. Удай мас «ТОЖ Серікбол» түнімен ҚҰЖ бен ШИЗОға келіп, сотталғандарды сабаумен болады…

ЖД 158/4 мекемесіндегі сотталғандар әңгімесі жазылған бізде талай видео бар,  олар ҚР ІМ ҚАЖК қызметкері Серікбол Бақтияров не бүлдіргенін айтады. Айтып тұрып, бәрін көрсетеді. Алмас Қыстаубаевтың жақындары астанаға кетті… әділдік іздеп…

Біздің жобамыз бас бостандығынан айырылған белсенді азаматтар мен абақтыдағы жандардың құқығын қолдайды.

Бас бостандығынан айырылған туыстарыңыз жайында ақпарат жөнелтіңіз. Біздің бағыт – белсенді азаматтарды қолдау мен қамаудағы адам құқығын сүйемелдеу.

Бізбен байланысу оп-оңай: оң жақтағы фото астындағы WhatsApp иконкасын бассаңыз, әпсәтте байланысамыз.  Ниет танытыңыз, материал жөнелтіңіз, видео жіберіңіз, барлық ақпаратшыларға толық кепіл боламыз. Бізге хабар жетсе болды — жәрдемдесеміз.

 

 

 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.