КСРО ІІХК/НКВД  жүйесіндегі былыққан айуандық туралы деректерді оқығанда немесе фильмдер қарағанда, оның бәрі де әлі де ешқайда кетпегенін білетіндер аз. ІІХК/НКВД, гестапо – бұлар ғимарат маңдайындағы маңдайсөздер ғана емес, бұлар – адамдар. Бұл адамдар басқа адамдарды қинаумен шұғылданатындар. Бұлар тирания мен диктатура басқаратын мемлекеттік жүйеге таптырмайтын адамдар. Өйткені күштеу, қинау, ар-намысты таптау, адамды құл ету – диктатура мен диктатордың өзін сақтау мен қорғауға арналған жалғыз құрал-сайманы.

Қазақстандағы НКВД рөлін ІІМ ҚАЖК атқарады.  Жазалауды атқару жүйесі Нұсқауларды атқару жүйесіне айналып кеткен. ҚАЖК қызметшілері, шарбақтың арғы жағында заңды күніге ондап бұзады, адам құқығын таптайды, күн сайын осылай жылдар бойы жалғасы келеді, үзілген емес. Бұл менің жеке есептегендерім (авт. – Владимир Козлов), ұзақ жылдар ішіндегі байқауларым. Инсайд. Олардың барлық қылмыстары дерлік, жазасыз қалуда. Тіпті жүйе кейбіреулерді біздегі әділсот бар екендігін көрсету үшін анда-санда біреулерді «жемдеп» қоятыны бар  – олар бөлек абақтыда, емін-еркін және тез арада бостандыққа шыға қояды. Диктатура өзін қорғайтындарға барын салып қорғаштайды да, өзіне қарсыларды аямастан басып-жаншиды.

 «Күрескер» жобасының аясында біздерге хабарласқандарға олардың шарасыз халын қоғамға көрсетіп қол ұшын береміз.  Біз құқықтары жаншылған азаматтарды қолдап, өзгелерге де соны ұсынамыз. ҚАЖК – «адам құқығы», «наразылық» деген сөздер бұл адамжегіштерге құқыққорғаушылар түрінде үрей туғызады. Және де қай жерде де адам құқығына қатысты наразылық бұлардың айуандық кекшіл сезімдерін қоздырады.

 

ҚР ІІМ ҚАЖК – елдегі ең жабық күштік құрылым саналады. Және де бұл нағыз – өтірікшіл, сұмдық ұйым.  Бұндағы адамдар ұятсыз, арсыз қызмет етеді, бұнда «офицер сөзі» дегенді дәретхананың кіртүбегіне лақтырып тастай салуға болады,  өйткені оның артында – шылғи алдап-арбау ғана. Бұл мекенде «ақпараттың шығуынан» зәрелері ұшады. Олар оны құқықтық қандай да бір салдар болатынын емес, жоқ  – прокурорлар, судьялар, қайдағы-жайдағы қауіпсіздік қызметі … « олардың лас қолдарынан жем жейді. ҚАЖКға, сотталғандарды ұстауға бөлінген бюджеттің орасан бөлігін қалталарына тыққаннан, соның мәліметі жайыла ма деп қорқады, артынан ол үшін құтылу қиын болғандықтан;  ал кейбіреулеріне уақытша болса да әлгі «астаудан» алшақтауға тура келеді… тыныштық орнағанша.  Біз ол асхананы жақсы білеміз,ол қалай істейді, не нәрсеге жалт қарайтынын да білеміз.  Біз көмектесе аламыз және әрқашан да оны істеп келеміз. Бар болғаны біз жәрдемдесетін адамда шарбақтың арғы жағында әлгі айуандардың қысымына шыдап бағатындай күш болса болғаны.

Сотталған Вахид Ниязтаев  — кәдімгі адам. Ұзақ махаббат шеджіресі, қызғаныш, жанжал, қыздың өлімі. Қасырет пен қылмыс екені анық, оған дау жоқ. Сот алдында ол жол апатына ұшырайды, саусақтарын мықтап жарақаттайды. Ал ҚАЖК медицинасы… жоқ деуге болады. Төрт саусағын кесуге тура келген. Мүгедектікті абақтыда алады. Жүйкесінде де ауытқу бар – Алматы, Заречноедағы «жүз үшіншіге» де апарған,  психоневрологиялық ауруханаға… Абақтыда болғанда, жақсылық та болып үлгерген – үйленіпті. Әйелі ауық-ауық жүздесуге келеді… Емшекте баласы бар.

 2022 жылы ақпанда шымкенттік «жалғызханаға», ИЧ 167/2, әскер кіргізіледі. Әдеттегі ұрып-соғу, кемсіту – «тәрбиелеу шарасының» стандарт жыймасы іске қосылады. Қарсыласады. ШИЗО. Оперлер камераластарына қатысты сөз тасуды ұсынады.  Бас тартады. Тағы да төмпештейді – опер Нұрдәулет пен ДПНК Ғани Нарымбаев. Кейінірек Нарымбаев мекеме бастығының орынбасары болады, оны мадақтайды. Біздің жігіт – Қауіпсіздік қызмет басқармасына, прокуратураға, президент әкімшілігіне жазады… Стандарт жалтарма жауаптар мен стандарт мекендердің жыймасы ғана және жаңаша қинау, кемсіту: «… қайда жазсаң, онда жаз, бізге ештеңе болмайды… ал сен болсаң, әуелі ҚҰЖға (қатаң ұстау жағдайы) барасың, сосын – «жабыласың» (Арқалык, өмірбойғы жаза кесілгендерге арналған толық оқшаулау), және де «шырқайналдыру» (ҚР 428-бабы, «қасақана қарсыласқаны» үшін қосымша мерзім). Жай ғана, уақытша «тергеу», әкімшілік тараптан «қауіпсіздік» үшін жауып тастайды. Сосын тағы  – ұру,соғу.

Басқа абақтыға, ИЧ 167/9, аударады. Бұл да «сасыққа» (ҚАЖК әкімшілігі тарапынан пайда болған сленг) арналған қысым, өйткені оның жеке ісіне тігілген «өздерінше» жазылған айдар бар, ол не деген «сасық», ол қалай «сасиды», және «одан әрі сасымас» үшін оны қалай қарсы алу керек.  

Жаңа абақтыдағы «қарсы алу» деген – ғрыптық рәсім дерсің. Әр абақтыда – өз ғұрпы бар. Сотталғандарды  «столыпинмен» (вагонзак) тасығанда, олар ылғи да бір бірінен сұрастырады – қай жерде қалай «қарсы алады». Бір жерлерде «міндеттейді» (ұрып-соғып, «әкімшілік көмекшісі» қартаңбасын тағуға мәжбүр етеді, енді бір жерлерде «шүберек тығады» (ұрып, айдауыл дәрет сындырғасын, қолмен кіртүбекті жууға мәжбүр етеді), ал кейбір жерлерде  «абыройсыздандырады» (ұрып-соғып, жыныстық зорлауға)… Егер де жай ғана «қаққыласа» (жай ғана ұрып-соғу) – ол енді арман…

Арнайы «ноқаттанғандарға» (жеке ісінде арнайы белгі болады, Вахидта сондай болған) – «қарсы алу» ылғи да ерекше. Сотталған мүгедек Ниязтаевты карантинде үш күн бойы ұрған. Мекеме бастығы Жанболат Қамбаров, опер Асановтар бұған қоса мынаны уәде еткен «…жүздесуге келгенде әйелінен героин табатын болады… сосын сені зорлаймыз… шырқайналысқа барасың… сен өзбексің ғой, орныңды біл…». Қадағалаушы прокурор– минусы бар нөл. Бұның бәрін көріп отырады да күлумен болады… Келген бойда бірден 9 айлық ҚҰЖ береді…

Оқшаулау мен шыға алмауға мәжбүр. Сақалқырғыш пен шеге жұтады. Соңғы мүмкіндік сотталғандардың аман қалу қорғанышы. Ол жер өлім мен өмірдің шекарасы. Тез арада «еркін» ауруханаға алып кетеді. Операция. Үш күн ессіз. Әйтеуір тірі қалады. Қылмыстық іс қозғауға тура келеді – әдеттегідей қағаз жүзінде. Тігіп тастап, 9 шілдеге дейін, тездетіп, абақтыға кейін қарай тазалық бөлімге әкеліп атып ұрады.  Медициналық жәрдем – нөл деуге болады. Оперлер «өлердей қорқытады» — жүре бастасаң болды, ҚҰЖға апарып тығамыз, сосын —  «шырқ айналдыру»…

Түркістан облысында екі мекеме бар — ИЧ 167/2 мен 167/9. ҚАЖД (ҚАЖКның облыстық  департаменті) – біреуі. Бұл айрықша айуандықтың «үйлестірушісі» мен тапсырысшысы да  – біреу. ҚАЖД бастығының бірінші орынбасары Фархат Исакбаев. Мүмкін ол ендігі – бұрынғы шығар. 2022 ж. 10 шілдеде пара алу кезінде ұсталған.  Бұл ҚАЖК қызметшісінің стандарт портретіне деген кезекті штрих, және де аталмыш ахуалға да – айрықша.

Сотталған Ниязтаевқа қазыр ерекше назар керек – ҚАЖК әзір жемдемеген – прокурор Абибашаров, басқалар… тергеушілер, құқыққорғаушылар. Оның бұған алып-қосары бар, және де ол өзінің жазалау мерзімін заң аясында анықтаған құқықтармен өтеп шыққысы келеді.  Біз бұл тақырыпқа жұмыстанамыз. Сіз де көмектесіңіз.

Біздің жобамыз бас бостандығынан айырылған белсенді азаматтар мен абақтыдағы жандардың құқығын қолдайды.

Бас бостандығынан айырылған туыстарыңыз жайында ақпарат жөнелтіңіз. Біздің бағыт – белсенді азаматтарды қолдау мен қамаудағы адам құқығын сүйемелдеу.

Бізбен байланысу оп-оңай: оң жақтағы фото астындағы WhatsApp иконкасын бассаңыз, әпсәтте байланысамыз.  Ниет танытыңыз, материал жөнелтіңіз, видео жіберіңіз, барлық ақпаратшыларға толық кепіл боламыз. Бізге хабар жетсе болды — жәрдемдесеміз.

 

 

 

 

 

 

 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.