Тоқаев «Қарақалпақстандағы тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша өзбек басшылығының шешімін» жалынды сәлеммен қоштады… «Оның дәл уақытында қабылданғанын» атап өтті. Мирзиёев 2022 жылғы қаңтардағы тоқаевтың осындай шешімін  осылай қоштады ма, бірақ та көзқарастардың тұтастығы, диктаторлық режимдердегі «тұрақтылықты қамтамасыз етуді» қалай іске асыру керектігі – әйтеуір бет пе бет.

Ахуал күрделі. Адам құқығы жағынан алғанда – өз алдына егемен болуға құқық бар.  Маңыздылардың бірі. Бұған қоса елдің белгіленген әрі мойындалған шекарасы тағы бар, бұл да маңызды. Бірақ ахуалдың күрделігі одан шығудың жолы жоқ дегенді білдірмейді. Ал енді мына жерде… Бұндай диктатура секілді саяси құрылыстың басты ерекшелігі, маңдай тіреген ережеден шегінудің жоқтығы.  Ондай басты ереженің екеуі бар.

Бірінші – сенің диктаторлық билігіңе көз алартатын деңгейге дейін ешкімді жеткізуге болмайды. Сол себепті де посткеңестік елдердегі «сайлау» — әрқашан да екіжүзді қойылым болып келеді, «диктаторға үміткер» ретінде бұған тағайындалғандар ғана қатысады, өйткені  оған мұрсат та жоқ, және ең бастысы – үміт етуге құлқы болмайды… Бәріміз де «Қазақстан президенттігіне үміткердің» өзінің қарсыласына, Назарбаевқа қалай дауыс бергенін білеміз… Болмаса – қоғамның қолдауынан үрейленген Қосанов өз жеңісінен бас тартқанын да білеміз… Ең жоғары билікке нағыз үміткердің болмауы — диктатураның нышаны. Ымыраласуға келіспейтін үміткерлерді, алыстан-ақ, басында жойып жібереді. Біз Қажыгелдинге, Әблязовқа, Сәрсенбаевқа, Нұрқаділовке түрліше қарағанмен, оларды бір нәрсе біріктірді  – олар мығым болды, тәуелсіз, және де оларға жұрт еретін. Сол себепті де Қажыгелдин мен Әблязов елде жоқ, ал   Сәрсенбаев пен Нұрқәділов – бұдүниеде емес…

Екінші – диктатура ешқашан да адамдардың бірігуіне жол бермейді, әсіресе өзгеше ойлайтындарды біріктірмейді. Нағыз оппозициялық партиялар мен қоғамдық бірлестіктерді құруға жол бермейді. Диктатор тіпті өзінің айналасын да өзара дүрдараз етіп, олардың бір біріне кекшілдігін қоздырған күйі ұстайды. Өйткені олардың біріккен күші бұны басып кетуі мүмкін – сол себепті диктатура ондайға жібермей, алдын алып отырады.

Диктаторлық режимдерде демократияны бетперде етіп ұстайтын елдердегі билік алмасу Конституцияда жазылғандай ешқашан алмаспайды. Бұл дегенің ылғи да «кенеттен» аталатын нәрсе — диктатордың айналасынан, «қауіпсіз» айналадан туындайтын қатер. Түрікпенстан мен Өзбекстандағыдай. Ливия мен Ирактағыдай. Болмаса басқашалау. Қазақстандағыдай. 

Осы жағдайлардан келіп диктаторлар – бәрі де – қоғамды «кірпі қолғаппен» ұстап, «өзгеше ойлауды» алшаңдатпайды. Бұл қажет нәрсе, себебі диктатура кезінде ешбір экономика өз деңгейіндегідей өрбімейді, дамымайды. Диктаторлық «экономика» бар болғаны «басты жанұяның» тоюуы мен кекірік атуына, жақын-жуықтарының майлы жілік ұстауына ғана жетеді. Диктаторға қоғам үшін бас қатырып керек емес, наразы топтар үшін арнайы жасақтаған полициясы бар, арнайы қызметі мен әскері бар… 

Түрлі күштердің «бас біріктірмеуі» аясында диктатураға «себептер мен желеулердің» орасан мөлшерінің болуы тиімді, олар қоғамды қақ жарады, бөлшектейді:  тіл, дін, ұлттар… Бұның бәрі диктатураға майдай жағатын желеулер. Еретін ешкім жоқ – диктатураның бірінші ережесі. Ешкіммен араласа алмайсың, ешкім ұқтырмайды, ешкім ағартумен айналыспайды, біріктірмейді – бұл екінші ереже.

Өзбекстанға қарайтын Қарақалпақстан – дәл осы ахуалға мысал болады. Билік тарапынан өңірдің дамуына деген назар мен жәрдемнің болмауы, осындай үлкен автономияға (Өзбекстан аумағының 40 пайызы) деген күмәнді көзқарас – осындай нәтижеге алып келді. Арандату – жаңа Конституцияға Қарақалпақстанның егемен ел ретінде Өзбекстаннан бөлініп шығу бабын алып тастау бастамасы. Осал болса да арманға тыйым салу. Наразылық шырпы тигендей лып етті. Наразалыққа деген лидерлер пайда болды.Наразылық – бейбіт қана. Наразылықты күшпен басып-жаншу. Ату, қамау, наразылардың белсенді тобын құрту. Қалғандарын қорқыту-үркіту. Бірдеңе ұқтыңыз ба, өзі?

Ахуалдың күрделілігін ұзақ та көпіртіп айтуға болады. Тоқаев сияқты – өзгеше ойлауды және адамдардың құқық пен бостандыққа деген ұмтылысын жеңгені үшін  мирзиёевті құттықтауға болады. Енді мирзиёев те тоқаев секілді қылмыскер болып шықты. Ол өз азаматтарын өлтіретін қанішер болды, Андижанда халқын қырған алдыңғы ұстазындай болды.Путин мен назарбаев сияқты. Барлық диктаторларға тән мирзиёев те халықпен араласып, келіссөз жасаудың орнына, күш қолдануға кірісті. Кәнігі диктаторларға тән мирзиёев те жазасыздығына сүйеніп, өз «құқығына» жармасты – қылмысқа. Бәрі де нағыз диктаторлардай. Бұл да – дәл солай қалады.

«Қайырымды патшаны» күту — мәнсіз, масқара әрі қорқақтық. Диктатурадағы қоғамның жалғыз ғана жақсару үміті – сол қоғамның белсенді, наразы бөлігінде ғана. Оның белсенді азаматтарында ғана.  Әділетсіздікке деген ішкі сезініспен және соны өзгертуге ұмтылатын адамдарда ғана бар үміт. Бұл үшін қуғындалып  жатқан, бар ласты соларға үйіп-төгіп, олардың дауысын тұншықтыруға барын салып жатқан әділетсүйгіш адамдарда ғана — үміт. Бірігуге мүмкіндік алмайтын, басқаларға көмектесе алмауы үшін ылғи да зәбір көретіндерде – үміт. Белсенді азаматтарды қолдау – қоғамның салауатты бөлігін қандай да бір жақсылыққа апаратын жалғыз мүмкіндік. Оларға салынған айыппұлды өтеу, сотталғандардың жанұяларына көмектесу, асарлату, адвокаттар ақысын төлеу – бұлар өзіңе қатер төндірместен өз азаматтығыңды көрсететін ұстаным – олар жетеді. Соған деген құлшыныс болса болғаны. Адам да алдан күткен сұмдықты сезу болса болғаны…

Біздің жобамыз бас бостандығынан айырылған белсенді азаматтар мен абақтыдағы жандардың құқығын қолдайды.

Бас бостандығынан айырылған туыстарыңыз жайында ақпарат жөнелтіңіз. Біздің бағыт – белсенді азаматтарды қолдау мен қамаудағы адам құқығын сүйемелдеу.

Бізбен байланысу оп-оңай: оң жақтағы фото астындағы WhatsApp иконкасын бассаңыз, әпсәтте байланысамыз.  Ниет танытыңыз, материал жөнелтіңіз, видео жіберіңіз, барлық ақпаратшыларға толық кепіл боламыз. Бізге хабар жетсе болды — жәрдемдесеміз.

 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.