ҚР ІІМ: «… қаңтардағы дүрбелеңде ұсталған күдіктілердің көпшілігі  тонауға қатысты істі болғандар…»… Мәре. Қырсық. Масқара. Тоқаевтың қылмысы мемлекетке қарсы. Билікті бөгде елдің әскерімен басып алу болып табылады.

«567 күдіктіге қатысты 346 іс сотқа жіберілді. Олардың көпшілігі жаппай тәртіпсіздік кезінде (424 адам) тонауға қатысқандары үшін, (45) заңсыз қару сақтағандар, жымқырғандар(38), көлік айдап қашқандар (10), қарақшылық (9), бұзақылық  (6)… Сот 388 адамды айыпты деп таныды…»… Бұл ҚР ІІМ ресми хабарламасындағы мәтін.

567 күдіктіден минус сот мойындаған айыптылар 388 = 179 адам айыпты ретінде танылмағандар. Қарапайым арифметика. Қарапайым, бірақ та қаңтарда не болғаны турасында қорытынды жасауға жетелейтін заңды желеу. Бұл енді қауесет емес. Ресми ақпарат негізінде, бұл ақпараттың артында «көзден таса» қалғандармен түзей отыра, тіпті олар қаншалықты құбыжық ақпарат таратса да қорытуға болады.

Тоқаев ОДКБ (Ресейдікі деп есепте) әскерін кіргізуге атаған жалғыз сылтауын еске алайықшы – бір жақтан ұшып келген қарулы 20 мың лаңкестің шабуылы еді,  (сыртқы қатер – ОДКБ әскерін кіргізудің міндетті шарты болатын). Осы «20 мың лаңкес» есі ауыса жаздағанша үрейленген президенттің – дипломаттың – реформатордың «ескертусіз жайрата атуға» бұйрық беруіне желеу болды…  Осы «20 мың лаңкес» барлық БАҚтарда жылтыңдаумен болды, олар жаңа қазақ-буржуалардың, «алматушкашылардың» сілекейлерін жазалаушылардың қолынан өліп, мүгедек болып жатқан бейбіт наразы азаматтар жаққа бүркушілердің  тілінің ұшында болды. Сосын мыңдаған қамалушылар, полиция қабырғасындағы денсаулығы мен ақыл-естері құрығанша, өлгенше жүздеген азапталғандар бар. Қазақстанның рашистік сепарларының есіріктері «құтқарушымыз путинге алғыс» деген сандырақтады… Қаңтарда бейбіт наразылыққа шыққан адамдардың жаппай өз «айыптарын мойындауы» орын алса, енді мына сот үкімдерін қараңыз…  

Ал енді? Әлгі «20 мың лаңкес» қайда? Қамалған және сотталған лаңкестер мен бүлікшілер туралы нақты ақпарат қайда? Тоқаев, оның полициясы мен армиясы кімнен зәресі ұшып, бұрыштан бұрышқа тығылды? Әлгі ұрылардан, бұзақылар мен автокөлік айдап қашқандардан қорыққан ба? ҰҚК қызметшілері өз арсеналындағы қаруларды ұрыссыз кімге бере салған? Өз алдына бөлек есіру әлгі жаппай қыз зорлау жөнінде де болған – ал соның қылмыстық істері мен сотталғандар қайда тым-тырыс жоғалды?

Жарайды, лаңкестерге қатысты қылмыстық іс ҰҚКнің қолында дейік.  Ау – енді бұл туралы ақпарат болмай ма, қайда? Лаңкестікке қатысты қаншама адам айыпталып, қамалды десеңші!? 20 мың бүлікші шабуылдаған кезде өлгендер мен қамалғандар да мыңдап саналуы керек еді. Әйтпесе ОДКБ елдерінің әскері бұнда не бітірді,  «жергілікті күштік құрылымдарға тәртіп орнатуға қол ұшын» бергендер ше- ?

Қарусыз бейбіт наразылыққа шыққан азаматтарды кім қырды? Өз жөндерінде көшеде жүрген қарттар мен әйел, бала-шағаны  кім қоянша атып өлтірді? Ұсталғандар мен қамалған адамдарды кім қинады, азаптады? Әлгі «ұсталған» 15 қызметшіні, артынан дыбыс шығармай ғана құтқару қылмысынан қолың да жидіп түсер еді…  Жендеттер жүздеп саналды… Олардың көпшілігі ештеңе болмағандай қазыр иықтарына жаңа погон тағып, лауазым алды…

Басты қорытынды сұмдық. Тоқаев «сыртқы қатер» турасында қасақана түрде өтірік айтқан, өзіне жүктелген оңбағанның рөлі мен Қазақстанды басып алуға деген путиндік жоспардың сатқыны кейпін ойнаған.Елдің бас қылмыскері Назарбаевқа саусақтың ұшы да тимеді, оның әулеті тонаған жүздеген миллиард солардың қолында қалды.   Бір айдан кейін путин Украинаға басып кірді, ал Қазақстанды Ресейге қатысты санкциялық шараларды өзінің жуып-шаятын басты кірханасы етіп алды.  

Бұған наразылық көрсетіп жатқан қазақстандық белсенді азаматтар путиндік-тоқаевтық режимнің басты нысанасына айналды. Ресейдің бас прокуроры «орысфобиямен күресті күшейту» жөнінде Қазақстанның бас прокурорына нұсқау берді. Қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде даму мүмкіндігін түпкілікті құрту жүріп жатыр;  оның дамуына атсалысқан азаматтар қуғын мен абақтыға түсуде.  Тоқаевтың сөзі мен ісі қарама қарсы жаққа қақ айырылды.

Қазақстанның белсенді азаматтарына қазырғы үнсіз отырған жұрттан қолдау керек. Не болып жатқанын ұғатындар бірігуі тиіс. Қазақстанның даму бағытына, Беларустың басынан не өткенін, Ресейде не болып жатқанын сенімді түрде қосып сызуға әбден болады.   Бұл елдердің азаматтық қоғамы, бұл терминнің әуелгі мәніне қатысты алсақ – мүлдем жоқ. Келіспейтіндер жойылды, елден кетті болмаса — «келісетіндер» қатарына кірді, түнек орнаған сайын қалыңдай түсуде… Әзірге Қазақстанға бұдан құтылудың мұрсаты бар. Әзірге ғана.  

Біздің жобамыз бас бостандығынан айырылған белсенді азаматтар мен абақтыдағы жандардың құқығын қолдайды.

Бас бостандығынан айырылған туыстарыңыз жайында ақпарат жөнелтіңіз. Біздің бағыт – белсенді азаматтарды қолдау мен қамаудағы адам құқығын сүйемелдеу.

Бізбен байланысу оп-оңай: оң жақтағы фото астындағы WhatsApp иконкасын бассаңыз, әпсәтте байланысамыз.  Ниет танытыңыз, материал жөнелтіңіз, видео жіберіңіз, барлық ақпаратшыларға толық кепіл боламыз. Бізге хабар жетсе болды — жәрдемдесеміз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.