Әлі де ұқпай отырғандарың болса, ұғып алың – Қазақстанға қарай жорғалаған рашистік экспансияның жаңа сатысы басталды, әрине оның мәні кәзіргі Беларус сияқты путиндік Ресейдің вассалы түріндегі ҚР-ға да мәртебе беру.

Тауықбас Божко патша, ҰҚК генералы (ол конторда бұрынғы деген жоқ), Өскеменнен шыққан Сергей Васильев деген путиноид сепардың хабарламасын әлеужеліге таратып-ақ жатыр, рашкалық баспрокурор қазақстандық бас прокурормен кездесіп, «русофобтық бүлікшілер мен лаңкестерге» қарсы тез арада шара қолдануға келісіпті-міс. Бұл үшін шілденің ішінде Қазақстанға рашистік «сарапшылар» келмек.  

Ресейден тыс жерде путиндік рашистер «орыс әлемін» қалай қорғайтыны – бұрынғыдан бетер түсінікті болды. Кеше, 27 маусым күні, Кременчукке РФ армиясына тиесілі «дәлтигіш» қанатты зымыранның ұшып түскенінде, мыңға жақын адам болыпты.  Әскери емес, қарапайым адамдар.  Сатып алушылар. Қызметшілер. Әзірге белгілісі – 18 адамның өлгені. 60-тай адам жаралы. 36 адам хабар-ошарсыз саналады. Үйіндіні әлі қопарып қарап жатыр.  

Тоқаев – қазыр путинге Қазақстанды ұстауға таптырмас адам. Оның таптырмастығы енді күмән келтірмейді, өйткені қаңтар оқиғасының қаралы сипаты Ресей тарапынан ұйымдастырылып, арандатылып, жасалғаны анықтала түсті. Бұның қаншалықты дәл күтілген уақытта болғаны сонша (Украинамен соғыс басталар тұс), және де нәтижесі де дәл соншалықты болды. Тоқаев – үлкен тәжірибесі мен өтілі бар нөл-адам. Тирандарға құйрығын тығудан тәжірибесі зор кәсіби тұлға. Ол ешбір мәнсіз әдемі сөйлей алар, және ешқашан ештеңе болмайтын нәрсеге уәдені шебер  бергіш. Өтірікші, безбүйрек әрі құбылғыш әртіс. Оның премьер кезіндегі 2002 жылы, ҚДТ туындап жатқандағы  «Не мен, не аналар!» дегенін еске алсақ та жеткілікті, осыдан кейін жаппай оппозицияны жою қолға алынды, бұны ұға түсу үшін: оның путинге қарай жасаған «ұлтшыл демаршы» – сол құбылғыштығының жалғасы ғана.

Тоқаевтың істері қарама-қарсы мәнге толы. Тоқаев дәуірінде тіпті оппозиция еместерді де жаппай қырып-жою қолға алынды, әсіресе азаматтық қоғамның наразы сегменті қуғынға түсіп жатыр. Полицейлік сүргін, конституциялық азаматтық құқықты жүзеге асыруға деген бөгет, ұстау, қамау, соттау… саяси қамалғандар мен сотталғандардың бұл «реформатор» кезіндегі саны еселене түсті.  

Тоқаев кезінде өзінің мемлекеттік тілін шектеусіз қолдануды қорғайтын құқық тарыла бастады – ондайларды абақтыға салып, елден қуа бастады. Тоқаев дәуірінде қазақтілді пабликтерді, интернет-қауымдарды басқаруды тықсыру, әсіресе, контекстің өзгеруіне қарап айқындала түсті, әлеужелі қатысушыларын қатаң әкімшілеу, бұл топтарға «керек емес» материалдарды жібермейтін ішкі цензураны күшейту орын алды.   

Қарапайым жұртшылыққа қаңтардағы оқ жаудыру қазақ қоғамында өзгеше ойлайтындардың көзін құртуды оңтайлы дейтіндердің саны қыруар екенін аңғартты. Олар кісі өлтіргіш тоқаевты қолдады, олар өздерінің көптігімен адам өлтіргіш президент пен дәл қазыр Украинада геноцид жасап отырған әскери қылмыскер путинді жақтады.  Бұған таңданудың керегі жоқ, бәрі де тұтастай іске асып жатқан шаруалар…

 

Ресейден тыс «орыс әлемі» – өзге ұяда өсіп жатқан көкек балапан. Оның міндеті – ұядағы өзіне дейінгі балапандардың бәрін қырып тастау. Оның мақсаты – ұяны басып алу. Бұл насихаттың нәтижесі емес, ол екінші қатардағы нәрсе. Жүз жыл бойы бәлшебиктер отар санаға «аға орыстың синдромын» сіңіріп келеді; алғаш рет бұл туралы Мұстафа Шоқай өткен ғасырдың жиырманыншы жылдары жазып кеткен.  Сол себепті де барлық орыстілді әр елдегі путиноидтар, қай жерде болса да, диваннан тұрмастан қатыратындай, өздерін қолдарына мұрсат берілген «ағадай» сезінеді. Олар Ресейге барғысы келмейді. Олар өздерінің ішіндегі Ресейде қалғысы келеді. Украинның Қырымында қалған сықылды.Украинның Донбасындағы сықылды. Және де олар осы үшін қылмысқа баруға дайын. Қасындағыларды қыруға әзір. Өздеріне іні көретіндерді. Қайырсыздарды. «Ұмытқандарды» — «бұның бәрін» өздеріне кімнің бергенін ұмытқандарды… Нацистерді, русофобтарды, ұлтшылдарды… бәрін де. «Вова ағай, көмектес!»…

Қазақстан үшін ұлттың егемендігіне қатер төнген жағдай туып келеді, «аға елден» туындайтын қатер… Егер де үндемейтіндер үнсіз қала берсе, онда бұралқы экспансияның өткір жүзіндегі тұрған белсенді азаматтар қалмайтын болады. Онымен бірге тәуелсіздік те қалмайды. Онымен бірге азат Қазақстан да болмайды.

Рашистік-путиндік агрессия – тығылып қалуға болмайтын масқара шындық. Оған қарсы тұруға болады – және сол керек. Оны Молдова да, Литва да, Финляндия да, Швеция да және Ресей зымырандары жететін басқа да елдер ұғып болды. Тоқаев – оған қарсы тұратын адам емес. Малай ешқашан қаһарман болмақ емес. Ол алдаумен және құбылумен күн кешеді.Ол сол үшін 2022 жылғы қаңтарда қойылған.  

Ғұмырымның біраз бөлігін мен Ақтауда өткіздім (авт – В.Козлов). бұрынғы Форт Александровский, кәзіргі Форт-Шевченкодан жүз шақырым жерде, ол жерде  Тарас Шевченко да айдауда болған. Ол қалада оның музей-үйі бар. Сол жерде мен оның қазыр да маңызын жоймаған, ешқашан жоймайтын, барлық жерге керек, құл еместерге, қорқақ еместерге, малай еместерге арналған сөзін оқыдым: «Күрессең – жеңесің! Жаратқанның өзі-ақ қолдайды! Шындық та, даңқ та сен жақта! Қасиетті ырық та сенде!».

Жеңу үшін – күресу керек. Басқа нұсқа жоқ.

Біздің жобамыз бас бостандығынан айырылған белсенді азаматтар мен абақтыдағы жандардың құқығын қолдайды.

Бас бостандығынан айырылған туыстарыңыз жайында ақпарат жөнелтіңіз. Біздің бағыт – белсенді азаматтарды қолдау мен қамаудағы адам құқығын сүйемелдеу.

Бізбен байланысу оп-оңай: оң жақтағы фото астындағы WhatsApp иконкасын бассаңыз, әпсәтте байланысамыз.  Ниет танытыңыз, материал жөнелтіңіз, видео жіберіңіз, барлық ақпаратшыларға толық кепіл боламыз. Бізге хабар жетсе болды — жәрдемдесеміз.

 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.