«… күдіктілерді азаптаған арнаулы және құқық күзет органдарының 15 қызметкері күдікті ретінде танылды…». Бұл мыңдаған 2022 жылғы қаңтар-ақпан арасындағы полицейлердің айуандық қылықтарын тергеудің қорытындысы. Елді жайлаған жаппай ыңырсу, қанға бөгу, кектенудің аяғы осы. Жұртқа әйгілі болған масқара қылмыстардың белсенді белгілі де беймәлім азаматтарды қинаған «азаптау спортзалдары», жүздеген арнайы қызмет пен полиция қызметшілері туралы тараған хабардың соңы осы болып шықты… Атылған оқтан өліп, бірінің үстіне бірі айқастыра қаланған қарттардың әйелдер мен балалардың мүрделері… «ескертусіз жайрата атқан» мергендер… үш жүзге тарта өлгендер мен саны белгісіз «хабар-ошарсыз жоғалғандар»… мүгедек болып қалған ондаған адамдар…

Егер тек қана таза заңмен айтқанда – онда әскерилер мен арнайы қызметшілердің, полицейлерге қатысты қозғалған қылмыстық істің  саны да кемінде өлгендер мен кемтар болғандар санымен шамалас болуы керек еді. Өйткені кісі өлтіру деген – адам өлтіру, басқа ештеңе емес. Әрбір адам өлтіру қылмысы бойынша тергеу оның айыпты-айыпсыздығына қарай қорытынды жасауы керек еді, күш пен қарудың қолданысына қарай, оның заңды қолданылуы тергелуі керек еді…

Сол себепті де тоқаевтың «билік реформалаушылары» әлі күнге жазықсыз өлгендер тізімін ресми түрде жарияламай отыр, тек қана күдікті цифрды ғана мәлімдеді.Өзінің кісі өлтірушілерін жауаптан жалтартып, барлық лас ақпаратты жазықсыз қырылған… қарттар мен әйел, бала-шағаға жауып… көшеде кездейсоқ өткендерді қоса жазғырып  жауып құтылып отыр… Сол себептен ғана. Қайғылы тізімдегі әрбір есім заңды талаппен «айыпты не айыпты емес»… әрбір «айыптыға» оның айыбы көрсетіліп, дәлелденуі керек… оның кісі өлтіруге деген заңдылығы ашылуы тиіс… әрбір өлген адамды өлтірген айыпты анықталуы керек, кісі өлтірушілер… әрбір жендет жазаға тартылуы керек… кім де кім бейбіт жандарды кемсітсе, қорласа, азаптаса, мүгедек етсе, өтекпен арқасын шыжғырса… ал бұндай хабарламалар мыңдап саналады. Ал ақырында – «…15 қызметші ғана күдікті…»… Тергеу бітті. Ұмытыңдар…

Полицей боларда-ақ ол салаға барған адам қылмыскер болып кіреді – полицейдің оқалы киімін кию үшін пара береді – бұл дегенің бастапқы «еңбектің өтемі». Бұлар погонды иелену үшін ғана емес, әлгі «жарнаны» қайтару үшін жанталаспайды, сол погонмен «табыс табуға» кіріседі… осы екі ортада қайдағы бір «ақылдылар мен сасықтар» (погондылар өз құқықтарын талап етушілерді осылай атайды) шықты.   Осыдан келіп олар – қырсықты, кекшілдікке ұласты, қылмысқа барды. Олардың президенті, өйткені оларға «ақша үшін қызмет етуге», «шаңырақ болуға», рейдерлік қарақшылаққа, өз үлестерін тартып алуға мүмкіндік берді… ал осы жерде… Сен, не президентке қарсымысың?! Ендеше сыбағаңды ал!

Ресми мәліметке қарағанда, 80-ге жуық адам бас бостандықтарынан шартты, шартсыз түрде айырылыпты. Бұлар – әлгі қызметшілер емес, қарапайым азаматтар. Арқасы өтекке шыжғырылған адам қандай қылмысты да мойнына алмай қайтеді, шартты мерзімді «қағып алу» үшін, полицей тозағынан құтылу үшін хаттамаға қол қояды… Әйтпесе – 15 жыл.

Әлгі погондылар олардың ісін «тергейді», кім соларды ұрып-соқса, қинаса, азаптаса, қорласа, солар – бізге ештеңе болмайды, біз президентке қызмет етеміз, ал саған бұйыратын мерзім –  тозаққа апарар билет,сосын қоршаудың арғы жағында да біз қараймыз…

Шыны сол. Жаңаөзендегі оқ жаудырған ондаған жендеттердің санаулысы ғана жүйенің қарауымен сотқа барды, олар ұсталған бойдан нанға жаққан майды болды.  Тергеу, соттау, үкім олар үшін – бәрі де барынша жанға жайлы өтті.Бөлек камера, ешбір қысым жоқ, бәрі де «жаңаөзендік қасапшы» Сүлейменовтың назарында болды. Оның өзі келіп, әлгілермен сөйлесті, кепілдік пен уәде берді… Олар сотталушылар рөлін ойнады.

Бұның бәрі қылмыстық қарым-қатынас «трассасында» өтті. Үздіксіз азпарат қатынас түрін түрме мен абақтыда осылай атайды. Жазаның бабы кісі өлетіндей емес, бар болғаны: «қызмет бабын пайдаланып»… деген, болмашы мерзім беріліп, БҚлар (бұрынғы қызметші) отыратын бөлек «буданда» (заңнан тыс артықшылық жасалған орынжай), отырады, баракта емес. Оларға ешқандай тексеру, жұмысқа жегу, тиісу болмайды, сәлем-сауқат шектелмейді, не кіргізем десең де, тамақ жағы тек «үйден» және де жылт еткен «желкөзден» (форточка – «шартты» жазаға өтетін болмашы мерзім) – үйлеріне тартып отырады… Бұл әлгі рөлдегілер үшін. Тоқаевтың «билік реформаторларына» – бәрі бар, дұшпандарға – заңнан тыс полицейлік жүгенсіздік қарастырылған. Достар деген – кездейсоқ билікті басып алғандардың аман отыруларына қолғабыс ететіндер, ал жаулар – …

Ермек Әбдірешевке қаңтарда бетіне оқ тиген. Ол қарусыз еді. Әйтеуір оқ кеңсірігін жалап өтіп аман қалған. Ақпанда оны бір рет жауап алуға шақырыпты. Кім атты, неліктен…

Саят Әділбекұлы оны қалай ұрғанын, денесінен ірің саулаған катетерді жұлып тастағанын, қинағанын, қорлағанын айтты… ал тергеуші қайран қалды: қандай азаптауды айтасың?! Сені өтекпен шыжғырған жоқ қой!

Қосай Маханбаев осындай тозақты бір жыл кешті. Тергеудің ашықтығын талап еткенде  – тағы да ұсталды. Полицейлік айыптау – әбден есірген! Бұлар сол азап пен тозақтан тірі қалғандар. Батылдық білдіріп әділдік талап еткендер — осылар.

Қаңтар 2022 қоғамды сынған шыныдай бөлшектеп кетті.  Оқиға кезінде зардап шеккен буржуалар, енді «ескертусіз оқ атып жайратуға» әлемге жар сала бұйрық берушіні қолдап жүр. Олар үшін ол – құтқарушы. Қалғаны маңызды емес. Жолбарыстың айыбы жоқ. Туыстары өлгендер, әділ тергеуді талап етушілер, полиция тарапынан қатал қысым көруде – олардан тіс жармауды, ұмытуды талап етуде. Кезекті реформаның уақыты келді, елде жаңа диктатор-реформатор… Бұның бәріне пысқырмайтындар бар, олар – көпшілік. Ал – белсенді азаматтар, құқық күзетушілер… Кімдер аз екенін, кімді ұратынын көзі барлар көріп, ұғып отыр… Бірақ олар да бар  – бар үміт осыларда. Елдің үміті — осылар.

Қаңтарда оққа ұшып өлген төрт жасар Айкөркемнің жанұясы елден қашуға мәжбүр болды, ҰҚК аңдушыларының қысымына шыдамады. Аңдушылар тоқаевтың ҰҚК-і. Айкөркем болса, өз сұрағына көктен қойылса да жауап ала алмады– «…мені кім өлтірді… неліктен..? …мен не істедім, ағалар..?»…

Ал басты комитетші Мәсімовтің соты жабық болады. Шындық Қазақстанда бұрынғыдай мемлекеттік құпия саналады. Тоқаевтың реформасы бұл жерге әлі жолайтын түрі жоқ…

Біздің жобамыз бас бостандығынан айырылған белсенді азаматтар мен абақтыдағы жандардың құқығын қолдайды.

Бас бостандығынан айырылған туыстарыңыз жайында ақпарат жөнелтіңіз. Біздің бағыт – белсенді азаматтарды қолдау мен қамаудағы адам құқығын сүйемелдеу.

Бізбен байланысу оп-оңай: оң жақтағы фото астындағы WhatsApp иконкасын бассаңыз, әпсәтте байланысамыз.  Ниет танытыңыз, материал жөнелтіңіз, видео жіберіңіз, барлық ақпаратшыларға толық кепіл боламыз. Бізге хабар жетсе болды — жәрдемдесеміз.

 

 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.