Тоқаевтың кезекті СӨЗдеріне қатысты әлеужеліні кернеген таңданыс пен масаттану бір ғана нәрсені байқатады – Қазақстанның азаматтық қоғамы,тіпті наразы сегментінің өзі алдануға ыңғайлы тұрады, елдегі жап-жаңа тарихтың өзін оп-оңай ұмытады/есте сақтағысы келмейді, және де «құлағымен ғана сүюге» құмар.

РосТВ телекартинасына біздің қоғамның бір бөлігі табиғи түрде соншалықты «түршігетіндей», дұрыс ойлай алатындардың бойында жағымсыздық туғызуы керек еді.  Сахнада – науқас және маниакталған диктатор, барлық мәселені әскери құбыжық қылмысымен шешкісі келеді, оның ашық насихатикасы, ойластырылған әрі шімірікпейтін өтірікті әрбір тыныс алған сайын құсуда, — соны Қазақстан президенті де қайталап отыр. Бұндай көрініс кез келген ауыздан шыққан сөзден артық сөйлей алады.  

Тоқайдың ДНР,ЛНР тағы басқа путиндік псевдоістері турасындағы «барыстай қатаң» сөздері  путиннің редакциясында мақұлданған нәрселер. Тоқаев өз рөлін өзі ойнап қана отыр. 2002 жылы оппозициялық ҚДТ республикалық бірлестігі құрылған күні ертесіне, премьер бола жүріп тоқаев, «күтпеген жерден» өзінің қожайынына, назарбаевқа, «не мен, не аналар» деп, ҚДТны қолдағандардың бәрін мемқызметтен шығаруды талап еткені бар.   Ол кезде де премьер Тоқаев бар болғаны назарбаев әзірлеген «шүріппені» басып қалды. Вице-премьерден бастап, облыс әкімі, министрлер мен вице-министрлерге дейін ондаған адам бір күнде орындарын босатты.  

Тоқаев ылғи да «әдемі сөйлейтін ауыз» болып келеді. Бұл оның саяси амплуасы. Әлде болмаса біреулер қатаң да маниакталған күмәнді назарбаев Сенат спикерлігіне өзінің тағынан жарты метрдей жерге – ойы алшақ әрі тәуелсіздеу және өзіне қауіпті біреуді қоя салады деп ойлауы мүмкін… Тоқаев осы кейіпке сол жерде ұзақ жылдар отырып қалыптасты…

Тоқаевтың «ДНРді мойындамауы» оның Қырымға қатысты ұстанымымен-ақ быт-шыт болды. Ол жөнінде тоқаевта ешбір сұрақ жоқ: бұл «аннексия емес» дейді, демек – Қырым ресейдікі.  Шекараның бұлжымастығын сақтауға қатысты Қырымның қандай айырмасы бар, және ДНР сепаратизміне жол бермеуге қатысты алғанда екеуі де бірдей принцип емес пе?   Бұл жерде путиннің ұстанымынан басқа ешбір айырма жоқ. Тоқаевтың жаңа қожайыны оған Қырымды басып алу турасындағы құқық аспектісін талқылауға тыйым салған.  Басқасын айта беруге болады.  

Путинге Украинамен соғысуға Қазақстанның жарты күнге ғана жетер-жетпес әскери әрекетке шыдайтын ойыншық армиясы керек емес. Оған Қазақстанның жері дәл кәзір керек те емес.  Мынадай президентпен ол қиналмастан тартып алады:   7500 км  құрлықтағы ортақ шекара ресейліктер үшін қазыр толығымен ашық, сонымен бірге  қазақтарды өз жеріндегі бизнестен ығыстыруға барлық мүмкіндікке жол ашылды. Путиншіл Ресейге зымыран атқылауға Киевке жап-жақын Беларустің жері қолайлы.  

Путинге санкцияға шыдау үшін қолданатын «кірхана» керек. Және де оған бұл «кірхананың» карикатуралық түрде болса да тәуелсіз сықпыты қажет. Ал енді қазырғы қазақтың «барысына», тәуелсіз мемлекеттің президентіне қарап айтылған «кемелжануяевичтер» — малайға өз орнын нұсқап қоюға қажет ишаралар ғана.

Кәсіпқой «тоқ» сөйлемпаздың сөздерінен эйфорияға ұшырайтын Қазақстанның наразы қауымы, басын сілкіп, қажет нәрселерді еске алғаны абзал. 

Тоқаев – бірнеше ондаған жылдар бойы диктатураға сенімді әрі ақылы қызмет етіп келе жатқан тұлғашық. Ұлының бизнесі, жылжымас мүліктер, Мәскеудегі отбасы… Бұның бәрі игі еңбектен құйылып жатқан жоқ.  

Тоқаев – «Назарбаевтың саяси ғұмырын жалғастыруға» ант берген адам және соны істеп отыр; оның тұсында саяси қамалғандардың саны еселеп артып кетті.

Тоқаев – Путиннің иек артқан адамы және 2022 жылғы қаңтарда дипломат-президент үшін масқара пәрмен бергізіп: «… мен жайрата оқ атуға…бұйрық бердім…»… Тоқаев – жүздеген адамды жайратушы, олардың ішінде әйелдер мен бала-шаға да бар… Тоқаев – қаңтардағы БІР ДЕ БІР кісі өлтірушіні анықтамаған, ұстамаған және мыңдаған адамның жаны мен тәнін мүгедек еткен БІР ДЕ БІР жендет-полицейді соттамаған адам.

Тоқаев – Қазақстанға кішкене ғана өзгеше ойлаудың путиндік-ресейлік нөлдік төзімгерлік нұсқасын енгізуші; наразылықты «құрсағында» құртудың алдын ала полицейлік үлгісін тықпалаушы; енді ол БАҚтарды қолға ала бастады: бұдан былай ақпаратқа тек қана әлдебір «кодекске» қол қойғандарды ғана жіберетін болады…

Тоқаевтың өтірік көпірмелеріне қайран қала отырып, 2022 жылғы қаңтарда миллиондардың амалсыздан қарусыз лықсып көшеге бейбіт шыққан адамдарды түрмеге тоғытып жатқанын ұмытпау керек. Ильнур Тұрдахметов, Мереке Ырысбек, Ролан Маратов, және басқа жүздеген студенттер, жастар, елдің болашағы абақтыда жарым жастарын кемітетін болды… Осы масаттану аясында олар полицейлердің тозағынан, қоғамның енжарлығы үшін сазайларын тартып, абақтының 15 жылын алмау үшін, мойындарына «жүктелген» айып пен «шартты» жылдарды амалсыз қабылдауға мәжбүр болып жатыр…

Қаңтарда қаза тапқан қаршадай Айкөркемнің жанұясы президент Тоқаевтың  жабайы әрі аяусыз күштік құрылымдарының қуғынынан  елден кетуге мәжбүр болды…

«…Бұл айтулы датаны РФ өзінің тарихындағы күшті де абыройлы, халықаралық тұрақтылық пен қауіпсіздікке үлес қосушы мемлекет есебінде атап өтеді… сіз әзірлеген стратегиялық бағытты қатаң сақтай отырып, Ресей жемісті…»… — міне бұл нағыз Тоқаевтың сөзі. Биылғы «Ресей күнінің» үлгісіндегі сөзі.  Сол Тоқаев,  бұл сөздерді ресейлік зымырандар украин қалалары мен халқымен қоса жойғылап жатқанда, шімірікпей айтты. Ресейлік орктер адам зорлап әрі украиндарды өз жерінде қырып жатқанда аузынан шыққан сөздер.  Тоқаев – бар болғаны малай. Оның енді жаңа қожайыны бар. Және де оның бізге, қазақтарға түкіргені…

Және де сізге де, оның сөзінен масаттанушы, ағайын, осы тиесілі. Қазақстанның тізгіні сіздің қолыңызда емес. Сіздің рөліңіз – малайлану мен масаттану ғана. Бұған қатысты қата қалсаңыз да жеміс тілемеймін.

Біздің жобамыз бас бостандығынан айырылған белсенді азаматтар мен абақтыдағы жандардың құқығын қолдайды.

Бас бостандығынан айырылған туыстарыңыз жайында ақпарат жөнелтіңіз. Біздің бағыт – белсенді азаматтарды қолдау мен қамаудағы адам құқығын сүйемелдеу.

Бізбен байланысу оп-оңай: оң жақтағы фото астындағы WhatsApp иконкасын бассаңыз, әпсәтте байланысамыз.  Ниет танытыңыз, материал жөнелтіңіз, видео жіберіңіз, барлық ақпаратшыларға толық кепіл боламыз. Бізге хабар жетсе болды — жәрдемдесеміз.

 

 

 

 

 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.