Әдетте біз жобамызда қылмыстық істің егжейін сөз қыла бермейміз. Біздің жобамыз белсенді азаматтар мен бас бостағынынан айырылған адамдардың құқығын қолдауға мамандалған. Бұл бағыт бізге тонның ішкі бауындай жақын. Мына сабақтас «желіге» назар салыңыз: белсенді азаматтар шарасы – саяси және құқыққорғау қызметі – полицейлік қуғындау – қамау – ҰҚК түрмесіндегі ұстаудың салдары – соттау – абақтылар – бас бостандығынан айырылған жағдайдағы құқыққорғау қызметі – абақтыдағы қысым (ШИЗО, СУС, арандату, өмірге қатр төндіру) – шартты түрде босату – «қара тізімге» түсу жағдайындағы тірі қалудың мүмкін еместігі – Қазақстаннан кетуге мәжбүр болу – саяси миграция егжейлері – саяси босқын мәртебесін алу – Қазақстаннан тыс саяси және құқыққорғау қызметі… жиырма жылдық осы тәжірибелердің барлығы осы «желінің» қандай да бір сатысындағы адамдарға пайдалы болуға бізге үлкен жәрдемі бар. Ал енді қылмыстық істің егжейі – адвокаттардың жұмысы.

Бірақ біз қолға алған жұмыстың бірнеше маңызды ерекшеліктері бар. Біріншіден, мен (авт. – Владимир Козлов) бізге хабарласқан адамды жақсы білемін. Екі рет алты ай бойы қатаң ұстау тәртібінде  (ҚҰТ, бұрынғы атауы – КТБ, күшейтілген тәртіптегі барак),50 шаршы метрге қамалған 42 адам ішінде болдық… ол жерде талайы болды, адамдар өздерінің  соңғы сипатын көрсетеді. Ондағыларға сенбеуге менің ешбір негізім жоқ.  Екіншіден, істі тергеген ҰҚК, бұл да жанымызға өте жақын нәрсе. ҰҚК қарауындағы істе – адам құқығы, заң деген тергеу кезінде бос дыбыс қана. Үшіншіден – 2022 жылғы қаңтардағы оқиға бұл істің дал-дұлын шығарды, заңдық салмақты негіздеме пайда болып, оның толығымен ойдан құрастырылған іс екеніне және қайта қарауды талап ету мүмкіндігі туындады. Енді төртіншіден  – сот өтті, бұл істің фигуранттары 6 жылдан 19 жылға дейінгі бас бостандықтан айырылу үкімдерін арқалап абақтыларға таратылды. Міне сондықтан да —  біз осы істеміз.

11 фигурант. Бұлар менің білуімше – қылмыстық ортадан шыққандар. Кейде біздің материалдарымызға «ол сонда неліктен отыр?» болмаса «оларға сол керек» дегендей комментарийлер жазылады. Көзқарас түсінікті, қарабайыр, бірақ дұрыс емес — бұрыс.  

Адам құқығы ол туған сәттен бастап бірге дүниеге келеді. Қалған заңдамалар, Конституциядан бастан заңсипатты актілер – шын мәнінде адамның осы құқықтарын жүзеге асыруға бағытталған құжаттар.  Құқыққорғаушы адаммен емес, оның құқығымен жұмыс істейді. Құқығы қорғалатын адамның тегі мен тарихы қорғаушыға бар болғаны – кімнің құқығын қорғау керегіне көз жеткізу үшін керек.

Егер де біз құқықтық мемлекет орнату қажеттігін айтсақ, барлығы бірдей заң үстемдігіне бағынатын ел туралы көксесек, ешкім де одан жоғары тұрмауы керегін көздесек, онда мәртебесі барлар мен  погонды «құқық күзетушілер» заңды бөксесінің астына тыға салып,сотталғандар құқығын шімірікпестен, екіжүзділікпен оңды-солды тәрк етіп жатқанда «оларға сол керек» деген тақырып қозғалмау керек.  Заң – жұрттың бәрін де қорғауға болмаса жазалауға ортақ, әйтпесе ол – заң емес.   

Мына бір істің тарихы қарапайым ғана. 2020 жылы қаңтарда бір топ адам Алматы облысында, ішіндегі біреуінің немере туысының жазасында болады. Жаназа үстінде қаза болған немере қарындасты алдап соққан екі кісінің отырғандығы сол жерде дауға айналады.  Екеуі де мықтап таяқ жейді, біреуі бірнеше күннен кейін ауруханада көз жұмады. ҚР ҚК 106-бабы. Бәрі түсінікті. Бірақ…

Кәдімгі полицейдің шаруасы, кенеттен ҰҚК қарауына беріледі. Өйткені, фигуранттардың бірі – бұрынғы «заңдалған ұры»/ вор в законе. Полиция оны баяндап, комитет оперлері «оңай олжа» қылғысы келген. Ал қылмыстық кодекстің 106-бабы –  «комитеттікі» емес, ол үшін іске «құрам қосу» керек, сөйтіп үлгерді де – төбелеске қатысқандардың бәрі ҰҚТ (ұйымдасқан қылмыстық топ) болып жария етіле салған…

Бұл «топ» газелдің айдаушысы, сүт зауытының жұмысшысы, марқұмның туыстары, тіпті бір бірін танымайтындар, бұрын өмірде кездеспегендер бәрі – ҰҚТ болып шыға келген.  Бәрі де – атақты әрі қайғылы «онтөртінші спецпродолдан» (түрменің бір жағын бөліп оқшаулаған орынжай) бір шығады – СИ18). Полицей тұрғақтардың/постовой орнында – ҰҚК қызметшілері, әр жерден іссапармен тартылған  шекарашылар, тергеушілер, оперлер, кураторлар бәрі – ҰҚК. Бұған толық сенем, өйткені жақсы білем. Дәл осылайша менің де ісім Ақтау Сизосында орын алған. Спецпродол, тұрғақ комитетшілері,арандатулар…

Тергеушілер — Айдос Қалтаев, ҰҚК 5-департамент бастығының орынбасары, Жомарт Алтынбеков, тергеу тобының жетекшісі Мсог Дусказиев, жауап алуға алдын ала хатталған, әзірленген хаттамамен келіпті: «…қол қоймасаңыз – әңгіме басқаша өрбиді..».

 

Шекарашылар–вертухаилар Жасұлан Нүкебаев (Петропавл), Самат Боранбаев (Павлодар), Қуаныш, Абылай Әбдимаш, Серік Қасымов (Шонжы), Александр Шабалов (Қостанай), Айдар (Ақтөбе), Дастан Өмірзақ (Ынтымақ), аға тұрғақ Қайрат Сартаев – бұлар «өзара басқаша әңгімелесті», ұрды, соқты, қинады, «қажет» айғақтарды сығып шығарды.

Өтірік куә болудан бас тартқан Бастаубаев, тергелуші  Рустам Балабеков,төбелес кезінде өзінің өмірін сақтап қалғанын айтты – әлгіден куәгер болудан бас тартатындай анаша партиясын «тапқанын» жеткізген де, әлгі 12 жылдық қамаудағы ғұмырды қағып түсіпті…

Оперлер Хамит, Әсет Мақашев, ұрып-соғуды басқарыпты «…біз республикалық ҰҚКтенбіз…бізге ешкімнің бұйрығы өтпейді…қалай айтсақ, солай болады…». Әсет Мақашев қазыр Жамбыл облысы Мойынқұм ауданында ҰҚК басқарады. Опер Айбек Жалмұрзаев сотқа қатысып, прокурор Бекбаевқа, Алматының қылмыстық іс бойынша ауданаралық судьясы Кәкімжановқа  смспен нұсқау беріп отырыпты. Сот үкіміне дейін-ақ, барлық «ҰҚТ мүшелеріне»  мерзімді де сол тағайындаған. Сот төрешісі сот барысында әбден жалығып, куәлер мен сотқа тартылғандардың жауаптарына назар да аудармаған, оған қажеттілік қалмаған. Ол бар болғаны ҰҚК опері Жалмұрзаевтан жеткен СМСтерді оқумен болған және соның жетегінде болыпты.  Соттың үкімі есебінде бар болғаны прокурордың айыптау қорытындысының бір бөлігін оқып шыққан…

2020 жылдың ақпанынан 2020 жылдың ақпанына дейін – тергеу, сот, апелляция… Бұл уақыттың бәрінде де әлгі бейбақтар «спецпродол» жағдайында ұсталған. Қазыр олар Қазақстандағы абақтыларға шашып жіберілген. Келіспесе, әділдік іздеп «соқтығысады».  

Қаңтар оқиғасы ҰҚК қатарын біршама дүр сілкіндіріп тастады. «Ешкімнің бұйрығы өтпейтін» «аспандағылардың» бірқатары – енді өздерін өзге тағдырлармен тағдырлас сезінді.  СИ18-дегі «ҰҚК он төртінші спецпродолдың» басты үйлестірушісі, ҰҚК 5-департамент бастығы, Руслан Искаков – «қылмысты бүркеуші» ретінде күдікпен ұсталды. Бірнеше оперлер СИ18-де жатыр; оларды «өздеріне айтарлықтай жағдай сатып алған» есірткі барыгаларымен бірге «санпродолда» ұстап отыр.

Заң үстемдігі бәрінің үстінен қарайтын елдерде, тергеушінің болмаса оперлердің тергеген істері автоматты түрде қайта қаралады.Қазақстанда олай емес. Сондықтан да өздерін заңсыз соттағандығын білетін адамдар, әділетке қол артуға тырысады.  «Соқтығысады».

Олардың есімдері мынау:

— Рүстем Балабеков, ЖД 158/7 мекемесі;

— Илья Таранов, ЕЦ 166/4 мекемесі;

— Назим Мамедов, Абдулғани Асматулаев, Азизжан Асматулаев, ЛА 155/12 мекемесі;

— Руслан Балабеков, АК 159/6 мекемесі;

— Жұмамбек Бастаубаев, ОВ 156/2 мекемесі.

ҚАЖК түрмелері мен абақтыларында әділдік іздеп  «соқтығысатындарды» жақсы көрмейді. Рүстем Балабековке қарсы абақтыда арандату басталып кетті: әуелі қызметшілер оның қалтасына күшпен телефон тығып жіберген, сосын «видеожазбамен» — оны тауып алған. Ондай жүгенсіздікті куәгерлердің көз алдында істеген.  Арандатудың соншалықты дөрекілігіне қарап, бұдан да басқа масқараның алдын алу үшін сотталған Балабеков «ақтарылуға» (өзінің денесіне тілік салады) мәжбүр болады; бұндай жағдайда өзіне қадағалаушы прокурордың назарын қаратуды жалғыз амалы осы ғана. Оқиғаны одан әрі қадағалаймыз.

Біздің жобамыз бас бостандығынан айырылған белсенді азаматтар мен абақтыдағы жандардың құқығын қолдайды.

Бас бостандығынан айырылған туыстарыңыз жайында ақпарат жөнелтіңіз. Біздің бағыт – белсенді азаматтарды қолдау мен қамаудағы адам құқығын сүйемелдеу.

Бізбен байланысу оп-оңай: оң жақтағы фото астындағы WhatsApp иконкасын бассаңыз, әпсәтте байланысамыз.  Ниет танытыңыз, материал жөнелтіңіз, видео жіберіңіз, барлық ақпаратшыларға толық кепіл боламыз. Бізге хабар жетсе болды — жәрдемдесеміз.

 

 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.