5 маусымда тоқаев жұртты референдумға жинап жатыр. Онсыз да назарбаевтың жамап-жасқауынан әбден тозған атаңзаңымызды енді «төрелердің қызметшісі» де жамауға өршелене ұмтылып жатыр. Бұл жолы Конституцияға ондаған «өзгерістер» бір ғана «иә» деген жауаппен енгізілмек және оның қабылданатынына ешкім де шүбә келтірмейді. Әлде ондайлар бар ма? Біздің мұғалімдер дауыс ұрлау мен «санауды» жақсы біледі.  

Шындығында бұл референдум екі сауал ғана қойып отыр – оған бару керек пе, әлде жоқ па деген. 2022 жылғы қаңтарда не болғанын білетін дені мен есі дұрыс адамға, тоқаевтың әйгілі «жайратуға» берген бұйрығынан кейін жауап тек қана біреу болуы керек  – референдумға бармау! Мынадай бастамасы бар адамды қолдауға мүлдем болмайды:

 — тиранның қасында малай-президент болуға келіскен адам;

— елді басқарып отырған сыңай танытатын адам;  

— сол себепті – ол қаңтар сынағынан өтпей қалған кісі;

— «сыртқы лаңкестік қатер» туралы өз еліне өгей әскер кіргізу үшін айта салған адам; 

— президент-дипломат «болғаны» үшін «жайратарлық оқ атуға» деген масқара бұйрық беріп, қарусыз жүздеген бейбіт бала-шаға мен жандардың қырылуына тікелей тапсырыс беруші болған «жайсаң»;

— назарбаев пен оның әулетін тікелей жауап беруден құтқарып қалып, олардың қарауына жүздеген миллиардтарды қалдыра салған сабаз;

— полицейлік бүлікке, жұртты қинау мен қаңтар оқиғасынан кейін де талай адамның өлуіне шарасыздығымен сыбайлас болған «нар»;

—  адамдарды қала көшелері мен абақты қабырғасында қинаған, азаптап мүгедек еткен, өлтірген погонды қылмыскерлердің тергеуін тоқтатып тастаушы»;

— саяси қамалғандар мен сотталғандардың санын еселеп арттырушы;

— наразылық танытқан белсенді азаматтарға қатысты полицейлік «алдын алу бүлігін» жаппай ұйымдастырушы;

— «путиннің астына жатып» әрі санкциядан жалтаруға путиндік ресейдің қылмысына қол ұшын берді  және сонысымен украиндардың жазықсыз қырылуына үлес қосушы;

— Мәжілістің малай құрамын сақтап, назарбаевтың артын жалағандарды енді өзін жалауға, соның ішінде — тоқаевтың референдумына қоңыр тілдерін сүйреңдетіп, насихаттауға жұмылдырушы…

Тәуелсіз Қазақстандағы басты бәле талай рет осындай «рефрендумдардан» соң болып келеді. Назарбаевтың құзырына мерзім созу да, 1995 жылғы Конституция қабылдау да – халыққа ештеңе берген емес.Енді тоқайдың рефрендумы ерекше бола қояды деу диктаторлық билікті мүлдем білмеу болмаса сол диктатураның өліп-тірілген жақтасы болу деген сөз.  

Қазақстанның оппозициясы өткізгісі келген бір де бір референдум – өткен емес. Бәрінен де көбірек 2004 жылғы ҚДТ өткізуге тырысқан «жаңа Жер кодексі бойынша референдум» алға басты. Ол кезде тіпті ҚДТ офисіне елдің барлық түкпірінен мыңдаған делегаттар жинау жүзеге асты. Олар ереженің барлығына сай болғанымен, назарбаев оны өткізуден бас тартты.  Ақырында оның жүздеген жақтастарын алтынмен аптаған, ал миллиондарды кедейлендірген  масқара Кодекс қабылданды. Баспанасыз қалған ондаған жанұялар, «мемлекеттік қажетке» тартып алынғаннан жерлері мен баспанасынан айрылып, өздеріне қол жұмсап одүниеге кете барды…

5 маусымдағы референдум тоқаевқа керек, өзінің ондаған жыл бойғы «сарай малайы» болғандығынан, қаңтардағы қырғыннан, полицей азабы үшін қылмыстан, өзінің «жайратуға ескертусіз… оқ ату…» бұйрығын атқарушыларды жауаптан жалтартқаннан тағы басқа бәрінен қашып, бұл тақырыптарды жою үшін қажет.   Бұл шара тоқаевқа путинмен арадағы «жаңа қатынасты» жолға қою үшін керек, одан әрі әзірше еркін Қазақстанды «орыстандыру» үшін, «советтендіру» үшін ауадай қажет. Тоқаевқа да, оның қожайыны назарбаевқа да бар болғаны «шараға бәрі қатысты» деген сурет керек. Оны қашандағыдай бізсіз де санайды. Бірақ 5  маусымнан кейін тоқаевқа «өзін халық қолдады» деген желеу мен сылтау алуға керек…

Қоғамның наразы бөлігі, елдің белсенді азаматтары, болып жатқан нәрсенің мәнін ұғатын жандар, референдумға бойкот жариялап жатыр. Бұл үшін олардың соңына түседі. Тағы да сол көпшілікке арналған басқаша ойды «таратпау және алдын алу үшін полициялық привентив амалдарына кіріседі». 5 маусымнан кейін жаңадан саяси соттар мен жаңа саяси сотталушылар болатын шығар… Белсенді азаматтар дұрыс істеуде: бұл апаттан қашудың жолы – өз халқын өлімге тіккен кісі өлтірушінің саяси бастамасына қатыспау керек. 

Басында бұл референдумда екі ғана сұрақ барын жазғанбыз: оған бару немесе бармау деген.  Шындығына келгенде жауап беруге тиісті бір ғана сұрақ бар. Өйткені, оны 2022 жылғы қаңтарда тоқаевтың бұйрығымен атылған  титтей ғана төрт жасар Айкөркем қойып отыр…  көктен төнген қарғадай қызбала… «… қай аға мені атқан?»… Ал енді Акөркемге өзіңіз үшін жауап беріңіз – елдің не әрі, не бері болуын шешпей тұрып…

Біздің жобамыз бас бостандығынан айырылған белсенді азаматтар мен абақтыдағы жандардың құқығын қолдайды.

Бас бостандығынан айырылған туыстарыңыз жайында ақпарат жөнелтіңіз. Біздің бағыт – белсенді азаматтарды қолдау мен қамаудағы адам құқығын сүйемелдеу.

Бізбен байланысу оп-оңай: оң жақтағы фото астындағы WhatsApp иконкасын бассаңыз, әпсәтте байланысамыз.  Ниет танытыңыз, материал жөнелтіңіз, видео жіберіңіз, барлық ақпаратшыларға толық кепіл боламыз. Бізге хабар жетсе болды — жәрдемдесеміз.

Біз бұрынғыша – байланыстамыз.

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.