«Әрбір жазықсыз құрбанды еске алу арқылы біз кіршіксіз келешекке жол аша аламыз…». Және де – « …мен ескертусіз жайратып салуға бұйрық бердім…».

Бұл сөздер бір адамға тиесілі. 2022 жылы қаңтарда өзінің полицейлері мен сарбаздарына өз елінің бейбіт азаматтарын жайратып салуға бұйрық берген адам, енді 2022 жылы 31 мамырда тебірене тұрып, «әрбір жазықсыз құрбанды» еске алу қажеттігі туралы көкиді.  

31 мамыр. Бұл күн КСРОның сүргініне ұшыраған миллиондарды Қазақстанда еске алады. Бір ғасырға жуық бұрынғы лаң. Және де үнсіздік – Қазақстаннан саяси сүргіннің зым-зия болғаны турасында БАРЛЫҚ деңгейлерде ресми түрде ләммим демейді. Ол сүргін жалғасып жатыр. Өйткені, бүгінгі қазақ билеушісімін дейтіндер советтік деспотизмді өз халқына қатысты жалғастырушылар болып отыр. Олар енді өздерінің әлеуметтік үстемдіктерін жасырмайды да, КСРО тұсындағыдай мәжбүр болған кез келмеске кетті. Олар бүгінде өздерінің «зауыттары, газеттері, пароходтары» үшін қымсынбайды да. Бұл енді – тарихтағы диктатура мен кәзіргі диктатура арасындағы жалғыз ғана айырма.

Оның үстіне – тап қазыр, ресейлік диктатура, ондаған жылдар бойы өзінің қостұяқты жұртшылығын алдаусыратып, тәуелсіз Украинаға басып кірді де, ол жерде қалаларды қиратып, тұрғындарды қырып, «рашистену» үстінде – «қос төренің» қызметшісі,тоқаев, өзінің бұрынғы қожайыны, назарбаевтың саяси қылмыстарын бүркемелеп, енді бүгінгі төресіне иіліп-бүгіліп оған деген бар сенімін арнап бағуда…  өз елінде НКВДны қайта құрып үлгерген әлгі путинге, және де ГУЛАГтан қалған абақтыларды саяси тұтқындарға толтырып жатыр. Бүгінгі күні оған тоқаев Қазақстанды түгімен «тапсыруда», елге ресейлік қарақшы «бизнесті» қоя беріп, оларды санкциядан құтқарып, «орыс үстемдігін» қыр көрсетуші, «диваннан тұрмастан путиндік Ресейге» сылқ ете қалуды аңсайтын путиншіл сепаратистерді қоштап отыр. Алдыңғы жылдары Украиндық Қырымға дік еткендей.

Әлеужелінің наразы сегменті Қазақстанның ондаған, саяси тұтқындары туралы ақпаратқа толып кетті. Тоқаевтың қарусыз өз халқына оқ атқызған есуас әрі қылмысты бұйрығының салдарын тергеу күрт доғарылды. Бала-шаға мен қарияларды қосқанда үш жүзге жуық адам – 2022 жылдың қаңтарында оққа ұшты. Ақпан мен наурыз айларында полицейлердің қорасындағы тозақтан  мыңдаған адам өтті. Ондаған және жүздеген адам – азапталды, мүгедек болды, сотталды… Полицей оқалы маняктар мен садистер  бұйрық беріп, өз қолдарымен қинап, азаматтарды өлтіргендер – дым болмағандай бостандықта жүр, сол погондарын таққан күйі, міндері құрамастан. Көпшілігі марапатталды және жаңа шен алды… тоқаевтың өз қолынан…  

Саяси сүргінге наразы Қазақстанның белсенді бейбіт азаматтары әлі күнге полицейдің алдын алар қысымына ұшырап жүр.  Олар ұстап алады, қамайды, соттайды және бас бостандықтан айырады – бұның барлығы оларға қазақтың азаттығын құртуға қарсылық білдіргені үшін істеп жатыр. Белсенді азаматтар, өзінің ана тілін қолдану құқығын жалғыз мемлекеттік тіл ретінде  талап етуші және мемлекеттік тілде қызметті талап ететіндер – бүлікшілер ретінде әшкереленіп, абақтыға тоғытылуда. 

Дәл осы кезде «тоқаевтан» кезекті саяси бастама» қылтиды – референдум, путиншіл саяси партиялар өздерінің ашықтан ашық «орысшыл» саяси бағдарламаларын жайып салып жатыр… Елге ресейлік БАҚтар ешбір кедергісіз орыс шовинизмі мен «неоимпериализмін» мадақтап, «аға елдің» милитаристік аңсарын барлық мәселенің дауасындай жайып жатыр.

Қазақстанның азаматтық қоғамының наразы секторы қазыр жұп-жұқа қабат бола тұра, елдің азаттығын қорғаушы қорғаныш болып отыр. «Тоқаевқа еру» таяу арада ғана «жаңа одақтық мемлекеттің» қорасына кіру деген сөз, Ресейдегі демократияның жұрнағы мен өзінше ойлауды шімірікпестен құртатын өз тәртібі мен өз заңы бар «қора-қоғамды» бірге құрмақ. 

Қазақстанның белсенді азаматтары қолдауға зәру. Оны тіпті «диванда» жатып та істеуге болар еді, егер де бойда елдің болашағы, бала-шағаның келешегі турасында мазасыздану болса.   31 мамыр – Еске алу күні ғана емес, бұл ұмытылған зұлымдықтың қашан да оралуын ескертетін дата. Ол көп күттірместен қайтып оралды. Ол қасымызға жамбастап жатып алды.  Үндемеу, ешбір әрекет етпеу, наразыларды қолдамау – бұның бәрі де зұлымдықты балалататумен келісу деген сөз. Зұлыммен келісу – демек онымен сыбайласу. Оның қанды қол  сыбайласы болу. Демократия – ең әуелі таңдау құқығы. Әркімде ол өзіне тән. Бірақ әркім ол үшін жауапкер.

Біз бұрынғыша – байланыстамыз. Бас бостандығынан айырылған туыстарыңыз жайында ақпарат жөнелтіңіз. Біздің бағыт – белсенді азаматтарды қолдау мен қамаудағы адам құқығын сүйемелдеу. Бізбен байланысу оп-оңай: оң жақтағы фото астындағы WhatsApp иконкасын бассаңыз, әпсәтте байланысамыз.  Ниет танытыңыз, материал жөнелтіңіз, видео жіберіңіз, барлық ақпаратшыларға толық кепіл боламыз. Бізге хабар жетсе болды — жәрдемдесеміз.

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.