Қазақстанның белсенді, наразы қоғамдық ортасына соңғы кездері қиындық бірінен соң бірі тап болуда. Оқиғаларды қарастырсақ, елдің тәуелсіздігіне тікелей қауіп төндіретін жайттар жиі ұшырасуда; бұлардың жиілігі Ресей президентінің маниакшыл режимі төмен неғұрлым құлдыраған сайын жиілей түсуде.   

Президент тоқаев өзінің «қаңтардағы құтқарушысына» берілгендігін тағы бір рет көрсетіп, маңдайына «белгі соқтырып» алды. Бұл жолы ол путиндік Ресейдің тағы бір «мегажобасына» түсуге әзірлігін білдірді. Ол «Үлкен Евразия» аталады.  Оның боссы путиннің ойынша, «…саяси және экономикалық архитектураны өзгертіп, тұрақтылық пен гүлденудің кепілі…» болу керек екен. Бұған қоса путин тоқаевты бұйдасынан жетелеп тұрып, «алдымызда» (! депті, «халықаралық сынақтар» тұрғандығын айтыпты. Алдымызда — ! Енді сұрақ бар ма?

Бұған қарамастан, Қазақстанда: кім жалап әдеттенсе, соны әлі де жалғастыруда (оларды енді жас депутаттарға айырбастап жатыр). Бәрі де әбден келісіп алыпты: назарбаев – қайткенмен де жақсылықтың белгісі: Астана Нұр-Сұлтан болып жалғасуда, университеттер, көшелер, қорлар да, активтер де – со күйі, міні құраған жоқ. Назарбаевтық жалағыштар мен жылауықтар сол баяғы «жыртылған» күйі «бұқараға» жаңа мазмұндағы ертектерін тықпалауда – барлық облыстарға референдумды әйгілеу үшін қайтқан қаздай қаңқылдап ұшып кетті… «Бұқараға» ұнайды бұл. Кісі өлтірушінің реформасын тағы да талқылауға және кісі өлтірушінің референдумына дауыс беруге тағы шұбырады.  

Ресейде жуырда бір әйел сотталды, оның айыбы – автобустағы Z-ті алып тастауын талап еткен басқа бір әйелдің қасында болғаны ғана. Басқа бір әйел автобус айдаушыдан Z-ті алуды талап еткенде, соның қасында жай ғана «үнсіз тұрғаны» үшін сотталған. «Үнсіз тұрғаны» үшін сотталды, өйткені, оның да онымен «келіскені».  Бұл Ресейдегі бүгінгі ахуал. Ал Қазақстанда мынадай президентпен және оның жалағыш достарымен ол ахуал ертең орын алады. Бұлар, путин мен тоқаев бірігіп, тез арада «саяси архитектураны… өзгертеді әлі, сосын «тұрақтылық пен гүлденудің кепілі» болып шыға келеді…

Азаматтық қоғамның наразы, белсенді сегменті,Қазақстанның белсенді азаматтары өршелене «кісі өлтірушілердің бірлігіне» қарсы тұратын жалғыз күш қана. Тоқаевтың полицей машинасы 2022 жылғы қаңтардағы ел азаматтарын азаптаған және қырған полицей садистер мен кісі өлтірушілердің қылмыс істеріне сүрінсе де, бейбіт белсенді азаматтардың  шаруасына дегенде белсенді, ыждағатты, әрі алдын алғыш болып алған. 

Ондаған «саясилар» түрмелер мен абақтыларды толтыруда, тергелу мен сотталу үдерісін қыздыратын материалға айналған. Кім де кім босатылса, оны полицейлерге «алдын алу-шараларының» сылтауымен, мысалы Әсет Әбішев және басқаларын езгілеуде.  

Тоқаев неғұрлым «демократиялық бастамаларды» жиілеткен сайын – оның мәнін ұғып, бұған наразы болғандарға полиция соғұрлым қабаған итше тап беруде.  

Украинаның басып алынған, қиратылған, өртке шалынған қалалар мен ауылдарын путин ұялмай-қызармай «азат етілген» деп отыр. Сонда Қазақстан осындай «гегемонмен» жаңа одақ құратын болып отыр ма? Әбжыланның өзіне қарай жемтігін жәукемдей бастағанын көргеніңіз бар ма?  Жамандық кеулеп бара жатқандай…

Біздің жобамыз Қазақстанның белсенді азаматтарын қолдайды әрі бас бостандығынан айырылған адамдардың түрмедегі құқығын қорғайды. Егер де сізге біздің жобамызға қатысты жайттар мен деректер, фактілер мәлім болса, хабарлай салыңыз, ол – оп-оңай. Осы жарияламның астындағы оң жақтағы төменде жайғасқан WhatsAppтың батырмасы бар. Соны бассаңыз болғаны – біз байланысқа шығамыз.

Сіз сұрақ қоя аласыз, ақыл-кеңес аласыз, біз жұмыстанатындай тақырыптағы ақпарат пен видеоматериалдар жібере аласыз. Біздің ақпарат көздеріміз ылғи да құпия әрі қорғалады. Бізге мәлім болса – қол ұшын беруге кірісеміз.  

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.