«…2014 жылы дарынсыз саясатшылар ресми тіл ретінде украин тілін жариялағанда, не болғанын көріп отырмыз… ақырында Украина өзінің мемлекеттігінен айырылды… бұл жайт қай халықтың басында да болуы мүмкін…»… Бұл сөздер қазақ ақсақалдарының ауызынан жуырда ғана шықты. Бұл кезде рашистік әскери машина жер бетінен Харков, Мариупол қалаларын сүріп тастаған еді… Украинаның бейбіт ондаған мың тұрғындарын қырды… бұл сөздер күн сайын, түн сайын Украина жеріне рашистік қанатты зымырандар қаптай ұшып атқылап өлтіру, қыру кезінде айтылды… Шын мәнінде бұл сөз – жуырда ғана путиндік шайкалар тобырының өкілі Кеосаянның ауызымен айтылған қоқан-лоққының жайбарақат түрдегі қайталануы ғана.

Жоғарыдағы сөздердің авторы қазыр әскери қылмыскер путиннің не істеп жатқанына мән бермеген. Автор Қазақстанды, қазақтарды – путиннен қорқуға және ол нені талап етсе, соны істеуге шақырып отыр. Мемлекеттік тілді дамытуға, Қазақстанның тәуелсіздігін ұмытуға шақырып отыр: «…егер де біз толық тәуелсіз болсақ… бұл Қазақстан үшін қатерлі…» дейді. Әйтпесе, Украинадағыдай болады… деп қояды. Құлдың, малайдың, плебейдің сөздері. Бұл — құлдың, малайдың, плебейдің ауызынан шыққан сөз. Олжас Сулейменовтің айтқаны.

Ештеңе де кездейсоқ емес, әсіресе, Кремлдің жан досы Олжас Сүлейменовтың өлген партиясын тірілту идеясының тап қазыр пайда болуы да сондай. Өз халқын өлімге қиған, Алматыда 9 мамырда Берия мен Сталиннің бейнесін көтерген қазақ әскері мен Мәскеуде 19 мамырда пионерияны тірілтіп, көпшілігі ресейлік азаматтық алған, қазақстандық мақтабастардың шұғыл түрде бастарын көтерткен, тоқаевтың жендеттерінен «демократияға арналған» референдум өтпек екен…  Бұның бәрі тұтас бір жоспардың жұрнағы ғана. Путиннің жуық арадағы посткеңестік кеңістікті  «советтендіру» мен «ұлтсыздандыру» жоспарының бөлшегі. Сонда Тәуелсіздік – қауіпті екен. Кейін қарай, ұлы путиннің КСРОсына оралайық деген сөз.  Тек қана «Ресеймен жақындасу ғана», Сүлейменовше айтқанда, «Қазақстан пайдасына» керек екен.

Қазақстанның азаматтық қоғамының наразы сегменті барған сайын жаңа саяси сынақтарға тап болуда. 24 ақпаннан кейін, Украинаға фашистік шабуыл басталған соң,  путиннің қатыгез де ықпалды саясаты Қазақстанның болашағына да тікелей және орасан жиілікпен әсер етуде.   Путин тоқаевқа «тәуелсіз» тұлға болуды қалдырып, шындығында одан бұлтартпас бағыныштылық пен шынайы адалдықтың рахатын алып отыр.  

Тоқаевтың сырттай  «келіспеушілігі», оқиғаның шынайы өрбіген аясында күлкілі көрінуде: Қазақстанға ресейлік бизнес селдей лап қойды, қазақтың ілініп-салынған бизнес-құрылымын мыжып бара жатыр, ресейлік банктер болса, қазақтарға өзінің ресейлік клиенттеріне қызмет етуді таңып жіберді, ресейлік фуралар қазақ нөмірін алып, санкцияны бәсеңдеткен күй кешуде, ал ресейшіл Ебразиялық одақ Қазақстаннан Ебропаға астық шығарудан бас тартуды талап етіп отыр… Украин астығын құрсап тастаған путин, Ебропаға ашаршылық қатерін туғызғысы келеді, ол қылмысқа Қазақстанды ортақтастыра отырып, оның да жазасыз қалмауын ойластырған түрі…

Ондаған жылдар бойы халықты езген әрі елдің экономикалық әлеуетін құртқан Қазақстанның бас әулеті – міні құрамастан, өзінің бар ресурсын сақтап қалды, және де елдің медиялық активін сыпырып –сыйырып сатып алуда. Биліктің «тергеуіндегі» назарбаевтың фигуралары елден ешбір кедергісіз келіп-кетуге еркі бар.  

Елде ешбір бөгетсіз кремлшіл бағыттағы «әскери-отаншыл» ұйымдар пайда болуда. Соның бірі мәжіліс депутаты Авершинің қамқорлығымен еркінсіп жүрген «Честь имею» (жетекшісі — Аксенкин) жасағы.  Ресей мен ДХР жалауын желбіреткен оның қатысушылары Ресейдің Украинадағы басқыншылық соғысын ашықтан ашық қолдап отыр.

Ал бұл кезде Қазақстанның азаматтық қоғамының наразы сегменті үздіксіз түрде қуғындалып, ұлттық құқық күзеті тарапынан шабуылға ұшырап жатыр:  көпшіліктің бейбіт наразылығы нөлге таяу, кез келген өзге ойлы көпшілік қуғынға түсіп, жазаланады, бейбіт азаматтарды өлтіруші, қинаушы полицей жендеттер, азаптаушылар – тоқаевтың қолымен жауап беруден босатылған. Мыңдаған полицей қылмыстарын тергеуді талап еткен белсенді азаматтардың бастарына қауіп төндіру, 2022 жылғы қаңтар оқиғасынан кейін дамылсыз түрде қуғын-сүргін және ешбір жазасыз ашық жүргізілуде…

Азаматтық қоғамның наразы бөлігі путиндік-тоқаевтық диктатураға ғана емес, жорғалай төніп әрі барған сайын қарқын алып келе жатқан кремлдік экспансия үдерісіне де қарсы тұрғанын ұғатын уақыт болды.

 Әзірге «басты құмға тығу» тұрпаты, бірақ бұл позадағы қоғамның басқа бөлігі болса, жуық арада ғана тез арада бойды кернейтін ауруды сезінуге ұласатынын уақытша ғана өтірік сезіммен бүркеп отыр…

Азаматтық белсенділерге қолдау керек. Егер де сіз ҚазКСРін қайтарғыңыз келмесе, таңдау жасайтын кез келді, кейін бұныңызға  ұяттан өртенбес үшін таңдау керек.

Біз бұрынғыша – байланыстамыз. Бас бостандығынан айырылған туыстарыңыз жайында ақпарат жөнелтіңіз. Біздің бағыт – белсенді азаматтарды қолдау және қамаудағы адам құқығын сүйемелдеу. Бізбен байланысу оп-оңай: оң жақтағы фото астындағы WhatsApp иконкасын бассаңыз, әпсәтте байланысамыз.  Ниет танытыңыз, материал жөнелтіңіз, барлық ақпаратшыларға толық кепіл боламыз. Бізге хабар жетсе болды — жәрдемдесеміз.

 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.