Соңғы кездегі біздің материалдарымызда ҚР ІІМ ҚАЖК қарауындағы абақтылар мен түрмедегі адамдардың құқықтары турасында хабарлар мен тергеу ақпараттары азайып кеткенін оқырмандарымыз байқаған болар.

Біздің аталмыш тақарыпқа қарай барғымыз келмегендіктен емес. Біздің KURESKER атты жобамыз белсенді азаматтар мен бас бостандығынан айрылған адамдардың құқықтарын қолдауға арналғаны мәлім. Бұл тақырыптың мәнісі – жеке өзімнің бастан кешкен тәжірибеме қатысты таңдалған болатын. Бұл тәжірибе оқиғаларды дұрыс ұғынуға және талдауға, өміршең ұсыныстардың қалай «іске асатынын» түсінуге жол ашады.

Біздің көптеген ақпарат көздеріміз, абақты қоршауы мен түрме қабырғасының арғы жағындағы жайттар туралы ақпараттың таралуына ҚАЖКның қатал кедергі қойып отырғанын жеткізіп жатыр. Әсіресе, бұл шаруаға олар қаңтар оқиғасынан кейін бұлтартпастай кірісіп кетті, өйткені, сол оқиғаға кіріскен, түрмелер мен камераларды азаптау орнына айналдырған ҚАЖК қызметшілері екені аян.

Сол күндері ҚАЖК/КУИС полиция мен ҰҚК-ге өздерінің түрмелерін «қызметке» берген болатын  – ондағы жағдайға толық еркіндік қоса берілді. Сол күндері ҚАЖКның қатардағы сарбазынан генералына дейін – өршеленген қылмыскерге және қылмыскерлердің қолбаласына айналғаны мәлім. Олар қинауға, мүгедек етуге, жазым қылуға барын салды және – «қажк-лық тыныштық режимін» толық сақтады; ҚАЖК қызметшілерінің істеген қылмыстар саны бар болғаны қабырға мен қоршаулардан сытылып шыққан хабарлар санына ғана тең болды… Бұл жайында ешкімнің білмеуіне әлгі азаптаушылар, мүгедек етушілер мен кісі өлтіргендер барын салды.

Енді қазыр түрмелер мен абақтылар жаңадан жүздеген адамдармен толғанда, осы азаптарды бастан өткеріп, сотталғандар мен өз үкімдерін күтіп жатқанда, ҚАЖК өздерінің қылмыстары, сотталғандардың құқығын жаппай және үздіксіз бұзылғандығы туралы ақпарды біреудің құтысына «ұрлап құйып» әкетпесіне барын салуда. Бұған көнуге де, келісуге де болмайды. Неліктен?

ҚАЖК,ІІМ,ҰҚК, прокуратура, сот секілді қылмыс құрылымдары үшін ондай ақпараттың жайылмауы аса маңызды. Мәселе олардың «шындықтан қорқатынында» емес. Бұл қылмыс өрмегі әлгілердің бірін бірі қалқалап, бір біріне шаңырақ болатынында және де бұлар қылмыстар жөнінде, жауапкер қылмыскерлерді жауаптан жалтару үшін, соттау мерзімін азайтудан, мерзімнен бұрын босатудан түсетін ақша тасқынынан жақсы «қоректенеді»… бұл ақша ағынының көздерін тізе беруге болады… Бұл жоғарыда аталған қылмысқа қатысушылардың сыбайласқан желісіндегі қылмыстың қыруар ақша бұлағы. Сол себепті олар далбаса қауесет пен небір оттаған әңгімеге селт етпейді.

Бірақ БАҚтарға, соның ішінде біздің жобаның сайты мен парақшасына қалай ақпарат шықса, олар ақпарат көзі болып есептеледі, бұған сүйеніп әрі соған сілтеп, бұл ақпаратты құқыққорғаушылар мен осы жарияланымда келтірілген туыстарын және олардың адвокаттарын ресми түрде тексеруге жол ашылады…  Осы ақпараттың негізінде олар ресми сұраулар жіберіп болмаса сәйкесінше осы органдарға тіркелген жазбаша үндеу жолдауларына болады – осы сәттен бастап, әрбір адресат бұндай үндеуге жазбаша түрде жауап беруге міндеттеледі.  

Бұл да олар үшін соншалықты қауіпті көрінбеуі мүмкін; әдетте бұндай үндеулерге ашықтан ашық өтірік жауап беріле салады, болмаса оларды «жоғалтып» тастауға тырысады… Бірақ бұл жерде арызданушының қайсарлығы, әсіресе бізге жалған жауаптың келгендігі болмаса берілмегендігі туралы хабарласса, үдеріс алға жылжи бастамақ.

Барлығы да Қазақстандағы «мансап сатысының» қалай жылжитындығына байланысты.  Жаппай сыбайлас жемқорлық жағдайында көптеген ірі шенділер, соның ішінде құқық күзету органдарындағы лауазымдылардың бір жемқорды екіншісімен ауыстыру арқылы орныққан «бизнесі» бар. «Майлы орынға» деген «ширатта» тұрғандарда есеп жоқ – сол үшін әлгі шешуші тұлғаға аса ірі көлемде төлем төлейді… Ал оған түсетін әрі тіркелген  арызға берілген жалтарма жалған жауаптар – мұрағаттарда сақталып, ол қызметшінің жеке ісінде сақталады, соның ішінде ҚАЖК қызметшілері үшін де солай…  Олардың орнына басқа біреуді тағайындауға келгенде, әлгі қызметшінің жеке ісі мен оған қатысты нәрсенің бәрі компромат іздестіру мақсатына бола зерттеледі… Осындай жағдайда, қызметші атына түскен арыз бен оған берілген жалған жауаптан артық ештеңе де болмас еді… Осындай жағын кім іздейтінін және қолынан келетінін тексеріп көріңіз….

Бұның барлығын жақсы білетіндер осы «өрмекке» қатысы бар – полицейлер мен прокурорлар, ҰҚКшілер, судьялар және ҚАЖКшылар. Бұның қалай істейтінін – «суға салса батпайтын» Кәрім Мәсімовтың ҰҚК бастығынан сәкіге томп еткенінен-ақ білуге болады. Және де өрмектің сол бір бөлігі қалай сетінегенін қараңыз – таңқаларлық өзіне қол жұмсаудан бастап, күтпеген жерден «қамалу» орын алғаны мәлім…

Бұл жүйенің шындығын біз ешқашан біле алмаймыз. Бірақ оның қалай құрылғанын білу, оның қатысушыларының неден үрейлері ұшатынын білу бізге ол торға түскендер мен біздің көмегімізге зәру жандарды қолдауға жәрдемі тиеді. Бұл «үнсіздік режимді» бұзу керек, өйткені одан әрі одан сайын жаман болады: жүгенсіздік пен  жазасыздық, әсіресе ҚР ІІМ ҚАЖК секілді жүйелерде масқараға душар етеді.  Жаппай үнсіздік жағдайында түрмелер мен абақтылардағы сіздің туыстарыңыз үшін нағыз қауіп төнеді.

Біз бұрынғыша – байланыстамыз. Бас бостандығынан айырылған туыстарыңыз жайында ақпарат жөнелтіңіз. Біздің бағыт – белсенді азаматтарды қолдау және қамаудағы адам құқығын сүйемелдеу. Бізбен байланысу оп-оңай: оң жақтағы фото астындағы WhatsApp иконкасын бассаңыз, әпсәтте байланысамыз.  Ниет танытыңыз, материал жөнелтіңіз, барлық ақпаратшыларға толық кепіл боламыз. Бізге хабар жетсе болды — жәрдемдесеміз.

 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.