Алматы ЦОНындағы Лев Лещенконың фотосы желіге шығып және оның қазақ ЖСНі мен қазақ банкісінің картасын алғаны туралы хабар тарағанда көз алдымызға басқа да кейіпкер келе қалды.  Әлгі путиннің «қаңтардағы қарыздары» ше. Сенімді де талай рет еңбек сіңірген путиноидтардың, «Ресейлік аса қымбат» та жандардың санкциядан қашып, Қазақстанға тығылуына жағдай жасап жатқан әлгінің нақ өзі.  Оның үстіне олардың тап қазыр – бала-шағаны қырғаны үшін, Мариуполды, Харковты, Одессаны және басқа да украиналық жүздеген ауыл-кенттерді құртқаны үшін санкцияға ілінгенін ескеріңіз.

Лев Лещенко – путин мен соғыстың ашықтан ашық жақтаушысы. Ол Украинаға кіруге тыйым салынғандардың қатарында әуелден-ақ тізімде, антиукраиндық, милитаристік және путиншілдік көзқарасы үшін іліккен. ЕО,АҚШ және басқа мемлекеттердің санкциялары дәл осы сияқтыларға арналып отыр.  Осылар, ресейлік мәдениет қайраткерлері, «ресейлік жауынгерлердің даңқы» үшін сайрап, ақырында олардың нағыз кісі өлтіргіштер мен зорлықшылдарға айналуына, Ресейдің алжыған келбетінің орнығуына үлес қосты. Енді келіп олар өздерінің әбден арыған әрі топас мыштарын тастап қашқан егеуқұйрықтай күй кешуде.  

Олар қайда және неліктен қашуды жақсы біледі. Олардың бірі, жуырда ғана тоқаевтың путин алдында мәңгі қарыздар екенін, жақтамаған жағдайда Қазақстанды «Украина тағдыры» күтіп тұрғанын айтып сенімді түрде үрген, пропагандон қатынның күйеуі… Осындай жағдайдың өзінде әлгі «ешекянның» ойы түсініксіз – Ресей өзінің орктарын қазақ жайлауында жайғысы келгеннің өзінде ол Қазақстанның құйрығына, көтеніне болмаса жалына ілесіп қалай күн көрмек..? Соған қарамастан путиннің бұл сасық ауызы соның пәрменімен ғана ашылатыны мәлім…  

Ресейде тоқаевтың «өз адамы» екенін, оның «қаңтардағы билігін сақтағаны үшін қарыздар» екенін, сондықтан да Қазақстанда бір ғана бағыт бар – путин көрсеткен жолмен жүретінін ешкім де жасырмайды. Тоқаев Қазақстанының көпірген «бейтараптығы»  – осындай «арыстандардың/левтердің» санкциядан құтылуы үшін, Қазақстанға қаптаған «ресейлік бизнесмендердің» қазақ бизнесінің тиімді бөлігін жымқырып, тағы да антиресейлік санкцияларға қарсы әрекет етуі үшін  екендігі белгілі. Ресей банктерінің санкциясына батқан ресейлік клиенттерді қазақ банкілеріне ауыстыру үшін – және оларға одан әрі алаңсыз қызмет етуге нұсқау бар… Тоқаевқа тек қана сөйлеуге рұқсат бар. Ал сөздің артынан істің ілесуіне рұқсат жоқ.  Оның өзі де әрекетке барғысы жоқ. Оны онсыз да жаман асырап отырған жоқ.  

Ойланып көріңіз. Тоқаев кезінде саяси қуғын еселеп артып кетті. Тоқаев кезінде мемлекеттік тіл туралы заңның орындалуы мен елдегі қазақ тілін тұтыну құқығын талап еткен қазақ ұлтшылдарын абақтыларға қамап, оларға жылдап мерзім кесіп тығып жатыр. Тоқаев 2022 жылғы қаңтарда бейбіт адамдарды қыруға бұйрық берді – бала-шағаны қосқанда ресми үш жүздей адам өлді. Тоқаев полицияның жендетке тән жазалау әрекеті мен амалына көзін жұмып отыр – мыңдаған адам полицей тозағы мен қылмысынан өтті,ондаған адам түрменің ішінде мүгедек болып, бірталайы өліп тынды.  Тоқаев өз азаматтарын қараптан қарап қанды қырғынға ұшыратқан полицей қылмыскерлердің барлығы да жауаптан құтылуына жол берді.   Енді сол тоқаев «реформа» мен жарқын болашақты тілге тиек етіп отыр… Ал назарбаевтың артжалағыштары Мәжілісте, сол күйі, міндері құрамастан – дәл солай енді осының артын жалауды жалғастыруда…  

Тоқаев Қазақстаны кезінде іштерінен тынған, «диваннан көттерін көтерместен-ақ Ресейде болғысы» келетін және «қырым нұсқасын» күткен путиншіл сепаратистер бастарын көтеріп, еркінси бастады… тоқаевтың Қазақстанында елдің ресми армиясының оқалы киімін кигендер советтік жалауға қоса, Берия мен Сталиннің портретін қалқалайтын болды…  

Тоқаевтың Қазақстанында Украинадағы украиндардың жаппай қырылғанын жырлайтын жауласушы ресейлік путиноидтар  – арқалары қозып, ду қолшапалақпен жақтағандар қазақтың ЖСНі мен қазақ банкісінің картасына жармасып жатыр.  Бейбіт түрде диктатураға өз көзқарастарымен қарайтын ондаған белсенді азаматтардың, Қазақстан азаматтарының бірқатары – сотталды, «бүлікшіл» атақ алды, «қара тізімге» кірді, өзінің туған елі мен жерінде аман қалатындай мүмкіндіктері қалмады.

Екі мыңыншы жылдардан бері қазақ оппозициясы ең болмаса кейінгі ұрпақтарының назарбаев дәуірінен құтылуы үшін күресіп еді. Енді олар жаңа буынның путиндік қазақ совет социалистік республикасына түспеуі үшін күресуге мәжбүр болуда… Украина аумағында уақытша басып алынған өңірлерде путиннің орктары Ленинге ескерткіш орнатуына қарағанда – жағдай осыған келе жатыр…  

Біздің жобамыз тек қана Қазақстанның белсенді азаматтарын бұрынғыдай қолдауды ғана іске асырмайды. Сонымен бірге бас бостандықтарынан айрылып, жазықсыз жаза өтеп жатқандардың құқығын қорғаймыз. 

Бізбен байланысу оп-оңай: оң жақтағы фото астындағы WhatsApp иконшасын бассаңыз, әпсәтте байланысамыз.  Ниет танытыңыз, материал жөнелтіңіз, барлық ақпаратшыларға толық кепіл боламыз. Бізге хабар жетсе болды — жәрдемдесеміз. Сотталғандардың бұзылған құқықтары турасында ақпарат болса, видео болса жөнелтіңіз.

 

 

 

 

 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.