Қазақстанға қарай лап қойған орыс бизнесінің түрі мен көлеміне қарап, мәжілістегілер де сайрап қоя берді. Ол маңды мекендеушілердің кеше ғана назарбаевты жалап-жұқтағандар екенін ескерсек, бұл сөздердің қаншалықты шынайы екеніне бірдеңе деу қиын, бірақ мәселе көз бе көз бақырайып тұр.

Бұл үдерістен көпшілігі Қазақстан экономикасына келетін «жаңа ақыл-ой мен технологияны», қазақ бизнесін дамытуға деген жағымды түрткі боларына сенгені рас. Бірақ – шынайы көрініс мүлдем басқаша болып шықты. «Ақыл-ой мен технология» Ресейден қашып Қазақстанды айналып өтіп, уақыттың текке өтіп жатқанын байқатты; империядан кетіп оның боданын жағалаудың қандай қисыны болсын, егер де сен шынымен де «ақыл» болсаң, онда одан да ірі әрі келешегі бар нәрсеге арқа сүйеу керек еді ғой. Ал Қазақия үлесіне «ақыл» емес, «мүйіз бен азутіс» тиіп жатыр…

Ресейлік бизнес Қазақстанда орк-басқыншы секілді ойына келгенін істеуде: қазақтың бос тұрған кетігін тауып алып, жемқор-шенділерден қалған-құтқан қазақ бизнесіне қарай үлкен ресурсты төге салып, соны бас салуда. Олар өндіріс салып жатқан жоқ, қазақ үшін жұмыс орнын ашып жатқан жоқ. Оларға бар болғаны заңды тұлға тіркейтін сосын ресурс құйып, өзінің ресейлік фураларына қазақ нөмірлерін ілуге жарайтын тұрғылықты мекен тисе болғаны, – антисанкциядан құтылатын жол осы. Сосын Ебропа – Қазақстан  – Ресей.

Ресейлік көзқарастың Қазақстанға қандай қатынасы бар екені, бүгінгі масштабты есептемегенде, бесенеден белгілі. Дәл осылай Ресей қазақтың шекаралық қожалықтарының да түбіне «кедендік одақ» шыққан бойда жетті:  әлдеқайда ірі өндіріс ауқымымен және болмашы өзіндік құнмен шекара бойына ауыл шаруашылық тауарларын демпингілеп қазақ нарығын тас-талқан қылды. Қазақ шаруалары мемлекеттен қайыр болмағасын, өз өндірістерін ұлғайта алмай, өзіндік құнын арзандата алмағасын, бәсекеге төтеп бере алмады…  Қазыр да мынадай қысыммен қазақтың қалған бизнесі бәсекелесе алмайтыны аян, әсіресе ең осал орта-шағын бизнес сол күйді кешпек.

 

Ресейден келгендердің бәрі де ресейлік экономиканың «амалсыз переселендері» деуге де келмейді. Путин өзінің бизнес-орктарын Қазақстанға жыланша жорғалап жұтудың кезекті сатысына Беларусты жұтқандай, көшкендігін байқатып отыр. Егер де бұны экономикалық экспансиядан гөрі кеңірек көретін болсақ, бұның соңы саясаттағы болып жатқан нәрселерден барынша анық көрінетін болады.  Бұны біз 9 мамырда Алматыдағы КСРО жалауын желбіретіп, Берия мен Сталин портреттерін көлбеңдеткен және путиннің өз орктеріне «Офицер жолдастар» деп қараған топтарына қарап, ұғуға болады… Ал егер де Берия-Сталин жақтастарының алматылық топтарындағы қазақ әскери оқалы киіміне,тіпті оларға ілескен  қазақ армиясының ресми түрдегі кәзіргі сарбаздары екенін ескерсек, онда бұның бірлескен рашистік-қазақ науқаны екеніне деген шүбә сол бойда жан тапсырады.

Путин тарапынан «өз кеңістігі» деп есептейтін өңірдің бәрінде кәзір айқын «советтендіру» мен «саясиэкономикаландыру» жүріп жатыр. Оның нөкерлеріндегі ресми ауыздардан Қазақия аумағына қатысты Ресейдің «уақытша сыйлаған» жері екендігі, путиннің өз аузынан шыққан Украинадағы соғыс турасында «біз өз жерімізде соғысып жатырмыз» деген риторикасы, саясиэкономикалық қитұрқы жүрістердегі оңай болжанатын мәренің құрамдас бөлігі …

«Тоқай реформасының» аясында, кісіөлтіргіш-президенттің «назарбаевпен ара-жікті ажырату» маневры шын мәнінде – оған Карин мен Сарымның сыбырлаған кеңесі емес. Бұл оған путиннің берген «ұсынымы».  Бұл жағынан алғанда «қаңтарлық кісіөлтіргіш» билікпен «конструктивті» тірлікті жалғастыру  дегенің, ешбір бұлтақсыз олардың рөлі мен кінәлары  – бұл тағы да соны қайталауға жол беретін жағдай.

Қоғамның оппозициялық белсенді бөлігі үшін, бұрынғыдан да бетер ауыр уақыт туып отыр. Бұл көріпкелдік емес – талдау ғана. 2022 жылғы 24 ақпанға дейінгі ресейлік оппозиция болған территорияның қаншалықты өрт шалғанына көз салсаң жетіп жатыр…  Жуырда ғана соғысқа шақыруға болмайтын елде – енді бейбітшілікке шақырғандар басып-жаншылып жатыр.  Тізгіндегілерге қарай КЕЗКЕЛГЕН келіспеу ишарасы жазалану үстінде. Бас қатырмастан жапыруда. Заңдамаға оппозиция үшін «қалт-құлт еткен құқық» қалдыратындай «антиоппозициялық»  жаңартуды шеңгелдеп кіргізіп жатыр, соның ішінде азаматтық наразылыққа заң жүзінде тыйым салуда. Сосын барып олар «заңшыл» бола қалады. Қатал түрде әрі ләззат алатындай жазалау басталады. Ол жаза ақылдан адасқан орктар  дабырасының сүйемелдеуімен жүретін болады.  

Бүгінгі оқиғалардың қисынына қарағанда, Қазақстандағы ресейлік мүддені қорғау үшін, тоқаев елдегі халықтық наразылықтың  мүмкіндігін барынша тарылта түсетін болады. Қазақстанға ресейлік экономиканың экспансиясы неғұрлым кірген сайын соғұрлым наразылық күшейе түседі, соншалықты тыйымдар мен жазалау көлемі де ұлғаяды. 

Қазақстанда путиндік Ресей пайдасына болып жатқан антисанкциялық шаралар мен олардың алгоритмдері және технологиясы байқаусыз жүріп жатыр деу сарапшылар назарынан тыс деу ақымақтық болады.  Бұның артында не болары, қалай «бұлтару» боларын болжау қиын. Ондай жағдайда путиндік-тоқай Қазақстаны путиндік Ресей үшін пайдасыз болады  — жамылған талай тері сыпырылып, ыржиған күлкіден дым қалмайды. Сол кезде бізге ту сыртымыздан пышақ салатындардың қаншасы дайын екенін білетін боламыз. Отандастар арасынан, әсіресе – жаңадан келіп жатқандардың, үздіксіз келіп тығылып жатқандардың ішінен кімнің кім екені білінеді. Егер де біз бұл жағдайға дайын болмасақ – біз құримыз, жоқ боламыз. Ресейдің болмай қалғаны секілді.

Бірігу керек, тұтасу қажет, ештеңеге қарамастан ұжымдасу керек!  

Біз бұрынғыша – байланыстамыз. Біздің бағыт – белсенді азаматтарды қолдау және қамаудағы адам құқығын сүйемелдеу. Бізбен байланысу оп-оңай: оң жақтағы фото астындағы WhatsApp иконкасын бассаңыз, әпсәтте байланысамыз.  Ниет танытыңыз, материал жөнелтіңіз, барлық ақпаратшыларға толық кепіл боламыз. Бізге хабар жетсе болды — жәрдемдесеміз.

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.