Украинадағы соғыс бұған дейін байқалмаған талай жайтты аңғартты. Жартылай емеурінмен айтылған нәрселер жоғалып, декорацияның әлеміштері сыпырылуда.  Түрлі тұрмыс құшағындағы адамдар әскери қатаң шарттар мен талаптарға қарап, дәстүрлі «айналып» өтуден айрылуда әрі өздерінің шынайы бет бейнесі ашылуда.

Қазақстан өзін «бейтараппын» деп айқай салып, өзінше бұл да «маневр» жасаған болды. Бір жағынан бұл ұстанымды жақтауға да болады, өйткені осы арқылы ОДКБ аясында Ресей жағына Украинаға қарсы қазақ сарбаздарын жіберуге кедергі болмақ. Басқа жағынан қарағанда – бұл екі тараптың жай ғана дау-жанжалы емес. Бұл нақты Ресей тарапынан егемен Украина мемлекетіне деген агрессиялық жолмен  тұрғындарымен қоса қалаларды талқандау екені көрер көзге айқын нәрсе.  Бұл путиндік Ресейдің әскери қылмысы, және де бұл арадағы «бейтарап ұстаным» бұл оқиғаға деген шынайы баға беруден бас тарту деген сөз.  Бұл да әлгі «… біз бұны Қырымды аннекциялау демейміз… не болса да сол болды ғой…» деген сөздің жалғасы. Осының бәрі Қазақстан билігіне тән келбеттің бір ұшығы деуге болады.

Қазақстан «бейтараптығының айрықшалығын» одан әрі «ұстанымның тәуелсіздігі» мен «мылжың реформалар» туралы тақырыптарды талқылауға да болар еді, бірақ оқиғалардың деректері, олардың тізбегі мен жалпы бағыты Қазақстанның «бейтараптығына» қатысты – «қаңтардағы құтқарушы»  Тоқаевтың  дербес билігінің объективті әрі жаһандық саяси тәуелдігінен туындайтын қарабайыр шымылдығы болып шығады. Бұл тәуелділік барған сайын айқындала түсіп,путиндік Ресейдің санкциялық қысымын әлсірету бойынша «ұлы кір жуу жұмысы» болып жататын  сыртқы саяси аспектіні ғана қамтымайды.  Тоқаевтың мылжың уәделерінің қалқасында адам құқығы мен бостандығына қатысты оқиғаның астарын ашатын фактілермен және салдарымен ішкі саяси ахуал қарқынды түрде құлдырай түсуде.

Украинаны қолдауға арналған ондаған митингтердің мәлім етілген «хабарламасынан» бар болғаны екі-үшеуіне ғана рұқсат етілді. Ауласындағы ағаш діңін украиндық жалау бояуымен әспеттеген адамдар полицейлік қудалауға ұшыратылып жатыр; осылайша ҚР-ның «бейтарап» ұстанымы азаматтарға Украинаны қолдауға «тыйым» салмайды.  Агрессиялық соғыс пен Украинадағы Ресейдің қылмысын насихаттайтын Z пен V таңбаларын таратуға қарағанда, әйтеуір бұған да шүкір. 

2022 жылғы қаңтар оқиғасына қатысты полицейлердің жаппай қинауы мен кісі өлтіру қылмыстары көптеген фактілерге қарамастан, бәрі жым-жылас болды.  Тіпті ішінара күдік пен айыпқа іліккен полицейлер қылмысының өзі сағызша созылып, одан әріге жылжымауда.  

Тіпті Тоқаев полициясы жендет полицейлердің жүгенсіздігінен болған «қаңтар» құрбандарын қорғайтын адвокаттарға шабуылдап жүр: адвокат Ғалым Нұрпеисов пен оның зайыбы Шалипа Бекқұлованың үйіне тінту жүргізіп, біршама құжаттарды алып кеткен…

Тоқаев дәуіріндегі саяси қамалғандардың саны еселеп артып кетті.  Оларды босатуды қолдаған митингтерге шығушыларды полицейлер мен арнайы қызметтер басып-жаншып отыр; Алматыдағы саяси қамаудағыларды қолдауға арналған митингке сұранушы он бір адам 2022 жылы 22 сәуірде ұсталып, соның салдарынан олар ұзақ мерзімге сотталып, айыппұл салынды.  

Бұдан басқа, 2022 жылы 21 сәуірде   Алматы облысы, Заречное,  ЛА 164/3 мекемесіне әскер кіргізілді. Осы күні саяси қамаудағы Асқар Қайырбекті ұрып-соққан.  Жазықсыз соққыға жығылған саяси тұтқынның дәлелдемесі айқын – оның денесінде сау-тамтұқ жоқ, бірақ осындай жағдайда құқығын қорғайтын оған қорғаушыны жібермей отыр, ал заңсыздықты болдырмауға тиіс қадағалаушы  прокурор шағымға бүлк етер емес. ҚР ІІМ ҚАЖК арнайы мекемелеріне кіруге қақы бар құқыққорғаушы ұйымдар, ОНК және НПМ – бұлар да міз бақпай отыр. Абақтының әкімшілігі болса, прокуратура мен құқыққорғау ұйымдарының салғырттығын пайдаланып, денедегі соққының іздерінің жазылып кетуін, дәлелдің жойылуын күтіп, тағы да «шағымда көрсетілген дерек расталмады» деу үшін уақыт созып ол  отыр …

Біздің қорытындымызды түйіндеп әрі аргументтеу үшін 2022 жылы 21 сәуірде Европарламенттің сыртқы істер комитетінде Орталық Азиядағы адам құқығы қаралған отырыста сөйлеген евродепутат Ружи Тунның Қазақстан туралы сөзінен дәйексөз келтірген мақұл:    «…біздер елшілермен, әділет министрімен таңғажайып түрде миллион рет кездесу өткізе беруімізге болады, премьер-министрлердің жүректі тебірентер сөздерін тыңдай беруімізге болады, бірақ түрмелерде өз көзқарастары үшін іріп-шіріп жатқан адамдардың ахуалы одан ешбір өзгеретін түрі жоқ… маған тиран мен оның құрбандарын тең дәрежеде тыңдау жөніндегі екіжақты қамтитын тіл туралы айтпай-ақ қойыңыз, олардың бізге деген ақпаратты жеткізу мүмкіндіктері алуан, тең емес… мен биліктегі адамдардың соққыға жығылғанын, азапталғанын, өлтірілгенін  ешқашан көрген емеспін,  бірақ жағалаудың басқа жағынан ондайға ұшыраған талай адамды көрдім… адамдарды азаптауды доғаратын, түрмеден босататын уақыт келді…өйткені олар бостандық үшін бастарын бәйгеге тігіп жатыр, қылмыс жасағандар емес…».

«Тоқаевтың реформасы» — бұл тырнақшаға алынбауға тиісті емес сөздер тізбегі. Өйткені, бұл тоқаевтың өзі секілді кезекті «жалған нұсқа». Бұндағы басты сызық – Қазақстанның азаматтық қоғамындағы наразылықты тұншықтыруға арналған – ол жалғасын табуда.  Бұған қарсы әрекет болмаса, бізді «орыс әлемінің» үлгісі күтіп тұр, ол үлгі бойынша билікке деген кез келген наразылық, риза емес көзқарас жаппай заңды жолмен тыйымға ұшыратылады, жаппай цензура, биліктен тәуелсіз БАҚ-тың қалған-құтқанын құрту – бәрі де қалыпты әрі әдеттегі жағдайға айналған…  Ал бұл – әдепті түнек пен азаматтық масқара.  Бізге оның ешбір керегі шамалы.

Енді «торт үстіндегі шие»: тоқаев ҚР атазаңындағы Назарбаевтың «құрметті мәртебесін» бекітуге бастама жасады.Енді сіз әлі де «тоқайдың реформасына» сенесіз бе? Ендеше олар сізге қарай қадам басты…

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.