Қазақстандағы болып жатқан жағдайды сараптай келе, елдің Путиннің қарауына түскендігі турасындағы түйіннен бас тартуға болмайды. Оның үстіне бұл мақпалдай кәрі де жұп-жұмсақ саршұнақ Қазақстанды ойына не келсе соны істеп, басқарып отырғанын және де өзінің вассалы Тоқаевтың бұған қалай қарайтынына да бас қатырмастан шімірікпестен әрі қыр көрсете істеп отыр…

«Ресейлік Қазақстан» — 2022 жылы қаңтардан туындаған. Путиннің Санкт-Петербургте қазақтың екі президентін де өзіне қажет нәтижеге жеткізетін оқиғаға арандатқаны енді әбден мәлім болды – әуелден-ақ Қазақстанды кремлшіл Тоқаевқа бергізу жүзеге асқан екен.

Ол Назарбаевтың елді «жетесіз президент» Тоқаевқа неге және не үшін бергенін жақсы білді.  Ең әуелі барлық күштік құрылымдарды өзіне бағындырып алып, Назарбаев «президент Тоқаевты» Қауіпсіздік кеңесінің отырысында өзінің оң жағына төменшіктей отыруға көндіріп, әлемге кімнің қожайын екенін көрсетумен болды.  Өзінің сенімді малайын күлкі ете жүріп, Назарбаев «екі президент әкімшілігін», бір бірін жоққа шығаратын екі шенділер кланын қалыптастырды … Бұдан басқа, немере-діндар бүлікшілерінің жәрдемімен және ҰҚК генералдарының сыбайласуымен, Назарбаев шекпенінің жеңіне бұған қоса ҰҚК-нің асыранды «имамдарының» бұйрығын екі етпейтін, бірнеше жүздеген қылмыскер діндар фанаттарды да жасырып келген еді.

Бұның бәрі өзінің қылмыстық жолмен жинаған активтерін сақтаудың бір ғана жолы — өзіне шексіз берілгендердің билігісіз болмайтынын ұққан қартайған елбасы үшін бұл «тосын жайттар кепілі» болып шықты… Және де бұл жүйе оған Путинге «батысқа жорық» алдында нағыз берілген вассал керек болмағанша толық жұмыс істеп тұрды.  Әйтпесе Путинге  «өзінің Қазақстанын» қабаттасып басқаратын, «көпвекторлығымен» алысқан әрі қартайған, алжыған вассалдың қажеті болмас еді.

 Санкт-Петербурте Назарбаев «жолдан кет» деген ишараны қабылдады да, «шүріппені басып кеп қалды». Оның енді ғана басталған бұқаралық наразылықты өз пайдасына қарай пайдалану ниеті болғаны әбден қисынды еді; «сенімді назарбаевшыл» Мәсімовтің барлық қару жыйдағынның сандығын «сатыбалдышыларға» ашып беретіндей, оларды қажет ахуалға кіргізудің тиімді сәті де осы қаңтар деп шешті.

Армия мен ҰҚК, Назарбаевтың қарауында болғанда, алғашқы сағаттар мен күндері Тоқаевқа бағынбағаны көзге көрініп тұрды. Оның қарауында тек қана ІІМ болды. Алматыны тонау мен өртеуге қалдырып, полиция өзінің бекіністеріне тығылып алды да, ҰҚК-тің көмегімен қаруланып шабуылдаған Сатыбалдының балдарынан қорғануға көшті. Балдар жасағына қойылған міндет қарапайым еді: Алматыны басып алып, мегаполисті азат етуге Тоқаевтың ешбір мұршасы болмайтын жағдайға келтіріп, оны өзінің дегеніне көндіру болатын.

Бұның бәрінің үстінен қараған Путин Тоқаевқа тікелей нұсқаулар берді:  нені және қалай істеу керегін айтып отырды. Осыдан келіп дипломат-саясатшы-президентті  апатқа ұшырататын шешімдер өзінен өзі шықты, оның ақымақ қылды, өтірікші әрі халық жауы қылып көрсетті… Ақыры Путин өзіне не керегін алды – Кремлден ылғи да тәуелді болатын Қазақстанның абыройсыз президентін қолға түсірді. Өйткені басқа әлем оның аузынан шыққан «жиырма мың қарулы бүлікшілдер» туралы ОДКБ әскерін кіргізу үшін айтқан өтірігін де, қанды-тебіреністі «ескертусіз атып өлтіру» пәрменін де  ешқашан ұмытпайды,қырылған бала-шаға да, кемпір-шалдар да, бейбіт тұрғындар да ұмытылмас, полицейлердің жендеттік жазалау көріністері де, полицей учаскелеріндегі мыңдаған зардап шеккендер мен азаптан жапа шеккендер ешқашан да ұмытылмайды…

Басты әулет нағыз саясаттан ығысуға мәжбүр болды, оның орнына барлық активтерін сақтап қалуға келісті. Бұған қарағанда Қазақстанға бұлардан қиқым-сыйқым ғана қалатын түрі бар, Сатыбалдының Қазақтелеком акцияларын «өз еркімен тапсырғаны» секілді дүниелердей тағы бірдеңелермен қазақтар дәм тататын шығар. Қылмыстық жолмен мырыққа батқан миллиардтар «басты пайда табушыға» жөнеледі…  Нұрсұлтаннан шыққан Нұрсұлтанның миығына үйірілген күлкіге қарасақ, ол толығымен келісіп, өзін ақтап алғанға құсайды…

Ақпан айында путиндік Ресейдің Украинаға басып кірген соғысы басталды да, Қазақстан Путиннің нағыз «мылтығының ұңғысында» қалды. Кремлдік ергежейге  Қазақстанның жераумағы зымыран атқылау үшін керек болған жоқ – оған «ресейлік Беларус»  Украинаға тиіп тұрды. Оған Қазақстанның әскері де керек болмады – қазақ әскері күлкі қылуға ғана жарайтынын білді, әлгі балғын Петрдің полкы секілді. Путиндік Ресейге Қазақстаннан шикізат керек, және оны санкциялық шектеуден арылу үшін алып «кіржуғыш» есебінде қолдану қажет болды.

Тоқаевқа деген ну ормандай «сенім» тудыру үшін, оған өзін «бейтарап ұстау» турасында нұсқау берілді; Путин тіпті бұл үшін өтірік те болса Тоқаевқа сұқ саусағын шошайтуды да ұмытып кетті, бұның бәрі қанына сіңген қорқақ Тоқаевқа бұрынғыдан бетер карикатура кейпін кигізді.

Соғыспен қабаттасып «бейтарап Қазақстанға» құрсалған Ресейден дайын бизнестерімен «орыс переселендері» де лап қойды.  Өзекті ақпаратқа қарағанда оларды қарамы 120 мыңнан асып кеткен және көктемгі қызылсудай келген үстіне келіп жатыр…  

Путиндік «мақтабастардың» жүйкесі жұқарған бір бөлігі бастарын кекірейте түсті, бұның өзі батыстан шығысқа қарай қазақ шекарасына қаулай түскені белгілі деген сөз – «бесінше керуен» қазақ шекарасын батыстан шығысқа қарай белдеулете қоршап жатыр… бұның бәрі «ақылдылар» мен «ұйқыдағыларды» есептемегендегі көрініс… Насихатшыл РосТВ қазақ теледидарын үш еселенген қуатпен жаулай түсті – «бейтарап Қазақстан» оларға қарсы ешбір кедергі қойған жоқ, өтірік пен соғыстың үгітін қансоқталап тұрып соғып жатыр.

 Қазақ банктері болса, алуан түрлі атқару жұмыстарымен өздеріне «санкцияда қалған» ресейлік банктердің міндеттемелерін жүктеп алып, оларды құтқару үстінде.

 Ресейлік әскери техника ресей жалауларымен свастикасын жасырмастан Қазақстан шекарасын қымсынбай басып өтуде, Орал қаласында олар «жолайы» түрде аяқ суытып, әншейін «дүкенге кіріп» шығыпты; шамасы қалталарына құмшекер салып алған болар…

Ресей артистері, Украинадағы «орктардың шайқас»  пропагандондары, Қазақстанға үйірімен гастрөлмен келуде, аншлаг боларын сенімдері мол; олардың Қазақстандағы афишалары қазақша  – әлгі сол орк свастикасы демеушінің жарнамасына қиқа-жыйқа бүркемеленіпті…

Путиндік Ресей сұржыланша сумаңдап тоқаевтық Қазақстанға қарай жорғалай түсті, әлпеті қойды жұмарлауға беттеген аю секілді. «Бауырымен жорғалаған жұту» қатері барған сайын айқындала түсті, оны елемеу болмаса көрмеген болу барған сайын мүмкін емес. Оған тосқауыл болудың бір ғана жолы бар – бірігу ғана. Ұлт болып бірігу. Ертең бәрі кеш болары анық.

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.