Біздер бала-шағамызбен  2019 жылдың тамызынан бері Украинадамыз (авт. -Владимир Козлов). Ең алғашқы алған бұндағы жағымды әсер – әрбір украинның бойындағы қанмен біткен еркінсүйгіштік.  Ол сезім әрбір қадам сайын түрлі пошымда көрініс береді. Тіпті, Алматыдағы әр көшенің қиылыстарындағы ондаған камералардың өзімен-ақ салыстырып байқайсың, оны қондырғанда бізден рұқсат сұрады ма   — ал Киевте бұл мәселе Жоғарғы Рададағы дау шыққалы, алға жылжыған емес:  бұлар азаматтардың құқығымен бірге қауіпсіздік талаптары өзара қаншалықты үйлесімді деген сауал әлі өз шешімін тапқан жоқ…

Сосын біздің көшеде әбден мезі қылған «ұлттық идеяның» алып билбордтары қаланың көптеген жерлерін қалқалап тұр, бұларды қазақ билігі ондаған жылдар бойы іздестірумен «айналысып» келеді, ал украин ұлтын түзудің тұжырымы мынау: кім де кім Украинаны сүйсе, сол — украин. Болды. Мұншалықты қысқа да нұсқа әрі айқын кімде анықталғанын білмеймін.  Тұжырымның астарында – махаббат. Бұл сезім бүкіл адамзатқа тән нәрсе… Одан артық мыжып не керек.

Сосын соғыс басталды. 2022 жылғы 24 ақпан қарсаңында орыстілді жұрты қаптаған Харковта, Одессада, Херсон мен Мариуполда «орыс әлемін» гүл шоғымен қарсы алатындар соншалықты жеткілікті болатын шығар деп пайымдағам. Олар шын мәнінде жеткілікті еді – «алақоңызтүсті» баудың дау-жанжалында, 9 мамырда қаптап шығатын,тіпті ол қалалардағы көшелерде советтік атаулардан көз сүрінетін,тіпті Ленинге ескеркіш әлі тұрған. 

Бірақ 24 ақпаннан кейін бұндайлар жоқ болып шықты.  Олардың бәрі ең әуелі Украинаны сүйетін болып шықты. Олардың барлығы да украиндар екен. Ұлттарына, тілдеріне, тарихқа деген көзқарастарына қарамастан солай болып шықты.  Олардың біріне де қарамайды екен. Ең әуелі солай екен. Оларға керегі – ең әуелі Украина екен. Бәрінен де керегі сол болып шықты.

Кеше ғана Зеленскиді кеңірдектері кепкенше сынайтын орыстілділер, 24 ақпаннан кейін тап-таза орыс тілінде Путин мен оның «орыс әлемін», оның әскери орыс кемесімен бірге одан әрі «аттандырып» салғаны бар. Мақпалтүкті маняктың ең әуелі  осы жайт жындарын қоздырғанына сенімдімін. Орыстың телеэкранынан саулап шыққан жабайы кекшілдік, сол себепті дезымыран түрінде украинның бейбіт орыстілді қалаларына қарай оқ боратқанына сенімдімін – бұның бәрі әлгінің жеке өз кеудесінен саулады…

Бірақ Украин ұлты монолиттей ұйысты. Бұндай ұйымдасудың басты көзі  украин билігі, әсіресе Зеленскидің командасы екенінде дау жоқ. Әлгі сол «35+ балдар» командасы. Соғыстың жабайы қысымымен бірге украин билігіндегі құрылым нығыздала түсті де, оларға деген сенім пайда болып, соны айнала ұлт болып ұйыса қалды. Талай рет малайлардан алданған қартайған мақпал терілі құндыздар, тек қана жағымды нәрсені айтқыштар, украина жағдайында үш нәрседен масқара болды:  украиндарды қандай халық екенін, укриандарды бір біріне жымдастырған украин билігі мен армиясының қандай екенін білмепті байғұстар. Осы үш бірдей қатенің соңынан кремлдің ергежейлері мен оның кеудемсоғы да – «Мәскеу» крейсерімен бірге суға кеткеніне сенімдімін.  

Шындығына келгенде, бұл материал Украина туралы емес, Қазақстан турасында. Қазақстанға не істеу керектігі туралы, оның алуан текті, түрлі этносты қазақтарына нағыз қазақ ұлты болу үшін не істеу қажеттігі турасында. Бой мен ойдағы қандай сапаны «ояту» керек, қай рефлексті – аластау керек.   Қаптаған міндеттердің ішінде қайсысын басты етіп алға тарту керек, бірігіп шешу үшін қайсысын «кейінге» қалдырған мақұл. Әрине, егер де біз Қазақстанды сүйетін болсақ. Тек қана Қазақстанды, елімізді сүйсек – Отанның күретамырында жабысып сүлікше сорған билікті емес, Елді айтамын!  

 2022 жылғы қаңтар – бұл азаматтық қоғамның билікті басып алғандарға қарсы «соғысының» басы. Қазыр енді бейбіт наразылыққа бөгде күштердің тіркесе кеткені белгілі болып отыр.  Елдің көшелеріне бейбіт түрде шыққан қарусыз наразылық пен белсенділер шеруі екі тарапқа бөлінген биліктегі оңбағандардың ойыншығына айналып кеткені түсінікті болып отыр. Жеңіске қол жеткізген оңбағандар тарабы өз билігін азаматтық наразылықтан «тазартуға» кірісу үшін осы ахуалды өз пайдасына қолдануда  – бейбіт наразылық білдіргендердің бастарына әңгіртаяқ ойнатқандар, полицейлік жүгенсіздік пен кісі өлтіру, адам қинау секілді айуандық әрекетті, соттардағы жаппай «саяси» баптарды осымен ғана түсіндіруге болады…

Азаматтық наразылықтың шындығы мен адам құқығының әділдігінен де бас тартқызып, қаңтар оқиғасының барлық қатысушыларын бүлікшіл атап, қылмыскер биліктен «қатал шара» қолдануды талап етушілер – дәл қазыр Украинадағы путиндік соғысты қолдап жатқандардың нақ өзі.  Бұлардың Қазақстан тәуелсіздігі үшін қаншалықты қатерлі дұшпан екеніне бас қатыру керек.

2022-нің қаңтар қаһармандарының көпшілігі – өліп қалды. Талайы мүгедек болды, сотталды, абақтыға тасталды. Берік Әбішев, Азамат Батырбаев, Қосай Махамбаев, Давлат Джаббарбеков, Жасұлан Амангелдинов, Самат Нұрмұханов… әркім де өзінің тізімімен бұл тізімді толтыра алады. Өлгендердің жанұясы, жапа шеккендер, олардың бәрі де біздің тұрақты қолдауымызға зәру.

Ойлану да керек, істеу де керек. Бір ғана нышанның төңірегіне топтасқан абзал  – Қазақстанды кім де кім сүйеді, солардың маңына. Барлық алуан текті қазақтарға өз ұлтының сондай сүйіктілеріне топтасу керек. Және де қаһармандарды құрмет тұтқан жөн.  Кешегілерді де, бүгінгілерді де алаламай қастерлеу керек.  Қаһармансыз Ұлт болмайды. Ұлтсыз Отан болмайды.

 

Видеода да  – сол туралы.

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.