Жуырда біздің құқық күзетінің жүйесі басты айыпкер санайтын бұрынғы ҰҚК басшысы Кәріс Мәсімов  тылпыйып түсті деген хабар тарады. Дертінің күштілігі сондай – есінен танып құлапты.  Жүректің ишемиялық ауруы ұстапты, тіпті оны босатпаса болмайды екен.  

Еске салайық: ҚАЖКда бұндай аурумен мыңдаған сотталғандар жазасын өтеп жүр, өтеп шықты. Солардың ішіндегі танымалының бірі– Мұхтар Жәкішев. Ол қамалудан бастап босағанша тапжылмастан он жыл бойы ауырды – оның дерті біршама ауыр еді, жүрек ауры, оны жұрттың бәрі білді. Тағы біреуі мысалға – Арон Атабек. Бәріміз де оның қандай ахуалмен қапастан шыққанын көрдік, ақыры «шығарды», 14 жылдан соң. Көрер күні аз қалған соң. ҚАЖКның қабырғасында өліп қалмасын деп шұғыл шығарды. Ақыры солай болып тынды…

Менің кезінде (авт.- Владимир Козлов) «жүз үшінші» абақтыда (ЛА 155/14, Заречное, Алматы) аурухана төсегінде, Алматы ҰҚКД-ке тиесілі  тергеу оқшауханасындағы азап пен қинаудан кейін басына шапқан рак дерті бар адаммен қатар жатқаным бар.  Бірақ бұл сырқат түрі  сотталған адамға бостандыққа шығуға жол ашатын тізімде болмай шықты, соның кесірінен еркіндікке шыға алмады, қажет ем де ала алмады…  ҚР ІІМ ҚАЖК медицинасы бұндай жағдайда науқастарды тек қана бостандықта өлу үшін босатады… онсыз да құрыған түрме статистикасын бүлдірмеу үшін құтылады.

Кәрім Мәсімов – өмірі жарқын да жайдары адам, спортшы-марафоншы. Марафон – спорт түрлерінің ішіндегі ең бір ауыры болып табылады. Ондай спортқа қатысушылардың бәрі де шетінен денсаулықтарының мықты екеніне көз жеткізіп барып кіріседі. Оның үстіне ол – елдің Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің басшысы. Бұның бәрін ескерсең, қандай да бір меңдеген ауру бар деуге келмейді.

Біздің өмір шындығымызға сәйкес, бір жерде, біреулер, кілтін тауып, біреумен келіскендігін және Кәрім Мәсімовті шығарудың қисынды жолын тапқан түрі деп есептеуге болады.  Мысалы – оны үйқамаққа шығаруға деген жазаны өзгерту шарасы. Ал бұл дегеніңіз, бұрынғы ҰҚК төрағасы үшін – жаңа өмірге деген жаңа қақпаның ашылуы. Барынша шалғайға кету дегенді білдіреді, оның үстіне – оның «жинақталған еңбек дағдысы» да жеткілікті…

Әрине, бұл жайында қазіргі президент Тоқаев бұның бәрін біледі. Оның «реформалары» — тирандық жайттарды бүркемелейтін және елді осындай ахуалға әкелген мықтылардың қауіпсіздігін қамтуға қажет әдемі айшықты уәделер ғана. Шындығына келгенде, «басты әулеттің» бір де бір мүшесі зардап шекпегені былай тұрсын, тіпті олар іздестіріліп жатқан да жоқ. Наурызда ұсталған Қайрат Сатыбалдының да көп жатпайтыны мәлім, әйтпесе ол «Қазақтелекомның» акцияларын неліктен беріп құтылды дейсің…

«Тоқаев реформасын» бағалау үшін құлақты басып, көзді ашу керек. Сонда оның сөз арасынан шындығында өмірде не болып жатқанын, әсіресе құзға қарай бағытталған сүрлеуді көресің.  Мемлекеттің демократиялығына бір ғана саяси тұтқынның болуының өзі кір келтіреді, ал «тоқаевшыл Қазақстанда» алдыңғы «назарбаевшыл» елдегі бұл тұтқындардың санынан гөрі әлдеқайда артып кетті.

Солардың бірі, «саяси» тұтқын Айбек Сәбитов, белсенді азамат, 2021 жылдың мамырында кең жайылған ҚР ҚК «лаңкес» 405-бабымен сотталған. Өзінің «сенімі» үшін сотталғандардың  бірі, бұндай жаза демократиялық елде болмайтыны белгілі ғой. Ешқашан да болмауы тиіс. Мысал үшін – Ресеймен сегіз жыл бойы соңғы сәтке дейін соғыс ахуалында болған  Украинаны алайық (!), тіпті Жоғарғы Раданың құрамында ашықтан ашық путиншіл саяси партия болды ғой — !!! Олар өздерінің путиншіл телеарнасын пайдаланды — ! Және бұның бәрі заң жүзінде жасалған мүмкіндік еді. Сол себепті де – демократия. Тек қана 2022 жылдың 24 ақпанынан кейін ғана бұл партияның мүшелері сөзден іске көшкесін, басқыншыны қолдағасын ғана – оларға тыйым салынды.

Заңсыз сотталған саяси тұтқын Айбек Сәбитов, қосымша сазайын тартқызу жазасы болмаса да, СИЗОдан абақтыға, Шымкенттегі ИЧ 167/3 мекемесіне ауыстырылды. Ол карантиндегі дәстүрлі «кездесуден» кейін мекеменің әкімшілігі оған босаған бойда әкімшілік қадағалау тағайындағанын әзірлеп сотқа бергенін білді.  

Әдетте әкімшілік қадағалау жазаны өтеу кезіндегі теріс бағасы бар адамдарға қатысты қолданылатын шара: босау кезінде ҚҰЖ-дағы (қатаң ұстау жағдайы) үшінші дәрежелі теріс қылығы үшін берілетін қосымша шара.  Өз тәжірибемнен айтсам, ҚҰЖға қамау әдейі, босағаннан кейін де «бүлікшілерді» қолдан жасалған іс бойынша «жапқанын» білемін… Ал Тоқаев-реформатор кезінде Әкімшілік қадағалау туралы бап енді әкімшілік қадағалау кез келген сотталушыға сол «бүлікшіл», саяси баптар бойынша автоматты түрде тағайындала беретіндей толықтырылды…

Айбек Сәбитов – заңға бағынышты өзінің демократиялық ұстанымы бар белсенді азамат. Оның осы ұстанымы үшін Тоқаев режимі соттап, енді «бүлікшіл» болып шыға келді, енді осы ұстанымы үшін оған әкімшілік қадағалау орнатады да, бұл оның «абақтыдан кейінгі» өмірін күрделендіре түседі, өйткені, бұл да «назарбаев кезіндегі» тыйымдар санын молайта түскен ахуалға ұшырауға мәжбүр.   18 сәуірде  – сот. Айбекті қолдаңыздар!

Жуырда толыққанды есі дұрыс адам, медиа-тұлға, біздің қазіргі кезімізді «жылымық» деп атағанын байқадым… Бұндай жылымық кезең, егер де Тоқаев азаматтық қоғам мен оппозицияға қатысты барлық антидемократиялық шектеулерді алып тастағанда лайық болар еді. Бірақ бұл әзірге – арман аймағындағы шаруа.

Ал да істе. Дәл қазір – осы керек. Басқа нұсқа жоқ.

Біз бұрынғыша – тақырыптамыз. Телефон +380933969111, барлық мессенджерлер мен әлеужелілерде осы нөмір. Оң жақтағы фото астындағы WhatsApp иконкасын бассаңыз, әпсәтте байланыста боламыз.  Сұрақ қойыңыз, видео жөнелтіңіз, біз өз байланысшымыздың қауіпсіздігіне толық кепіл боламыз. Бізге хабар жетсе болды — жәрдемдесеміз.

 

 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.