Сотталған Бондо Стуруа – бірнеше рет біз жағдайын жазғандардың бірі (https://www.facebook.com/108893537462187/posts/491369515881252/?d=n), және де ол туралы тағы да жазуға кірісеміз. Біз бұндай адамды жалғыз өзін адамжегіш әрі адам құқығын өлердей жек көретін жүйеге қарсы тастамаймыз.

Сотталған Бондо Стуруа – онкосырқат, ол соңғы 6 жыл бойы заңсыз түрде жалғыз орынды камерада қамаулы отыр. Осындай жағдайда маған да (авт. – Владимир Козлов) 7 ай бойы отыруға тура келген. Алматының ҰҚКД-не қарасты Оқшауламасында, дәлізінде ешбір дыбыс естілмеу үшін кілем алашалар төселген жым-жырт жерде болдым.  Бұл жерде камерадан шыққан кез келген дыбыс үшін – үстеме жаза дайын. Бұнда дәретхана да, қолжуғыш та, су да жоқ…

Жападан жалғыз отыру – жүйке үшін ең қатал сынақ әрі жүйкені құрту арқылы иммунитетті де жоятын полигон деуге болады. Бұдан кейін бойдағы иммунитет басып келген «ұйқыдағы» вирустар мен дерттер – «оянады» да шабуылға көшеді.  Бір айдан соң менің шабымдағы ісікті отап тастады, сосын  – жоғары қан қысымы өршіді, асқазан ауруы қозды, өтте қатқан тас пайда болды, тамыр шодырайды — варикоз…

6 жыл бойы (!) жалғыз отырған соттаулы Стуруа сап-сау денсаулығын құртып қана қойған жоқ, онкосырқат болып шықты. Оған қазырдың өзінде нақты дәрігерлік жәрдем керек, бұған дәрігерлік сараптамадағы талдамалар мен шынайы медициналық көрсеткіштер куә. Ал Петропавл түрмесінің қызметшілері бұның орнына оны қасақана түрде ереже бұзуға итермелейді, оған қол жеткізгенде – қисынсыз сотқа жетелейді, бұның бәрі – оған мейлінше қажет дәрігерлік шұғыл жәрдемді жасатпау үшін, нақтырақ айтқанда – өлтіру үшін.

2022 жылғы 3 ақпанда бірінші инстанциядағы сот Бондо ісін қарап, оны мәжбүрлеп емдеуге шешім шығарды. 2021 жылғы 3 қарашадағы  №2531/237 сарапшы қорытындысы бойынша Стуруа Б.В. «жеке басы бұзылуға ұшырап, айқын түрде өз ырқынан шығатындай жүйкесі тозған». Сот пікіріне келсек, сотталған Бондо Стуруа, қоғамдық-қатерлі әрекетке ұрыну кезінде (арандатушы-қызметшілерге айбат шеккен) өзінің жүйкесін билей алмастан, мейлінше мінез көрсетіп және айналасына барынша қатер төндіруі әбден ықтимал.  Уақытша жүйкесі сыр бергенін әзір көрсеткен жоқ. Бірінші инстанция соты оған қылмыстық-атқару жүйесіне қарасты психиатр бөлімшесінде мәжбүрлі түрдегі емделуді тағайындау ықтималдығы турасында қорытынды шығарды.   Емделуге кедергі әзірге бойынан табылған жоқ.

Арнаулы медмекемеге мәжбүрлі түрде емделуге барған Бондо Стуруа ең болмаса жалғыз орынды камераны уақытша болса да тастап, қажк-лік арандатушы-жендеттерден алысырақ болар еді. Алайда – петропавлдық  прокурор Тимур Құлжанов бұл үкімге қарсы аппеляциялық қарсылық білдірді, нәтижесінде аппеляциялық төреші Абай Рыскалиев жаңа шешім шығарды: Бондо Стуруаға психиатрлық жәрдемді сол жалғызорынды камерада да әлгі арандатушы-қызметшілер арасында көрсетуге болатыны туралы үкім етті…  Бұдан басқа бірінші инстанциядағы сот үкімінің мәтінінен сотталған Стуруаны рақымшылықпен шығаруға ешбір кедергі жоқ дегенді сылып тастады…  

Осылайша, ауыр онконауқас соттаудағы Стуруа, жүйкесі құрыған адам ретінде және өзін осындай ахуалға жеткізген жазалау жүйесінің қолында қала бермек. Сол баяғы погонды, мундирлі және мантиялы жендеттердің қарауында одан әрі қалмақ…

Біздің барлық материалдарымыз өздерін құқық күзетіндегі және қылмыскерлерді жазалау жүйесіндегі қызметшілерміз деп есептейтін адамдардың қылған бүгінгі қылмыстарына деген дәлелдер болып табылады. Сәйкес жағдай қалыптасып, іске қажет болғанда, ондаған мың қолданушылары бар  әлеуметтік желіде жайғасқан бұл материалдар қылмыскерлерді айыптау мен оларды жазалауға жарайтын айғақтар болмақ.  

Біз бұрынғыша – тақырыптамыз. Телефон +380933969111, барлық мессенджерлер мен әлеужелілерде осы нөмір. Оң жақтағы фото астындағы WhatsApp иконкасын бассаңыз, әпсәтте байланыста боламыз.  Сұрақ қойыңыз, видео жөнелтіңіз, біз өз байланысшыларымыздың толық қауіпсіздігіне кепіл боламыз. Бізге хабар жетсе — жәрдемдесеміз.

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.