Біз жобамызды жалғастырамыз. Біздің мекен еткен Украина еліндегі соғыс біздің де тірлігімізге өзгеріс енгізбей қоймады. Алғашқы соғыс күндерін бастан өткеріп, оның болашақ ықтималын ұғып, қажет шешімдер қабылдауға уақыт керек болды… оның бәрінен өттік, енді – жалғастырамыз.

ҚАЖК. Атбасар. Бұл тіркескен екі сөз сол жердегі түрмеде болғандарға талай нәрсені білдіреді. Атбасар – түрмелер жүйесіндегі ең бір құқықты таптаумен үңірейген зындан. Бұл жағдайдың одан әрі ушықпауына назар салуды қалайтын орын.

Сотталған Иван Каланча 2014 жылдан бері жүйеде «келе жатыр». Осы уақыттың бәрі де Атбасардағы ЕЦ  166/4 мекемесінде өтуде.  2021 жылдың тамыз айының соңында оны бірнеше түрме қызметшісі сабап тастады. Азаптың шегіне жеткені сондай, ол өзіне қол жұмсап, ішін жарды. Атбасар ауруханасында оған ота жасады. Ішектеріне зақым келіп, 10 тігіс тігілген.

Бірнеше күннен соң оны абақтыға ауыстырды, медпунктке емес, ҚАЖДға, бұл жерде ешбір дәрігерлік көмек атымен жоқ.

Оның азапталу бойынша жазған шағымына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бірақ – тергеуші Ержанов ешкімге беймәлім себептермен ол істі жауып тастады да – қызметтен өз еркімен кетті. Бұл істің доғарылғаны туралы оқиға барысын үйлестіретін НПМ адвокатқа да хабарламапты.

2022 жылғы 13 наурызда Каланча мекеме (ДПНУ) бастығының кезекші көмекшісі, қызметші Мұрат  Арманның қолынан  таяқ жеді.

Иван Каланчаның шағымдарының бірінің қаралуына қатысты мынаны ескерген жөн, қызметшілерден таяқ жеген сотталушыны «қауіпсіз орында ұстау» аталатын орынжайға 6 наурызда орналастырған. Дегенмен, мекеме басшылығы дөрекі түрде ҚАК-нің баптарын бұзғандығы мәлім болып отыр – сотталушы жасаған шағымға сәйкес жауапкер тараптың құрылымдары сотталушыға физикалық тұрғыда қасақана қысым жасауға жағдай жасаған.

Қазырғы кезде сотталған Иван Каланча туыстарына телефонмен хабарласа алмайды, олармен ешбір байланыс жоқ, ал ол жайындағы ақпарат басқа сотталушылардан келіп түседі, оның басты себебі, Иван Каланча, өз құқығы мен заңның әділ орындалуын талап етемін деп мекеме басшылығы тарапынан осындай оқшаулауға түсіп қалған деседі.

Сотталушының туыстары болса, ЕЦ 166/4  басшылығы Иванның толық оқшаулануына заңсыз жолмен қасақана түрде мәжбүр етіп отырған көрінеді:  хаттар біржарым ай бойы зорға жетеді, қадағалаушы прокурор бұның бәрін, әсіресе қызметшілердің заңсыз қылықтарын көрмегенсиді,  сотталушының шағымы абақтыдан шықпайды.  

Қалаған кезде ылғи да себеп табылады. Көптеген жағдайларда ҚАЖК қызметшілері өз құқығы үшін «соқтығысатын» сотталушыдан қарабайыр түрде кек алу жолына түседі. Мынау да соның бірі екендігі даусыз.   

2019 жылы сотталған Иван Каланча, жаза мерзімін өтей жүріп, ҚР ҚК 428 бабы бойынша  тағы да біржарым жылға бас бостандығынан айрылды –қосымша түрде. Бұл аталған бап, түрмеде «шыр айналдыру» деп аталады  және  де бұл ұстау тәртібін қасқана бұзушыларға ғана емес, бұл жағдайды жүйелі түрде және «жоққа шығарушыларға» да қолданылып, басқа сотталушыларға осылайша жағымсыз ықпал етушілерге де қолданылуы керек.  

Біздің жағдайда, Атбасардағы ЕЦ 166/4 мекеме басшылығы, айыптауды соншама дөрекі жапсыра салған, әдетте бұндай айыптау жергілікті жақсылап «жемделген» сотпен рәсімделеді. Жоғары сот сотталған Иван Каланчаны ақтап, мекеме басшылығының атына соншалықты дөрекі түрде заң бұзудың орынсыз екендігі туралы қаулы шығарды. Ал бұл жалған айыптауға қатысты бас қаһарман ретінде әлгі сол Мұрат Арман куәгерлік еткен. 13 наурызда қауіпсіз ұстау жағдайындағы  сотталған Иван Каланчаны ұрып-соққан да соның өзі болатын. Осылайша қылмыс ізі тұйықталды.  

Иван Каланча құқық қорғаушылардан қолдаусыз қалып, толық оқшауланған күйін амалсыз жалғастыруда.  Біз бұл ахуалдың одан арғы өрбуін бақылайтын боламыз және аумақтық құқық қорғау ұйымдарын да аталмыш жағдайға назар аударуға шақырамыз.

Біз бұрынғыдай байланыстамыз. Соғыс жағдайында да. Хабарлаңыз, жөнелтіңіз, оқыңыз. Бізге мәлім болса болды – көмектесеміз.

 Телефон +380933969111, барлық мессенджерлер мен әлеужелілерде осы. Оң жақтағы фото астындағы WhatsApp иконкасын бассаңыз, әпсәтте байланыста боламыз.  Бізге хабар жетсе — жәрдемдесеміз.

 

 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.