Әдетте біз өз жобамызға әуелгі белгіленген тақырыптарды ғана алатынбыз, ол: Қазақстанның белсенді азаматтары мен бас бостандықтарынан айрылған адамдардың құқықтарын қолдау. Бұл тақырыптарды таңдау дербес тәжірибенің барлығымен байланысты еді, және де сәйкесінше – бұл ерекше тәжірибе мен дағдыны осы саяси алаңдағы және орындардағы адамдардың пайдасына жұмсаудан шыққан. Бірақ та бізге әуелі Александр Микуличтің жақындары сосын, оның өзі хабарласқанда, бұл тақырып та – түрлі талаптарға сәйкес біздікі екенін ұқтық.  

 

Біріншіден – әңгіме мәжбүрлеуші медицина турасында және де бұл медицинаның кімге арналғандығында болып отыр. Екіншіден – бұл тақырып диктаторлық режимдердегі денсаулық сақтау жүйесінің мәнін аша түседі және фактілермен  — денсаулық сақтаудың қалайша жеп-жеңіл түрде полицей мемлекеттердің қолданатын құралына айналатынын және оның қалайша жазалау органы болатынын әшкере етуге мүмкіндік береді.

 

Александр Микулич – Шығыс Қазақстан облысы Денсақтау басқармасының  ПХВ құрамындағы қазынашылық мемлекеттік кәсіпорнының пациенті. Бұл шырғалаң атауларды ұғу қиынның қиыны, сондықтан оған бас қатыруды қойдық; бұған кім мүдделі болса  — сол ұғар. Қарапайымдатып айтқанда – бұл түберкүлезден мәжбүрлеп емдейтін медициналық мекеме. Бұл ШҚОның Тарбағатай ауданында орналасқан Ақжар кентінде. Ол мекеме облыс орталығынан шамамен  — 400 шм.  Осы фактордың өзі оның қалайша құрылғанына және қалайша жұмыс істейтіндігіне лайықты жүйеқұраушы болып қалыптасқан.

 

Туберкулез – тек қана әлеуметтік сырқат. Ол аурумен көбінесе, әлеуметтік әлжуаз топ, соның ішінде ҚР ІІМ ҚАЖКға қарасты абақтылар мен түрмелердегі адамдар ауырады. Түберкүлез иммундық жүйесі әлсіреген адамдарды күйретеді – ашқұрсақтарды, күйі әбден құлдырағандар мен кедей-кепшіктер және жағдайы нашар жандар ұшырайды.  Ондайлардың біздің бай елімізде болуы – өз алдына масқара, бұл дегенің билеушілерде ондаған жылдар бойы  нағыз әлеуметтік саясаттың болмағандығына куә.  Бұл аурудың таралу ауқымы – халықты билеушілерге қаншалықты бәрібір екендігін көрсететін немқұрайдылықтың құзға айналғандығын көрсететін көрсеткіш.

 

Мәжбүрлеп емдеу жайында айтайық: әдетте ашық түрдегі түберкүлезбен ауыратын науқастар ауру таратқыш болып келеді және олар оқшаулануы тиіс; егер де қажет болса — мәжбүрлеуге тура келеді. Ал қасақана түрде түберкүлезді жұқтыру – бұл  «өшіріп» сосын «шығарып тастауды» ойластырған қамалғандарға қатысты  ҚАЖК қызметкерлері жиі жүгінетін Қазақстан абақтыларындағы «опция». Ол үшін оған ескертпестен әлгі адамды сондай науқас жатқан орынжайға жайғастырса жетіп жатыр…  Бұндай фактілердің талайы болды, бар және болады да.

 

Науқас Микулич өзі жатқан медициналық мекемеде заңдылық пен пациенттердің құқығы  жүйелі түрде бұзылатынын хабарлауда. Ол науқастарға үйлерінен келетін сауқаттардың ішіндегі азықтарды тазалықшылар алып кетеді, кім де кім бұған қарсы шықса – оларды ұрып-соғады. Бұның бәрі бөлімше меңгерушісі А.Омарбекованың немқұрайдылығынан болып жатыр.

 

Болып жатқан мұндайларға наразылық білдіріп, Александр Микулич аштық жариялаған, сосын басқа шарасы болмағасын  – өзіне назар аударту үшін – қантамырын кескен. Содан соң оны Шырын  есімді қызметшімен бірге тазалықшы Олжас Бауыржан сабаған.  Ол наразылық танытып, өз құқығын қорғауға тырысқанда – оны кемсітеді, зәбірлейтінін айтып қауіп төндіреді. Александр Микулич, өзінің арызы бойынша ақ-қарасын ашуға келген полиция капитаны Мірдәулет, тергеудің орнына бұдан бұлай ешбір шағым жазбауға ұсыныс жасапты…

 

Бұның бәрі ҚР ІІМ ҚАЖК түрмелері мен абақтыларындағы болып жатқан жайттарға ұқсастығы сондай,біздің бұдан түсінгеніміз  – бұл біздің тақырып екен, біз оны қолға аламыз және жағдайдың қалай өрбитінін бақылайтын боламыз.

 

 «Тоталитарлық медицинаға» қайта оралып, 2022 жылғы қаңтар мен ақпандағы оқиғаларда болған медицина мен дәрігерлердің атқарған рөлдеріне назар аудармақпыз. Бәрінен бұрын – одүниеге кетіп қала жаздағандарды, үмітсіз болғандардың жанын сақтап,бұдүниеге қайтарып алған дәрігерлерге алғысымыз шексіз, тіземізді бүгеміз. Сонымен бірге, жазалаушы полицейлердің ауыр жаралыларды, аяғын баса алмайтындарды палаталардан сүйреп азаптауға алып шыққанда бүлк етпей, қарсыласпай бере салған дәрігерлердің қылығына не дейміз… Азаптан әбден әлсіреп жан тапсыру сәтінде жан ұшырып араша түспегенде жазалаушы жендеттерге қарсыласпауы нені білдіреді…

Бұл – енжарлық, жанашымастық және дәрігерлік антты бұзу. Бұл – қылмыс.  

Біз Александр Микуличке медицианалық мекеменің заңды реттеуіне даусы жетер және ереже бұзу мен қылмысты әрекет еткендер сазайын тартар деген үміттеміз. Пациент Микулич – сотталған адам емес, еркін қарым-қатынасқа құқығы бар және біз онымен үнемі байланыстамыз.

 

Біз бұрынғыдай байланыстамыз. Телефон +380933969111, барлық мессенджерлер мен әлеужелілерде осы. Оң жақтағы фото астындағы WhatsApp батырмасын бассаңыз, әпсәтте байланыста боламыз. Хабарлаңыз, жөнелтіңіз, оқыңыз. Бізге мәлім болса болды – көмектесеміз.

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.