Жуырда ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйе комитетінің төрағасы (ҚАЖК) ҚАЖК мекемелерінде (түрмелер-СИЗО, абақтылар) ешбір азаптау болған жоқ деп мәлімдеді. Солай сөзбе-сөз айтты.

Біріншіден, әдетте төрағаның өзі ешқашан да мәлімдеме жасамайды, оны орынбасарлары жасайтын, екіншіден, ондаған және жүздеген видеотіркеу мен азаптаулар және қаңтар қырғынынан кейінгі азап пен қинаудан өткен адамдардың  айғақтары бола тұрып, бұндай өтірікті  «жауапты түрде мәлімдеу»  – бір орында тұрып секіру деген сөз. Бұдан тек бір ғана қорытынды шығаруға болады – ҚАЖК төрағасы ешқашан құтыла алмайтын соншалықты әшкере ілгішке ілінді деген сөз.  

Өзін әбден тәрк еткен кісі өлтіргіш-президент тоқаевтың 20 мың шетелдік лаңкестер туралы өтірігін қанын сорғалатып маңындағылардың бәріне жағып жатыр.  Бұл сыбаға Ерлан Қаринді де айналып өтпеді: бұрынғы «тәуелсіз саясаттанушы» әрі «қоғамдық комиссияның» жетекшісі де «алаңда ешкімді де атпады» деген ашықтан ашық өтірікті лақылдатып құсты…

Билікке тәуелді БАҚтар «олармен белгілі бір жұмыс жүргізілгеннен кейін» медиа-кеңісті күштік құрылымдардың қызметкерлерінің өлгені туралы, «құтырынған наразылар» жайында лапылдатып жая бастады. «Қоғамдық адвокат комиссиясы» аталатын алқа да, өздері барып кеткеннен кейін де адамдардың ұсталуы мен қамалғаны бола тұрып, көзге анық түскен қамаудағы адамдарды полицейлердің азаптауы мен кісі өлтірген айыптарын айналып өтіп,  «алаңда зорланғандар» мен «қырылған полицейлер» туралы ақпаратқа жұрттың көздерін қадағансыды…

Біржақты түрде айту керек – оқиғадан соң іле-шала әлемжеліні жайлаған жалаңаш шындық бірнеше рет қайталанған өтірікпен қымталса да, оны үсті-үстіне қап-қалың, қабат-қабат ақпараттық көрпемен жауып әуре болып жатыр.  Бәрі де «қара пиардың» ережесімен тап тұйнақтай етіп, «жоғарыға» қаншалықты қажет мөлшерде істелуде. Мұншалықты тырысу соншалықты білікті болса да, ізделген нәтижеге қол жеткізе алар емес. Қаңтар мен ақпандағы болып жатқан сұмдықтарды естен шығару не ұмыттыру мүмкін емес, әлемжеліде бәрі сайрап тұр, және де бұл «жобаға» тоқаевты киліктіріп, қаржыландырған сабаздар бар болғаны бюджет «қырыққабатынан» қалталарын қампайтып шыға келеді қашанғыдай – бар болғаны осы.

ҚР ІІМ ҚАЖК төрағасының «азаптаулардың болмағандығы туралы» мәлімдемесіне қайта оралсақ, өз атымнан мынаны (авт. – Владимир Козлов» қосқан болар едім: ҚАЖК мен қинаулар дегеніміз – боқ пен көтен сияқты, бір-бірінсіз болуы мүмкін емес. ҚАЖКдағы азаптау мен қинау дегенің – кәдімгі жұмыс, қызмет ету, ләззат алу әрі қызметтік оргазм.

 

Өзім Ақтауда түрмеде болғанымда, тергеу мен сот аяқталғанда, ол жерде қашу орын алды. «Науқастар арасындағы» (аурулар жататын камера) бір жас ұры, жаңбыр жауып, найзағай ойнап, жалт-жұлт етіп жатқанда,терезеге  осал қағылған темір тордың  бір шыбығын сындырып алады,  (басқа камераларда төрттен алты қабатқа дейін болса, бұнда бір қабат қана тор болатын),сөйтіп терезеден шығады да, түрме ғимараттарының арасына сытылып түседі.  Сосын қаңылтыр шатырдың астынан ұзындығы бес метрдей тақтайды суырып алады да, сол арқылы түрменің төбесіне шығып кетеді…  Содан ғимарат сыртындағы өрт баспалдағымен түсіп, күзет те, шарбағы да жоқ жерден оп-оңай жол жаққа тайып тұрады… Сосын – үйдегі шешесіне жетіп барады, ақымақ. 

Екінші тәулік дегенде ғана оны сол жерден табады. Кейін қарай алып келді. Менің камерамның терезесінен  бәрі де көрініп тұратын. Оны ұзақ уақыт ұрып-соқты, сосын оны «тікұшаққа» таңып тастады, түрме кереуетінің жоғарғы «шконкасына» «көбелекше» байлап тастады:  қолдары жоғары және кісендермен жан-жаққа керіп тастаған, аяқтары да солай. Осылайша ол бірнеше күн бойы жатты, тек қана дәрет алғанда және тамақ беруге ғана шешті… Әуелі ол ойбай салды, сосын қырылдады, одан әрі мүлдем үнсіз қалды…

2015 жылы қазанда 155/14 (жүз үшінші, Алматы облысы) мекемесіне әскер кіргізіп, сотталғандарды бірнеше күн бойы ұрып легенге батырды, және де ылғи да абыройын төгумен қорқытты, бұның ойын еместігін көрсету үшін  «гарем мамасын» әкелумен болды…

ҚР ІІМ ҚАЖК абақтылары мен түрмелеріндегі азаптаулар  – бұл эпизодтардың саны емес, абақтылар мен түрмедегі күнделікті тірлік. Қинау дегенің – тек қана ұрып-соғу мен жауыздық, болмаса зорлау емес. Бұл дегенің қасақана түрде қажетті дәрігерлік жәрдем бермеу және бірдеңеге арандату, ал сен болсаң, өзіңнің бұған деген дұрыс әрі лайықты реакцияң ереже бұзу мен жазаға есептелетінін білесің, осылайша сенің еркіндігің бірнеше жылға шегеріле береді…  Жүздеген адамдардың көзінше, қасақана түрде абақтының  алаңында ұруға да талай рет барды – бұл да қинау, өйткені кәдімгі адам бұған ара түседі, сен бұндай қылмысты тоқтатуға ұмтыласың, бірақ бұл адами әрекет те сен үшін ереже бұзу болып саналады, оның артынан міндетті түрде жазаланасың…

ҚАЖК мен азаптау – бұл дегенің, бір уақытта екеуінен де құтылу дегенді білдіреді, және де тез арада, погонды қылмыскерлердің тақтарын тамырымен қопарып  және мәстектің тұяғы секілді погондарын сыпырып тастау деген сөз. ҚАЖКны реформалау – бұл дегенің, боқтан повидло жасау, үстіне құмшекер сеуіп…

Біз бұрынғыдай байланыстамыз. Телефон +380933969111, барлық мессенджерлер мен әлеужелілерде осы. Оң жақтағы фото астындағы WhatsApp батырмасын бассаңыз, әпсәтте байланыста боламыз. Хабарлаңыз, жөнелтіңіз, оқыңыз. Бізге мәлім болса болды – көмектесеміз.

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.