Менің фейсбуктегі жеке парағым (авт – Владимир Козлов) күн  сайын, қаңтар наразылығынан бері, елдің бейбіт мыңдаған (!) азаматтарын жаппай полицейлік қудалау мен сүргіндеріне қатысты үрейлі ақпараттардан толып кететін болды. 

Біз бүгінгі күні елде басты мақсаты бейбіт наразылықты жоюға бағытталған жазалаушы полицей билігінің құтырғанын айта алумен шектелмей, жария етуге міндеттіміз.

Өкінішке қарай, көптеген азаматтардың, Қазақстанның билік басында полиция мен әскерге ақымақ әрі қылмыс араласқан – «қырып тастауға әрі ескертусіз оқ атуға» бұйрық берген адам отырғанын мойындау мен санасына сіңіруге батылдығы жетпей отыр.  Ол адам жүздеген адамның, атап айтқанда бала-шаға, әйел, қарияның өліміне айыпты … Ол адамның дәл қазыр полицейлік кекшілдікті арқасынан қағып қолдауы – «сақшылар қорасына» түскен адамдарды жаппай кемсіту мен азаптау, қинау кезінде көрініс беруде. Ол жендеттер өздерінің «күткенін» енді Назарбаевтан Тоқаевқа қарй бағыттап, осы азаматтық күнәқорлыққа батуды одан әрі жалғастыруда…

Осы қаралы күндері туыстарын жоғалтқан құқық қорғаушылар мен белсенділер үшін, елдің миллиондаған азаматтары үшін, жақын-жуықтары мүгедек болғандар үшін, оларды жасамаған қылмыстарын мойындарына қиып салып, заңсыз айыптауда – Тоқаев осынысымен кісі өлтіруші, қаныпезер.  Оның  уәдені боратқан реформасы, ең әуелі – өзінің осы айыптарын мойындап, тәубеге келуінен басталуы керек еді. Осыдан басталмаған оның сөздерінің бәрі де – сайқалдық, қорқақтық пен арсыздықты әйгілейді.

Төменде менің 29 қаңтардағы постымның мәтіні, аздаған түзетулармен беріліп отыр.

Болған іске қатысты уақыт өте келе болашақта шамамен мынадай болмақ:

  1. Бұл оқиғаның «шүріппесі» Санкт-Петербургте Путин-Назарбаев-Тоқаев кездесуі кезінде басылды. Маньяк-арсыз-прагматик Путин бір басы кәрі, екінші басы жетілмей қалған екібасты қазақ айдахарының циркіне одан әрі төзе алмайтындығын төтесінен қойса керек. Назарбаевқа  Тоқаевтың пайдасына «төгілу» мәселесі қойылып, оның есесіне шалға қол тигізбеу кепілдігі болатынын ұсынғанын байқауға болады.

 

  1. Өзі түлкідей қу, әрі қартайған қорқау бола жүріп, Назарбаев та осындай ахуалға іштей әзір болса керек. Барлық диктаторға тән жағдайды бастан кешкен ол – таққа ұмтылғандарды тез арада орнына қоя алатын қабылеті бар, өз тарапынан мықты мұрагердің жоқтығынан ол көз алартқандарды меңгергеннен гөрі, оларды Тоқаевқа қарсы жібермей келген еді. Бұдан басқа қос немере інісі – ҰҚК генералдары – агрессив діни бағыттағы олар, өздеріне табынғандар тарапынан аздаған «әскері» де бар болатын. Бұлар барынша ұйымдасқан әрі бірнеше сағаттың ішінде жұмыла алатындығы рас.

 

  1. Жаңаөзен мен Ақтаудағы бейбіт «газ наразылығы», Қазақстанның басқа қалаларына жайыла отырып, жоғарыда аталғандардың алдын ала жоспарланған шаруаны іске қосуға шешім қабылданса керек (жоғарыда қараңыз). Назарбаевты қолдайтын әсіресе, осы өңірлерде дәстүрлі түрде қолдау жоқ, наразылықтың бұл маңдағы мүлдем басқа сипатын көрсетсе керек —  барынша ұйымдасқан, жаппай әрі бейбіт түрде өтті.Сонымен бірге – жаңаөзендіктер өздерінің бейбіт жеңістерін полицейлік сүргін болып жатқан өзге өңірлермен ынтымақтаса алуы, ол бұл маңайда сырттан келген меңгерімпаздықтың жоқтығын байқатады.

 

  1. Путиннің шешіміне әбден аласұрған Назарбаев, бірақ оған қарсы тура шаба алмайтын ол, үйдегі қожайынның кім екенін көрсеткісі келіп, путиндік фавориттің абыройын айрандай төгіп, оның түкке тұрғысыз екенін көрсеткісі келді; оның бұл жоспарға барын салғаны сол еді. Өйткені, Тоқаевта полиция берген аздаған видеоресурс қана болатын, ал Назарбаевтың қолында ҰҚК мен әскердің барлық бөлімшелері шоғырланған еді. Назарбаев ахуалға сәйкес күштік әрекетті іске қосуға кірісті. Шамасы ол бұл кезде – Ресейде болған. «Тоқаев құлағаннан» кейін ол Путинмен қашықтан сөйлесуді ойластырған секілді.  ҰҚК мен әскердің Тоқаевқа бағынбағаны картинаны біз Алматыдан байқадық.

 

5.Бірнәрсе анық: наразылықтың алғашқы сағаттары мен күндері лайықты өмірді аңсап шыққан адамдардың бейбіт наразылығының болғандығы. Бейбіт наразылықты бұзған, тәрк еткен  — басқалар еді. Олар қанша еді, кімдер, қайдан келді, олардың қожайыны кім – 2011 жылғы Жаңаөзен оқиғасындағыдай, ресми ақпарат көздерінен біз ешқашан да білмеспіз.  Жаңаөзенге тағы бір ұқсастық – бейбіт наразыларды өлтіргендігі. Сол басқалар, қалай кірсе, солай шығып кетті.

 

  1. Путин, КГБның маман қызметшісі бола жүріп, Қазақстанның билеушілері туралы толық ақпаратпен қамтылып, оқиғаның осындай боларын білмей қалуы мүмкін емес еді. Сол себепті де, алғашқы әскери көлік ұшағы «ОДКБның бітімгерлік амалына» дейін-ақ келіп болуы ықтимал; бұл әскер Алматыда 5 қаңтардың өзінде-ақ байқалған, бәлкім, бұл Путиннің БҰҰ көгілдір дулығалы құпия бөлімшесі болуы керек.

 

  1. Тоқаев Путиннен көмек сұрады ма, өзіне әбден қатер төнгенде, әлде ол жоспардың бір бөлігі ме – нақтысын айту қиын. Маңыздысы нәтиже — Путин Қазақстанға әскерін кіргізіп үлгерді, одан да бастысы – Назарбаевтың күшті ғана мойындайтын жақтастарына өзінің қандай атты көлденең тартқаны еді. Оқиғаның бет алысы мүлдем өзгергені мәлім. Осы сәттен бастап, Тоқаев Путинге берешек, жердің – колхозға керегіндей, тіпті Тоқаевтың кремілшіл екенін және оның жанұясы мен бизнесі Мәскеуде  екенін ескермегеннің өзінде де солай.

 

  1. «Қырып тастауға ескертусіз оқ ату» бұйрығын Тоқаевқа Путиннің салып бергенін де үлкен ықтималдықпен байқауға болады. Біріншіден, бұл Путиннің «дәреттен тұрғызбай қырамыз» дегеніне өте ұқсас; екіншіден, бұл бейбіт азаматтардың қырушысы Тоқаевқа деген өмір бойына басылған таңба, бұл Тоқаевты Путинге берілуге барынша тәуелді ете түседі. «20 мың арғы беттен келген лаңкестер» де, Путиннің әскерін кіргізуге деген сылтау болатын… Өтіріктің мейлінше айқын әрі адам шошытарлығынан, Тоқаев оны өзінің твиттерінен өшіруге мәжбүр болды, бұл оны одан әрі масқара етті… Путин оған «менің кіріптарымның кіріптары…» мейлінше жанға жайлы етті деуге болады… Бұл ахуалдан Тоқаев ешқашан шыға алмайды. Бұл жайында ол өзіне ең ыңғайсыз сәттерде ылғи да есіне түсіретін болады.

 

  1. Бұл уақыт ішінде Назарбаевпен ылғи да келіссөз жүрді. Енді бүгін Назарбаев қалай болғанда да, басты нәрсеге қол жеткізді деуге болады – қара басы мен әулетіне тиіспеу. Оларға кейбір активтерін қолма қол алып, аман кетуге мүмкіндік берген шығар (және де Құлыбаевқа бергендей, тікелей бюджеттен төлеген), олардың ешқайсысы да қуғындалмайды, негізгі ақша арнасы сақталды; шамасы оларды бағасын келіскенде алып кететін болу керек.

 

  1. Қазырғы кезде Назарбаевтың Талдықорғандағы ескерткішін құлатқандарды үшін соттауға кірісуде, Тоқаев – Назарбаевтың ұсынысымен! – Нұротанның басшысы болды, елбасының атына мадақты боратты, бұны ол оқиға басталғалы бұлай істемеген еді. Құрылтай онлайн өтті, оны бұл Назарбаевтың келмеуі үшін істеді. Шамасы, Путин әңгімені Назарбаевпен әлі де толық бітірмеген, Назарбаев та онымен әлі байланыста.

 

  1. Ішкі істер министрі шаң жуымайтын тұлғаға айналды. Ол күштік тұлғалардың ішіндегі тағын бермеген жалғыз адам. Полиция бұрын-соңды болмаған жаппай сүргін жүргізіп – әңгіме мыңдаған адамдар туралы болып отыр — заңсыздық істеп, наразылық алаңынан ап-анық саяси тазарту шарасын істеуде, және де бейбіт наразлықта жаппай болғандарды құртуда. Бұларды айғақтайтын хабарламалар әлеуметтік желілерді басып қалды, бірақ прокуратура мен ІІМ алдын ала мәлім нәтижелермен «тергеуде»…  Назарбаевтың жеке «қасапшысы»  болған – ІІМ министрі Қасымов. Тоқаевта да енді – өзінің Тұрғымбаевы бар… Бәрі де айна-қатесіз қайталануда.

 

  1. Бұл жайттардың бәрінің айналып келгенде пайдагері — Путин. Ол Назарбаевты да, Тоқаевты да қалтасына салып алды, тіпті Қазақстанның тәуелсіздігіне де айтарлықтай қатер бар. Соңғы кездері ол өз мақсатын жасыруды да қойды, солардың бірі КСРО сияқты «одақтас мемлекеттерді» құру. Тоқаевтың тәуелділігі «өтпелі кезеңдегі басшы» болу ғана, Қазақстанды Ресейдегідей өзара сәйкесетін қоғамға айналдыру. Оны өзіңіз білесіз, онша жақсы емес. Бұдан басқа Қазақстан енді Ресейдің барлық агрессиясына да сөзсіз одақтас.  Енді Тоқаев сыртқы істерде бөксесін әрі-бері қозғау үшін де Путинмен келісетін болады.

 

  1. Ресей әскері Қытайдың ықпалымен Қазақстаннан тез арада зытып кетті деген нұсқа көзге түсті. Онша сенімді емес. Біріншіден, аргумент келтірілген жоқ, екіншіден, бұл оқиға кезінде Қытайдың өзі болып жатқан жағдайға өз көзқарасын білдірместен «пауза ұстап» қалды.   Бәлкім, Қытай өзінің  «ықпалды тұлғасы» Мәсімовтен айрылып қалса керек. Бұл да Путинсіз бола қоймас еді, мықты қарсыласты «қара құстан ұрғандай» етті, өйткені КСРО КГБсының қызметкері Кәрім Мәсімовтың жеке ісі де сонда еді ғой…

 

  1. Бейбіт азаматтарды қырған, одан да көбін, полицейлердің қамалғандарды азаптап, өлтіруіне қатысты тікелей кінәсі бар Тоқаевтан реформа күту – бұл дегенің қылмыскер үшін нағыз қылмысқа қосымша қылмыспен парапар. Осындай «қосымша қылмыс» көбейген сайын, путиндік-тоқаевтық кезең ұзара түспек, және де соншалықты бұл қылмыстық жүйені бұзу қиындай бермек.

Шамамен осылай енді.

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.