31 қаңтарда ИЧ 167/2 (Шымкент) мекемесінде  сотталған Мұратпай Бектұрғанов ес-түссіз құлаған. 1 ақпанда есін жыймастан ол көз жұмады. Осы сәттен бастап, кісі өліміне айыпты ҚАЖК қызметшісінің қатысы болғанда дәл осылай кәдуілгі ылғи да мырығу басталды.

Бұл жолы ОҚО бойынша ДУИС бастығы, шаруаны асыра сілтеп шұғыл бастап кетті. Ол өзінің департаменттегі «янычарларымен» бірге келіп, өлген Мұратпаймен бірге жататын төрт сотталушыға оның өлімін «арта» бастайды.  Ал барактағылардың бәрінің көзінше оның олай болмағаны мәлім еді – барак «ереуілдетіп» шыға келеді. Жиырма шақты адам арыз жазып қалай болғанын баяндайды…

Мұратпай МБКК (мекеме бастығының кезекші көмекшісі) майор Әбілдаев тарапынан болған кезекті ұрып-соғу салдарынан өліп кеткен. Кезекті – өйткені бұл өлім бірінші рет емес. МБКК Әбілдаев сотталушыны ұрып-соғу үшін ылғи да желеу іздейтінін абақтыдағылардың бәрі біледі және оның тоқпағына талай адам түскен болатын. 

Мұратпай Бектұрғанов  бар болғаны асханадан баракқа бес көмеш нан алып кіргені үшін соққыға жығылған. Себебі, баракта жүре алмайтын бірнеше мүдегек бар еді, олар асханаға бара алмайтындықтан орындарында тамақ ішуге мәжбүр болатын. Мұратпай соларға нан әкелген еді. Бұл барынша кең таралған жағдай және ол жұрттың бәріне де мәлім ғой, соның ішінде МБКК-ге алдымен белгілі. Былай қарағанда   – ереже бұзу, бірақ бұндай бұзусыз абақтыда оны айналып өту мүмкін емес, абақты өмірі солайымен сондайдан тұрады. Бұл қызметшілер үшін жайма-шуақ тіршілік ахуал орнатады, олар ондайды он рет «байқамауға» тырысады, ал «керек» болғанда, болмаса әйтеуір біреуді «қаққылау» қажет болғанда – болды, ештеңе іздеп керек емес, тәртіп бұзушы дайын.

Сотталған Бектұрғанов баракқа кезекті рет нан әкеле жатқанда, оны МБКК Әбілдаев тоқтатады, оның неге тоқтатқанын сұраған сәтте – не үшін? – қолындағы резеңке тоқпақпен бастан переді, аяғымен тебеді.  Нақтырақ айтқанда – мұрын сүйегі сынған. Бірнеше уақыттан соң Мұратпай есінен айрылып қалады, сосын – өліп кетеді.

Мәйіт деген сөз – міндетті түрде арнайы прокурор мен тергеушілер жетіп келетін төтенше оқиға. Егер де ҚАЖК бастығы келген бойда мәйітті сотталғандардың мойнына ілуді шешсе, демек, ұрып-соғудың іздері анық, «кездейсоқ жағдайға» жарамайды деген сөз. Барак «көтерілгенде» де «шындықты соңына дейін соққысы келуді» шешкенмен, істің насырға шапқаны сондай, тіпті сотталғандарды бірінші болып сұрастырған арнайы прокурор Ерік Прәлиев,оларға өз айғақтарында тұруға кеңес беріпті де, тергеу кезінде қауіпсіздік жағдайға уәде берген көрінеді.  

Бірақ – бұл Шымкент қой. Ал келесі күні арнайы прокурор «жоқ болып» кетеді, ал мекеме бастығы Мырзағали Есқұлов, егер сотталғандар шегінбесе, және өз куәліктерінен бас  тартпаса «әскерді кіргізіп, бәріңді де қиратамын» деп қаһарын шаша бастайды.  Ол прокурормен де, өлген адамның туыстарымен де келіскенін, құлап қалып өліп кеткеніне сенгенін, олардың «кездейсоқ жағдай» болғанына қарсы еместігін, келтіреді. Және де  «бұл Шымкент, мен бұл жерде бәрін де қалай керек болса, солай шешіп тастаймын, ал сендерді қажет болса – бітіремін!..»…

Тергеушілер сотталғандарды сұрастырып, олар да қауіпсіздікке уәде беретіндерін айтады. Бірақ сотталғандар оларға үміт артпайды, олар «бұл Шымкент» дегеннің не екенін жақсы біледі… Кісі өлімінің шындығын жазып берген сотталғандар, «Шымкенттік емес комиссияны» сұрап, тергеу кезінде өздерінің қауіпсіздігін қарастыруды өтінеді.

Айта кететін нәрсе — ИЧ 167/2 мекемесінің сотталғандарында «мазасыздыққа деген негіз» – бар болатын. Бұл мекемені Мырзағали Есқұлов басқарғалы бұл абақтыдан қапшықпен шыққан сотталғандар саны ендігі 15 болды… Бұл Шымкент қой…

Біз бұрынғыдай байланыстамыз. Телефон +380933969111, барлық мессенджерлер мен әлеужелілерде осы. Оң жақтағы фото астындағы WhatsApp батырмасын бассаңыз, әпсәтте байланыста боламыз. Хабарлаңыз, жөнелтіңіз, оқыңыз. Бізге мәлім болса болды – көмектесеміз.

 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.