Бұл сөз кеше, 2022 жылы 2 ақпан күні, ОВ 156/2 мекемесінің 9-барагында таңертеңнен дауыстап айтылды. Одан басқа қыруар «дәмдеуіштері» тағы бар: «… пид-стар… гондондар… таяуда сендер п-здец боласыңдар… президент тоқаев сендерді атуға рұқсат берді… сендерді осы жерде қырамыз…»…

 

Өткен аптада бойы абақты «сұмдыққа батты». ҚАЖКның іссапарға келген қызметшілері жергіліктілермен бірге баракқа басып кіріп, барлығын төңкеріп, астын үстіне шығарды, сотталғандарды қырып-жойып соққыға алды… Бұл шара «тінту іс-ашарасы» аталады. Тінтушілердің бәрінде де тұмсықтарында тұмша жоқ, олар келіп кеткеннен кейін – абақтыдағы сотталғандардың жартысы вирустан ауырды.

 

Абақты ауруханасы – бұрын да соншалықты қажет болмаса түсуге болмайтын орын еді, ал енді ҚАЖКның жаппай қирауы кезінде – бұл жерді «ажалхана» деуге болады. Медикамент жоқ, медициналық жәрдем – жоқ, денсаулық сақтау – жоқ. Оның үстіне ауырғанның бәріне бірдей орын да жоқ. Қызулары көтерілген сотталғандар баракта самсап жатыр.

 

Сөйтіп «азаннан» баракқа қаптаған бастықтар жетіп келіпті.  Денсаулық пен гигиенаны сақтауға бастарын да қатырмаған. Сотталған Бауржан Сайтбаевтың – неліктен бәрі тұмша тақпаған деген сұрағына жауап ретінде, тәртіп бөлімінің бастығы  Олжас Тоқтар оны еденге атып ұрыпты. Шамасы, оған мықтап тиіп кетсе керек, ұстау тәртібі – соған тікелей қарайды ғой… Сотталған Александр Охотников, жуынып шыққан бойда «мында не болып жатыр?» деген сауалы үшін соққыға жығылады…

 

Сотталғанның атына қарай бұндай сөздер (жоғарыдан қараңыз) айтылғанда – бәрі біледі – оның тап-таза қасақана арандату екен деп ұғылады. Егер де сотталушы өзін ұстамай, бұған еркекше шығып жауап берсе,  болмаса – сөйлеп тұрған ауызды бүлдіретін болса, ол соққыға жығылады және жазаға ұшырайды. Және де комиссия қарағанда болмаса сотта, дәлел ретінде қызметшілердің ғана айғағы жүреді және де сотталушының қызметші-арандатушыға қарай тарпа бас салған сәті түсірілген видео айғаққа жаратылады да, әрекет «қатыгез адекват емес сотталушының қызметшіге себепсіз бас салғаны» болып шыға келеді… Ал сотталғандар алған жарақаттың бәрі қызметшілерге шабуыл жасау кезінде алған болып есептеледі».

 

9-барактың сотталушылары ондай арандатуға бармай қалады да, бұл ахуал тәрбие жөніндегі бөлім бастығы (!!!) Асхат Алхановты қоздырып жіберіп, ол қолына бұрауышты алып айқай салады: «…пид-стар, менімен кім жекпек-жекке шығады?!!»… Тағы да – арандату, анау болса оны біліп тұр: егер де біреу шықса– онда оған ДИЗОға жол түседі және одан әрі барлық шоқалақтар бұйырады. Погонды «тәрбиеші» артымен жерге былш ете түсіп, құрбандық рөлін ойнай салар еді – сөз жоқ. Бұндай бәлекештік ҚАЖК қызметшілері үшін – қалыпты жағдай. Сотталғандар бұл арандатуға да бармағасын, қысымға жасақтың жартысы түсті… Оларды ойбайлатып тұрып «..президент тоқаев бізді атуға бұйрық берді!!!» дегенді айқайлатып тұрып сабапты…

 

Бұл инцидент туралы «102»-ге хабарласқан сотталғандардың туыстарынан мәлім болған. Ол қоңыраулар тіркеліп, полицейлік тергеу-амал тобы келіп жеткен. Жүгірте сұрастырған олар кетіп қалыпты – инцидент қылмыстық іс ретінде тіркелмеді, құжатталмады, ұрып-соғу салдар хатқа түспеді… Қадағалаушы прокуратура – көрінбеген.

 

 Қазырғы кезде абақты әкімшілігі, бастығы Еркін Қабиннен бастап, қызметшілерден таяқ жеген сотталғандарды, істі «жабу» үшін, инцидентті жасыру үшін қысымға алуда. Бұған бұл қызметшілер келісімді прокуратурадан да, ІІБ-нан да алғаны байқалады, әдетте –істің «мерзімін өткізу» үшін, сотталғандарды сондықтан тезірек әрі тұншықтыра «өшіріп» тастайды.

 

Еске сала кетейік: ОВ 156/2 абақтысы – үш жыл бұрын сотталған жап-жас Андрей Кондратенко өлтірілген орын. Жас жігітті шімірікпестен өлгенше сабап, оны «белсенділермен» бірге асып қойған, сосын өзінен өзі асылып қалды деген. Оның туыстары үш жыл бойы шындық үшін қысым мен өтірік жағдайында  шырқырады. Олар ақыры кісі өлтіруді өз атымен атауға көндіріп, айыптыларды соттатуға қол жеткізді…

Біз құқық қорғаушыларды бұл ахуалға араласуға шақырамыз, өйткені сол кезде абақтыдан погонды жендеттердің бәрі бірдей аласталған жоқ…

 

ЖД 158/4 (Тараз) абақтысынан 15 сотталған адамды шығарылғанын, оларды ЖД 158/1 СИЗОға апарылғаны  турасында ақпарат алып отырмыз (https://www.facebook.com/108893537462187/posts/481975903487280/?d=n). Қолда бар ақпаратқа қарағанда, осы мекеменің тож-орынбасары Серікбол Бақтияровқа қатысты іс қозғалыпты, ал сотталғандар куә ретінде қауіпсіздік режимінде көрінеді.  Бұл ақпаратты біз әлі тексереміз, өйткені ол «үйрек» болуы мүмкін. Нақтыласақ – хабарлаймыз.  

 

Біз бұрынғыша байланыстамыз. Телефон +380933969111, барлық мессенджерлер мен әлеужелілерде осы. Оң жақтағы фото астындағы WhatsApp батырмасын бассаңыз, әпсәтте байланыста боламыз. Хабарлаңыз, жөнелтіңіз, оқыңыз. Бізге мәлім болса болды – көмектесеміз.

 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.