Өз материалымызды әзірлегенде, ақпараттың шындығы мен дәлелденетініне ерекше назар аударамыз. Ол үшін біз қолдағы барлық ақпарат арнасынан деректерді тексереміз де, бәрі «біте қайнасқанда» ғана жариялаймыз.

Сол себептен де біздің жарияланымдарымызға деген көзқарас пен ықылас әрдайым бар. Көбінесе, «ондай болды, бірақ олай емес — былай, шындығында ол расталмады» деген сияқты, әрине, бұлдыр жазындылар бар…  Ол да түсінікті – ісіміз кіммен араласта екенін білеміз. «ҚР ІІМ ҚАЖК» жақсы істі ешқашан атамайды.  Төменіректе  – осындай сасыққа арналған тағы бір аргументтер сыбағасын ұсынамыз.

Біздің материалымызға деген реакция тіпті ҚАЖК өлшеміне сыймайтындай сайма-сай болып шықты. https://www.facebook.com/108893537462187/posts/478832627134941/?d=n Ол материал ЖД 158/4 мекемесінің тож-орынбасары Серікбол Бақтияров қылығы қаншалықты қисынсыз болса, материал да  соншалықты қисынсыз болып шықты. Шамасы, бұл маньяк Жамбыл облысы бойынша ҚАЖДның барлық басшылығы, барлық бұрынғы СБУ полкандарын қосқандағыдай  салмаққа ие болса керек. Өздерінің заңды талаптарын қолдауға мүдделі сотталғандар, соның ішінде кейбіреулерінің үндеулері мызғымастан елеусіз қалғандар да бар,  сотталғандардың бәрін – екі күн бұрын абақтыдан алып кеткен.  Бәрін де. Бүкіл ҚҰЖды. Соның ішінде ашық жарақаты барлар да аласталған.

Бұл жерде жалпы алғанда, сотталғандардың құқықтарын қорғаудың жақсы емес ахуалын тағы бір еске салып өткен жөн. ҰАТ/НПМ (ұлттық алдын алу тетігі), ҚБК/ОНК (қоғамдық байқау комиссиясы) – бұлар қасаң түрде ҚАЖК мекемелерін бақылаған болып, сол ҚАЖКның шабарманына айналып кеткен нәрселер. Бұлар жүйедегі нағыз жағдайдың түзелуіне айтарлықтай қандай да бір ықпал етпейді, ал шын мәнінде ондағы тұратындардың құқығын қадағалағаннан гөрі, жүйені әдемілеп безендіре түседі.

Мысалы үшін –  ҰАТ қызметінің басында жылына  мекемелерді олардың аралауы 62-64 шамасында болатын. 2021 жылы бар болғаны 32 рет  болды, биылғы жылы оны 30-ға дейін кеміту жоспарлануда. Яғни  – бір ҰАТ жылына бір ғана мекемені аралайды деген сөз.  

Президент  тағайындайтын омбудсменге  ҰАТ-тарды бағынышты ету – оны жоба ретінде жою болып табылады. Бұның негіздемесі қарапайым ғана. ҰАТ қызметінің негізгі мақсаты  қинау мен азаптаудың алдын алуға қол жетпегені былай тұрсын, ашықтан ашық кері кеткен үрдіс орын алып отыр: ҚАЖК мекемелеріндегі қинау саны жыл сайын арта түсуде, бұл әрине, ҰАТтың нысаналы аудиториясымен – сотталғандармен араласуының қысқаруынан болып отыр. 

Бұдан басқа – азаптау дерегі түскен бойда қағылған дабылдың соңынан күтпеген жерден мекемеге бару әрекеті мүлдем тоқтап қалды. Омбудсменмен келісудің міндеттілігі мекемеге бұндай күтпеген жерден барудың мәнін де жояды. Омбудсмен қағазбастылықпен уақыт созып, рұқсаттаманы беру кезінде ҚАЖК (ҚАЖД, абақтылар) мекемелеріне  қылмыстың ізін суытуға мүмкіндік пен уақыт жеткілікті болады. Атап айтқанда – дәл осылайша ЖД 158/4 мекемесінде өздеріне көмекке шақырғандарды да қосып алып, белгісіз жаққа ала қашқан болып отыр…  Сосын ҰАТ абақтыға барғанын және онда ештеңе байқалмағанын жазып есеп беруге тура келеді.

Әрине, сотталғандардың апарылған жері мен олардың тағдырын анықтаймыз. Ол үшін біздің көмекшілеріміз жеткілікті, елдегі барлық абақтыларда да бар.  Іздеу саламыз және табамыз да, және де сотталғандардың құқықтары мен өздеріне деген лайық қатынасты орнатуға қол жеткізетін боламыз. Оған сөз жоқ!

Дәл қазырғы кезде Жамбыл облысындағы сотталған Виктор Карнаухов құқық қорғаушылардың көмегіне жүгініп, бар үмітін артып отыр.  Ол ЖД 158/7 мекемесінде отыр, және де онда сотталғандардың құқығының бұзылуына қатысты айтар хабары бар.  Оның үндеуі мен шағымы Жамбыл облысындағы ҚАЖДда орныққан дәстүр бойынша  қадағалаушы прокурордан әрі ұзамайды, отқа жағылады, өйткені  бұл шағымдар бойынша ешқандай да әрекет болмай отыр.

 

Ал енді  – уәде еткен әлгі «торт үстіне түсетін шала мас шие» туралы айтайық. Бізді түрлі ахуал бойынша хабарландыратын адамдар бар, тіпті ҚАЖКның түрлі бөлімшелеріндегі қызметшілер де бар.  Олар бізге бұл органдардың қызметтеріндегі небір қызықты жайттарды хабарлап тұрады, оның ішінде олардың адекват емес шешімдерін ашып көрсетіп отырады; адекват  емес адамдар басқаша шешім қабылдауы мүмкін де емес.

 

Жамбыл облысындағы ҚАЖД бастығы болып жуырда ғана Нияз Рыспаев тағайындалғанын бізге хабарлады. Бұл Астанадағы ҚАЖДның бастығы болған сабаздың нақ өзі, ол «жүндес» сотталғандарға, атап айтқанда, ЭКСПОдан миллиардтаған ақшаны жымқырған – Талғат Ермегиявке «шаңырақ» болған, өзара пайда табудан аты шыққан нағыздың өзі. Бұл іс соншалықты жария болса да, ҚАЖК өзінің адамдарын далаға тастамайды – параға әбден майланған Рыспаев өзінің погондарын жоғалтпай қалған жоқ, соншалықты тез арада Жамбыл облысындағы ҚАЖДны «басқаруға» тағайындалды.

 

Оның осындай «релаксына» қатысқандардың ішінде ІІМ нің орынбасары генерал Қожаев та аталды, бұл мықтымен Нияз Рыспаевтың өз шешімінде ешкімді және ештеңені, соның ішінде Заңды да басшылыққа алмайтыны байланыстырады: өзін өзі ҚАЖКны аттап өтіп, орынбасар ретінде тағайындауы…, қысқасы қараңыз https://www.facebook.com/108893537462187/posts/477354040616133/?d=n), ойнастарын жалған түрде жұмысқа орналастыруы (Ташетова дегеннің ататегі аталып жүр), оның жұмыс орнында жоқтығын жасырып, ҚАЖД тож-орынбасар Жарылғапов, СБУшы Қорабаевтар аталады… Жебірлік, қаржылық жағынан «бастыққа барып белгі соқтырудың» міндеттілігі … Бұндайларды тізудің өзі жиіркенішті және осының ішінде жүріп қызмет етуді елестетудің өзі…

 

Бұл жағымсыз ақпарат, Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД лауазымдылары мен басшыларының ар-намысы мен абыройын толық бейнелейді,  өз кезегінде маниякталған адекват емес бұл қызметшілердің, соның ішінде сотталғандардың құқығына қатысты ахуалына қаншалықты тож-орынбасар Серікболдың  қатысы барынан хабардар етеді. Осындай погон таққан  адамдар барда, қайдағы құқық… 

 

Біз бұрынғыдай байланыстамыз. Телефон +380933969111, барлық мессенджерлер мен әлеужелілерде осы. Оң жақтағы фото астындағы WhatsApp батырмасын бассаңыз, әпсәтте байланыста боламыз. Хабарлаңыз, жөнелтіңіз, оқыңыз. Бізге мәлім болса болды – көмектесеміз.

.

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.