Біздің «ҚАЖК.Серікбол атқа мінді ме?» атты материалымызды (https://www.facebook.com/108893537462187/posts/477354040616133/?d=n) екі күнде он тоғыз мыңнан аса адам  көрді; соның ішінде — ҚАЖК қызметшілері де бар. Реакция  — бұрынғыдай. Хабарламада «Жамбыл облысының ҚАЖД  басшылығы мен прокуратурасы тексеріс жүргізді…азаптау мен құқыққа қарсы әрекеттерді қолдану анықталмады…» делінген.

Ол әрине түсінікті. «Тексеріс» дегеніміз, 24 қаңтарда екі «тож-орынбасар», абақтының Серікболы мен ҚАЖДның Жарылғаповы, оперлер мен тәртіпкерлерден тобыр құрып, ҚҰЖға келеді, «сұмдықты қашыру» үшін. Тож-орынбасар Серікбол өзі қолданған азаптау әрекеті туралы хабарламаны, соны жазған адамдардың өздерін «тексеру» үшін келеді. Әрине сосын – «…анықталмады».

Кәдуілгі стандарт қатер төндіру мен бос уәде беру кезінде барлық жүйеге қыр көрсете мына фраза айтылды: «… біз Қазақстанды өз уысымызда ұстадық, енді немене ҚҰЖды (қатаң ұстау жағдайы) ұстап тұра алмаймыз ба..?»… Сондықтан – Қазақстан бәрібір солардың «қолында»… Бұл енді реформаға қатысты жалпылама сөз ғой.

ҚАЖКның қарбалас тірлігіне келсек – ЖД 158/4 мекемесінде бәрі де кәдімгі тұрмыстық жағдайды норма талаптары мен есептеріне сәйкес келтірудің қарапайы талаптарынан басталды: тамақ нормасы сақталмайды, киім, аяқкиім берілмейді, төбеден су тамады… жалпы алғанда – қирау мен тонау, бірақ ҚАЖК соның арқасында ғана тұр.

Бұған қоса 2 қаңтарда ҚАЖК төрағасының атына сотталғандардың атынан ұжымдық шағым түсті, әлгі аталған жағдайларға қатысты (ол шағымдар мен видео төменде беріліп отыр). Шағым ешқайда кетпеді, тож-орынбасар Серікбол хабарлама авторларын қысымға алды – қолынан келгенін істеді. Сонымен бірге ҚАЖК мекемелеріндегі заңдылықты қадағалау жөніндегі арнайы прокуратура  жүйелі түрде, Серікболдың әрекетіне қарсы арыз-шағымдарды жоғары жаққа (Баспрокуратура, СБУ  т.т.) жіберместен құрсаумен болды  да, тож-орынбасар Серікбол Бақтияров істеген ешбір қылмысқа назар аудармады.

Бұндай ахуалдың стандартты түрде көрінісі – сотталғандардың «түсуі», олардың өз денелерін жарақаттауды қолдануы етек алды. Бұл турасында біз сотталғандардың өздеріне ғана емес, сондай ахуал орнатқандарға назар аударту үшін, олардан жоғары лауазаымдыларға жұртты қарату үшін амалсыз баратынын жазғанбыз.

Әзірге біз ойлағандай, күрделі жағдай етек алып отыр. Сотталғандарды енді абақтыдан шығарып, абақтыда «тексеріс» бола қалғанда, өздері не айтса соны ғана айтатындарды қалдырыпты. Қазырдың өзінде басқа түрмеге жөнелту үшін этапқа – А.Тумашев, А Жақсыбаев, Н.Нұрпеисов, Н.Жүнісқұлов, А.Ильченко, Д.Канцеропятов, А.Иманқұловтар дайын.  Қалғандарын да солардың ізімен жөнелтпек. Егер де өз әрекеттерін құқық қорғаушылар ҚАЖДмен келіспесе – асыққандары жөн. Уақыт өтіп жатыр, зәбір көргендерді алып кетпек.  Бәрі де оп-оңай істеледі.

ҚАЖК әдеттегідей  тергеуді жоқ қылып, себепті емес, ахуалды «өшіргісі» келеді. Біржасушалы амеба сияқты «серікболдар» сотталғандарды әкетеді де, ал төбеден сорғалаған тамшылар, қорекке жарамайтын тамақ тағы басқалары  – тағы да солай қалады, өйткені қаралмаған себебі де сол еді. Уа, ҚАЖКдағылар, сендер ұрысыңдар, маньяксыңдар, погондық садиссіңдер. Ал, сотталғандар, сендердің бұл жағдайларыңды жасырып, осыған арналған мемлекеттік бюджеттен миллиардттарды кесіп алып, өздері керте береді.

Байланыстамыз. Телефон +380933969111, барлық мессенджерлер мен әлеужелілерде осы. Оң жақтағы фото астындағы WhatsApp батырмасын бассаңыз, әпсәтте байланыста боламыз. Хабарлаңыз, жөнелтіңіз, оқыңыз. Бізге мәлім болса – көмектесеміз.

 

 

 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.