Елде Төтенше жағдай болып жатқанда, ҚР ІІМ ҚАЖК бұны өз пайдасына шешетінін ойлағанбыз, дәл солай болып шықты. Жамбыл облысындағы ЖД 158/4 мекемесінде, ерекше тәртіптегі ұстауға көшкеннен кейін, «сотталғандар құқығы» деген тіркес атымен жоғалды деуге болады.

Бұл мекеменің жолы болмай-ақ қойды.  Мекемені басқаруға сотталғандар құқығын арсыз түрде аяққа басуды «мұра еткен»,  бірқатар сотталғандардың «өзін өзі өлтірген» деген күдікті жайттарға  қатысы бар Серікбол Бақтияровты жіберген еді. Иә, дәл сол – «тож-орынбасар Серікбол», мансабы өрлегенде майдай өрге жылжып, ештеңеге қарамай лауазымға ие болатын сабаздың өзі! «Тоқсан тоғызыншы» абақтыда сотталған Ермегияев (ЭКСПО ісі) пен оның ежелгі «досы» — бұрынғы бас прокурор Дауылбаевтың «қолбаласы» болған «Серікболдың»  нақ өзі; ал Ермегияев – Назарбаевтың тағы бір «сыныптасының ұлы»…

Сотталғандар үшін ұстаудың ерекше тәртібін орнату, нағыз садист Серікболдар үшін түк те емес. ЖД 158/4 мекемесін оның шыр айналдырғаны сондай, абақтыда бұрын-соңды болмаған ТЖ орнады – қатаң ұстау жағдайындағы ҚҰЖ  баракта жаппай аштық жариялау мен өз мүшелеріне қол жұмсау орын алды. Аштық жариялау 19 қаңтардан басталған, әлі күнге созылуда.  Бүкіл барактағылар аштық жариялап жатыр.  Серік Қоңқашов, Ғазиз Сейдалиев, Ұлан Нұржанұлы, Марат Дауласов, Бауыржан Нышанбаев – ашығуда әрі олар ҚАЖДда. Өздеріне өздері түрлі қол жұмсағандар: Александр Иманқұлов, Дмитрий Канцеропятов, Нұржан Жүнүсқұлов, Александр Ильченко, Аманжол Жақсыбаевтар ашық жарақатпен  оқшаулануға түсті. Бұлардан басқа бірнеше адам ашық жарақатпен ҚҰЖда жатыр…

Ашығу мен дене мүшесіне қол жұмсау себебі –  Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД мен абақты басшылығының, әсіресе әлгі «тож-орынбасар Серікболдың» айуандығы, азаптауы мен кемсітулерін жасырып, сыртқа шығармауынан туындады. Сотталғандар шағым мен арыз жазады, олар оны қабылдайды да – одан әрі жауып тастайды. Барлық шағым мен арызды облыс прокурорының орынбасары (оның есімі ғана белгілі  — Елдос) қалтасына салып алып, оларды тіркемейді, оларды айналымға салмайды, олар адресаттарға жібермейді  – бас прокуратураға, президент әкімшілігіне және т.т. Сотталғандарды тіпті «қауіпсіздік бойынша да» жаппайды, әсіресе, әлгі Серікбол сияқтылардан олардың арызы бойынша (тергеу кезінде қауіпсіз орында оқшауламайды) оқшауламау – ҚАК талаптарын дөрекі түрде бұзу болып есептеледі.

Абақты әкімшілігі, арнайы прокурормен бірлесіп,  сотталғандардың өздеріне қол салғанын да, ашығудың бірін де тіркемейді. Бұның бәріне қатысты ойларды ортаға сала беруге болады,– неліктен дәл осылай, міне осы жерде – күтпеген жерден «торттың бетіне салатын шие» шыға келеді, бәлкім Жаратқансыз бәрі де бекер емес шығар…

Екі күн бұрын біздің нөмірімізге Жамбыл облысы ҚАЖДдағы «жарғыдан тыс қатынастар туралы» ақпаратты құйып алу турасында ұсыныс түсті.  ҚАЖД бастығының екі орынбасары қос полковник быт-шыт болып бір бірімен төбелесіпті. Тұп-тура жоспарлау отырысында.  Полковник Жарылғапов, саяси тәрбие бойынша орынбасар, бірдеңе айтқан, ал тож-орынбасар, полковник Ескеев оны ұрған. Бірнеше рет. Куәлердің көзінше.  Олардың екеуі де бұрынғы ҚР ІІМ ҚАЖК жуырдағы қызметкерлері болатын… Енді не дейсіз?..

Бұл оқиға жаңа жылдың 8-9 қаңтары күні (қанды оқиға қарсаңында және ерекше тәртіп кезінде), бұл факт  13 қаңтарда тіркелген —  КУЗ 223169030000008. Бұны бізге жеткізген адам, материалдың барынша тез арада шығуына мазасызданды. Өйткені, «Ескеевтің «шаңырағы» биік, істің қозғалуына жол бермейді…».

Біздегі бар ақпарат қоры бізге күтпеген нәрсенің бетін ашты: бізге хабарласқан қызметкердің дауысы, әлгі ҚАЖД «полкандарының» ахуалын «құйып берген» адам, «өзіміздің» «тож-орынбасар Серікболдың» аумаған өзі!.. Осыдан келіп барлық ойынтастар өз орындарына жата қойды.  

«Компроматты құю» кезінде жамбылдық ҚАЖД басшылығында ауыс-түйіс болған: ҚАЖД тож-орынбасары Ескеев өзінің құзырын тапсырып, белгісіз жаққа кетіп қалады, ал ҚАЖД саяси істер орынбасары Жарылғапов – тож-орынбасар болып шыға келеді, бұл – салмақтырақ лауазым. Осы кезде мекеменің тож-орынбасары – Серікбол Бақтияров, өз ойынын араластырып жіберсе керек, ҚАЖДдағы өзіне тиесілі кеңістікті тазарту үшін бір соққымен  – және де біздің қолымызбен – ҚАЖКның бұрынғы қос полканын жалп еткісі келген…

Шынын айтсақ – бұл «кәстрөлдің ішінде жатып» кім кімді жеп қоятынында біздің шаруамыз жоқ. Біздің міндетіміз – сотталғандардың тағдыры қандай қорқынышты қолдарда, олардың есірген бастары қамаудағылардың тағдырларын қалай ойыншық ететінін және әбден іріп-шіріген жүйенің бастан аяқ пайдаға аспайтынын көрсету.

Біз – бостандықтағы азаматтардың да, сотталғандардың да қақыларының толық әрі бұлтақсыз сақталуы үшін мүдделіміз. Сол себепті еркіндіктегі азаматтар өз құқықтарын қорғау үшін барынша мүмкіндікке ие және де оны 2022 жылғы қаңтарда көрсетті.  Ал сотталғандар – бас бостандығынан айырылып қана емес, олардың өмірлеріне қауіп төнетін, өлтіретін, олардың тағдыры мен өмірін қиратып, әлеуметтік азғын қылатын жерлерде қамауда.

 

ЖД 158/4 мекемесінде ахуал – барынша күрделі әрі төтенше сипатта. Абақты әкімшілігі мен арнайы прокурорының  «үнсіздік сойқаны», ҚАЖД-ҚАЖК былыққан жанжалының араласуымен, сотталғандардың өмірі мен денсаулықтарын қатерге төндіре түседі.  Бұндай жағдайда көп тараған әкімшілік шешімі – абақтыға әскерді шақырып, қиратып,, күйретіп, кім де кім өз құқығын қорғауға тырысса соны басқа абақтыға зытыру.Оған жол беруге болмайды, бұл ахуалға қатыстылардың бәрін қатыстыра отырып, тәуелсіз тергеу керек.

 

Байланыстамыз. Телефон +380933969111, барлық мессенджерлер мен әлеужелілерде осы. «WhatsApp» «қарбалас батырмасын» бассаңыз, сіз бізбен әпсәтте байланысқа шыға аласыз. Хабарлаңыз, жөнелтіңіз, оқыңыз. Бізге мәлім болса – көмектесеміз.

 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.