Қазақстандағы ай сайынғы  ахуал талдамасы енді өзекті еместігі түсінікті ғой. Полицейлердің бейбіт митинг кезіндегі адам өлтіруін былай қойғанда, олардың жаппай зорлығын көрсететін графикті де елестету қиын…

Бейбіт митингке шыққандарды өлтіру, дүниені қирату мен өртеу басталмай тұрып, болғанына куәлік етерлік жаңа ақпарат күн сайын шығуда.  4 қаңтардағы видео нақ осы жайында. Сұрмергендер жарық-шулы және газды гранаттардың дыбысын бүркене отырып өз істеріне кіріскен. Түрегеліп тұрған адам сылқ етіп құлай кетеді… Және де сол кезде қарсы шыққан тараптың қолдарында тіпті таяқ та болмаған.

Формалы адамдарды ұрып-соққандарды бұндай жағдайда кінәлауға бола ма? Рас көрініс соншалық жағымды емес, формалы адамдар жылдар бойы бейбіт митингке шыққандарды рақаттана соғып келмеді ме? 20-ғасырда полицмейстерді өлтірген халық жасағы, патшаға шабуылдап жүріп ат айдаушының өлгеніне  кінәлағанда, «сен ендеше патшаны арбаға отырғызба» дегендері бар…     Кез келген лаң мен бүлік арсыз, қатыгез, бірақ та «өзінің қылмысты билігін сақтауға тырысатын, бейбіт азаматтарды өлтіретіндерге қызмет етуге болмайды» деген логиканың жөні бар.  Оның қылмысқа малынған бұйрықтарын, адамдардың басып-жаншып, қинап, қыра жүріп атқаруға әсте болмайды.

Біздің басымызға жалған сөзді әуел бастан тыққыштады.  Президентсымақ Тоқаев  әуежайды лаңкестер басып алды дегенде беті былш етпей өтірік айтты – видеода небәрі отыз адам, олардың оншақтысы таяқ ұстағандар ғана. Оның осы өтірігі ҰҚШҰ/ОДКБ шақыруға негіз болғаны мәлім. Тоқаевтың айтқан біздің шекарамыздан өткен  20.000 қарулы лаңкестер туралы айтқан сөзіне әлі күнге дәлел тауып бере алмады. Дені дұрыс адам үшін, шекарадан бір сәтте қарулы адамдары бар екі дивизияның өтуі деген ақылға сыймайды…  Одан әрі айтылған өтіріктер бірінің үстіне бірі қабаттасып кетті. Мәйтханаға шабуыл жасау мен бүлікшілдердің «өз» мәйіттерін алып қашуы… Бұл да – ҰҚШҰны енгізуге арналған желеу болатын, сыртқы лаңкестік қатер деп соқты. Тоқаев бізге террористердің бала-шағадан қойылған «тірілей қалқаны» туралы айтқанда тағы өтірікті боратты. Бұған қатысты дәлелді көре алмадық, ал лаңкестерсіз-ақ әйел, бала-шағаны біздің және шақырылған күштік құрылымдардың қырғанын көрдік. Өте көп. Көрген адамның жүректері тілім-тілім болуда…  

Бұл оқиғаға дейін бірнеше күн бұрын болған Тоқаев пен Назарбаевтың Путинмен кездесуінде Санкт-Петербургте бірдеңе болған.  Шамасы, Тоқаевтың пайдасына қарай Путин Назарбаевқа кететін кездің келгенін ескерткен болар, өйткені Тоқаевтың тұлғасы оған ұнамдырақ екені мәлім: жанұясы Мәскеуде, ұлының орасан бизнесі Мәскеуде…  Көшпелі түркілерде бұны аманат атаған; осындай жағдай Лукашенкомен де  кездейсоқ емес шығар? Оның ұлы автоматшы–Колятай қазыр Мәскеуде, оқып жатыр… Оның Минскіде оқуына тағдыр жазбаған ба? Әлде Путинге саусақ арасынан батька сусып кетпеске ыңғайлы ма екен…?

Бастапқы минуттардан-ақ, көрпе астындағы сауда болғаны айдан анық. Басында Назарбаев әулетінің бір де біреуі қуғындалған емес. Суайт Тоқаев, әуелі Назарбаевтың немере інісі, ҰҚК генералы Самат Әбіш жұмыстан босатылғаны туралы хабарлады, ал ҰҚК-ның өзі бұны жоққа шығарғанда — Тоқаев тырп ете алмай қалды. Назарбаев әулеті өз орындарынан бірте-бірте кетті, әлгі сауданың барысына қарай жүзеге асты деуге болады.  Бүгін, 17 қаңтарда үш күйеу бала кеткесін… тағы да Әбіштің жұмыстан кеткені турасында хабарлады… ал Дариға әзір «тәжвирус» жағдайында… Сауда жалғасуда.

Соның арасында Тоқаев азаматтық қарсылықты барынша тұншықтыру үшін ахуалды пайдалануда: ұсталғандардың, ұрылғандардың, сотталғандардың,  сот үкімін күткен бейбіт наразылар мен тіпті қарапайым азаматтар, дұрыс жерде болмағандар мен видеоға «дұрыс емес нәрсе түсіргендер»  — жүздеп, тіпті мыңдап саналады.  Олардың арасында лаңкестер көрінбейді. Әлгі қырғыздың пианисі мен кәртайған жеті «моджахед» болмаса… өздерінен табылған қарудың не екенін ұқпай тұрған…

Бұған дейін, Путиннің суайты, қоянжүрегі әрі қуыршағын қолдайтындардан «адасқандар» да қалмады; оның маңында тек қана «Тоқаевқа иек артуды» шешкендер тақты ұзақ уақытқа нықтайды деп ойлайды…  олар өздерінің сол тырысуынан біршама нәрсе «жұғысты» болады деп ойлайды…

Ең бастысы. Қазақстанның тұман басқан төңкерісі, «Қаңтар 2022», ахуалды быт-шыт қылды. Полиция аты-жөндерін жаттап алып, наразылық шарасы қарсаңында оп-оңай құрсап тастайтын ондаған белсенді азаматтардың орнына, режим бойларынан күдік пен үрейді сыпырып тастаған, бірін бірі көшеден көріп, нағыз күштің осы, жеңімпаз күш екенін ұққан он мыңдаған адамдарға тап болды.

Қазыр ең бастысы бірін бірі сатпай, иықтарын тосып, кездесу керек, араласу қажет, керек емес бөлініс пен жіктелісті сылып тастау керек. Барлығы да нағыз күштің бәрі біріккенде екенін көрді. Жеңіс те – сол. Біреу ғана және ол барлығына ортақ жеңіс.  

Түрмелер мен абақтылар ерекше тәртіпте. Ақпарат ағылып келуде, бірақ оны тексеру барынша күрделі болып тұр. Жинаудамыз, талдаудамыз, әзірлеп жатырмыз. Телефонымыз +380933969111, барлық мессенджерлер мен әлеужелілерде осы. Сондай-ақ «WhatsApp» «қарбалас батырмасын» бассаңыз, сіз бізбен әпсәтте байланысқа шыға аласыз. Құпияны сақтауға кепілдік бар. Видео, ақпарат күтеміз, сұрақ қойыңыздар. Біз ақпарат көзін жария етпейміз. Бізге мәлім болса – көмектесеміз.

 

 

 

 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.