Жаңа жылдан соң бірден мақала жариялаудың сәті түспеді. Қазақстанды тарс айырғаны сондай, уақыт та, күш те болмай қалды, тек қана болған жайтты тіркеп, талдап, сосын сезінуге ғана жетті… және де әлемжелі тағы болмады. Мүлдем болмады.

Қазақстан мен Алматыдағы 2022 жылғы қаңтардағы оқиғаға қатысты жазылған материал жеткілікті, сол себепті қазыр бұл жайында айтып керек емес. Қазыр – бұның бәрінен не «шықты», және – бұнымен қалай күресу керек…

Жұмбақ жайттарға ұрынбай-ақ, бұл оқиғалардың қорытындысы Тоқаев билігін бірден күшейтіп жібергенін, және ол бұл факторды екі бағытқа жұмсап отырғанын айту керек: «жарқын өмірді» айтып оңға да, солға да «уәдені» үйіп-төгіп жатыр, (оны бұған дейін де ішіміз кепкенше тыңдағанбыз), және де – қоғамның наразы бастарындағы гайканы қатайтуға кірісті, бір жағынан шынайы жария еткен БАҚтарды қорқытып-үркітуде.

Оның таңдаған тактикасы (оның таңдағанына үлкен күмән бар, өйткені ол енді анық Путинге тәуелді ғой) қазақ қоғамын екіге бөлді: «алдануға қуанатын» топ пен оған қуанбайтын, дайын емес, алданғысы келмейтіндер тобы.

Біріншілері Тоқаевтың нағыз мемлекет басшысы екендігіне татымайтын аргументтерді керек етпей, оның «тағынан шыққан сөздеріне» жынысы қозған күйде қайталаумен күн кешеді;  есектің тұмсығына ілінген сәбіз жаңарған сайын аздап балғын аңқитын болса керек. Екіншілері, Тоқаевтың саяси қызметіндегі барлық кезеңін ескеруге, талдауға қабылетін сақтағандар, және де ештеңеден бірдеңенің өсіп шықпайтынын түсінетіндер, «бұрыс сұрақтар» қойып, оларға жауап алмастан, форма кигендердің айдауымен жүріп, сол сауалдарға жауап алатындар тобы.   

Тоқаевтың «айтулы оқиғасына дейінгі» ерекше тұлғасы саяси қамалғандар мен азаматтардың саяси сотталған тобының күрт өсуінен көрініп отыр. Бұл арифметиканы есептеп шығару сондай оңай, құлқың болса — болғаны.  Қаңтар оқиғасынан кейінгі ұсталғандар саны мен бейбіт митингке қатысқандары үшін сотталғандар саны – жүздеп саналады. Олардың ішінде – белсенді және лайық азаматтық ұстанымы бар белсенді азаматтар блогерлер, өз жұмысын тындырушы журналистер, тіпті қарапайым азаматтар – жұлмалап, сүйрелеп әкеліп, ұрып-соғып соттауда;  «тергелді» деген сөз түсіп қалды, өйткені, бұндай заңды әрекет қазыр ешбір қолданыста емес… қажеті жоқтықтан солай.

«Жаңа Тоқаевтың» билігі, күштік құрылым қызметшілерінің өлгендерін нақты санап, аттарын атап, ал оқ тиіп өлген бейбіт азаматтарға қатысты біресе ондаған, біресе «жүздеген» деген сөзді қолдана салады… Бұл «жүздегендердің» есімдері билік үшін мүлдем болмай отыр. Олардың аттарын біз әлеужеліден ғана тауып отырмыз… Бұл есімдер барған сайын көбейе түсетін түрі бар… Украинаның «тәңірге оралғандар жүздігінен» гөрі біздің бұндай есімдер мүлдем көп болатын түрі бар… Ал із-түссіз жоғалғандар саны тіпті көп…

Біз бұл жерге оқиғаларды аргументтер мен ат-жөндерді сипаттап жатпаймыз – бұның бәрі менің ақпарат таспамда бар (авт. – Владимир Козлов, https://www.facebook.com/VIKoz2016/), хронологиялық жағынан да, видеодәлелдерімен қоса да жайғастырылған. Қазыр біз “KURESKER” жобасының біреуін қолға алып отырмыз – белсенді азаматтарды қолдау, өйткені жалған президент Тоқаев оларды бандиттерге қосып жіберіп отыр, және оның мақсаты белгілі – азаматтық қоғамның наразылық әлеуетін жоқ қылу, «өзгеше ойлауды» өшіру, және Қазақстанда қоғамның диктатурамен ықпалдасып өмір сүру үлгісін жасақтау ойында бар, бұл оған ұлы Пу қалай айтса, солай тізгіндеуге керек нәрсе.

Біздің жобамыздың міндетіне қатыстыны алсақ, абақтыдағы бас бостандығынан айрылғандардың құқығын қорғау – қазырғы кезде ҚАЖК түрмелері мен абақтыларында ТЖ (төтенше жағдай) тәртібі орнатылып, бұларды құқық қорғаушылардан тас қылып бітеп тастады. Бұл ахуалды ҚАЖКлық адамжегіштер қалай пайдаланып жатқанын болжап білмесе, басқа жол жоқ… 

Біз бұрынғыдай байланыстамыз. Телефонымыз +380933969111, барлық мессенджерлер мен әлеужелілерде осы. Сондай-ақ «WhatsApp» «қарбалас батырмасын» бассаңыз, сіз бізбен әпсәтте байланысқа шыға аласыз. Құпияны сақтауға кепілдік бар. Видео, ақпарат күтеміз, сұрақ қойыңыздар. Бізге мәлім болса – көмектесетін боламыз.

 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.