Алдында басталған тақырып жалғасатын болды. Бірақ бұл жолғы жалғасы  – мүлдем қарама-қайшы болмақ.

Бізге енді абақтылардағы бірнеше ТҚО (техникалық қызмет ету орындары) туралы, абақты басшылары тума-туыстары мен басқа біреулердің атына тіркелген «өздерінің» ДК-терін (дербес кәсіпкерлік)  «өнеркәсіп аймақтарына» тыққыштайтындары туралы ақпарат келіп түсті… ол ақпарат «майдагер құлдық» ҚАЖК мекемелерінде әлдеқайда үлкен ауқымда екендігі  және үсті-үстіне ұлғая түсіп жатқандығын байқатады.

Бізге кірпіш өндіретін өнеркәсіптер, жүздеген «астау» шығаратын және басқа да «ағаш майдагерліктер» жайында хабарлауда. Бұл хабарламалардың бәрі бір нәрсені біріктіреді – бұларда жұмыс істейтіндер құл ретінде еңбектенетін сотталғандар көрінеді: Еңбек келісімі жоқ, екбекақы тағы жоқ. Егер еңбек келісімін жасағанның өзінде оның бір данасын сотталған еңбекшіге бермейді, бұл дегенің – ешқандай да келісім жоқ деген сөз. Айлықтың орнына– махорка, және мейрамға қарай берілетін арзан темекі ғана. «Шай-темекі-тәтті», сотталған адамның атына деген  кәдімгі «мол табыс» – ол да жоқ.

Тақырыптың өзектілігін көрсететін екінші жайт – біздің алдыңғы «ҚАЖК мен оның құлдары» деген материалға жұртшылықтың ықыласы (https://www.facebook.com/108893537462187/posts/451450419873162/?d=n). Ол 14 желтоқсан күні Алматы уақытымен кешқұрым шыққан бойда, видеода көрінген сотталған азамат ШМБ-ға (шартты мерзімнен бұрын босау) босап шықты – полиция қызметшілері барыпты.

Бұл бір ғана «ҚАЖК-тегілер көріп еді – ІІМ-нен кісілер келді» деген сәт, билік деңгейіндегілердің төменмен байланысы тығыз әрі дәл осындай шұғыл шешім үшін жеткілікті екенін аңғартады. Бұл ҚАЖКтегілердің полицей погонын көтерем аттың тағасын сыпырғандай сыпыруға деген тағы бір аргумент.

Бір емес екі рет шабыттанып, «бәрін айтам», тіпті «соңына дейін соқтығысамын» деген сотталушымыз — «қалқып кетті». Шамасы, оның саусағы ілінетін бірдеңе табылған болар. Зәресі ұшып, дөрекілікпен, балағатпен және қатер төндіре, егер де «материалды алып тастамасақ»,  «шағымданатынын» білдірген қоңыраулар бізді мазалаумен болды… Бұлайша қайғылы болмаса, күлкілі болған болар еді…  

Кеудесін тұяғымен соққылап, көмек сұрағанда және оның арғы жағы не боларын білгенде – мұрынбоғын жұдырығына орау өз алдына, көптеген құқыққорғаушылардың жүректері дауаламайтын болып шықты. Көпшілігінде солай – бірақ ол бізге қатысты емес. Біз үшін «майдагерлік құлдық» тақырыбының өзектілігі сонша, оған басқа құқық қорғаушыларды тартып, өз алдына бөлек назар аудару қажет деп есептейміз. Бұнымен айналысамыз.

Бұдан да өзектілігі кем емес тақырып, сотталғандардың денсаулығы мен өміріне қатер төндіретін жайт  – ҚАЖК мекемелеріндегі дәрігерлік қызметтің жоқтығы. Бізге 2012 жылдан бері медициналық қызметті ІІМ-нен азаматтық бағынысқа аудару турасындағы әңгіменің қауесет түрінде қалуы  туралы ақпарат одан әрі келіп түсуде. Сотталғандардың  денсаулығы мен өміріне төнген қауіп жалғаса түсуде және олардың тағдыры иықтарына погон таққандардың жауапкершілігінде қалуда.

АП 162/3 мекемесі. Абақты бастығы Қуаныш Қойшыбаев, медицина жөніндегі орынбасар – подполковник Гүлсуар Гимадиева. Сотталған Ислам Баркенхоев жуырда ғана онкологиялық сырқаттың үшінші дәрежесімен «комиссияланған» болатын… Онкология варикоздан емдемеудің кесірінен туындаған.  Сотталған Дмитрий Решетов – медкөмек көрсетуден бас тартудың ұзақ уақытқа созылуынан кеңірдегін кесуге мәжбүр болды.  Әлихан Тұрарбек – диабет. Медициналық жәрдем жоқ. Жеңісбек Тадимбаев – бүйрек сырқаты күшейген, бұл дәрігерлік көмектің зардабын тартуда. Медикамент те, қарауға арналған жабдық та жоқ. Бұндай жағдайда қалалық, азаматтық ауруханаға апару керек – апармайды. Диагноз жоқ, емдеу де жоқ. Бұл абақтыда саяси қамаудағы Ербол Есқожин да бар. Оның зайыбының постыларына қарағанда, оның да денсаулығына қатысты мәселе бар. Ол жайындағы ахуалды сипаттаған нақты ақпарат күтеміз.

Біз сотталғандар құқығының бұзылуы туралы ақпарат жинауды жалғастыра береміз. Телефонымыз +380933969111, барлық мессенджерлер мен әлеужелілерде осы. Сондай-ақ «WhatsApp» «қарбалас батырмасын» қолданыңыз, ол суреттің оң жағында орналасқан және оның көмегімен, сіз бізбен әпсәтте байланысқа шыға аласыз. Біз білсек – көмектесетін боламыз.

 

 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.