Менің бала кезімде (авт. – Владимир Козлов), біз Шевченко (Ақтау) қаласында тұрғанбыз.  Бұл қала сол кездегі (алпысыншының басы мен жетпісіншінің ортасы) тек қана сотталғандар салған қала болатын. Оларды бірнеше абақтыдан күн сайын ертеңгісін «жұмыс аймағына» құрылысқа, «жолбарыс-арбамен» —  ашық түрдегі автоқамақтармен, жүк көліктерімен таситын. Біз сол кездің өзінде-ақ түсінгенбіз – егер де зэкті ашық қорапты көлікпен тасып, оларды екі автоматшы мен бір ит (кабина алдындағы алаңдағы қамашауда болады) қана күзетсе, онда бұл «жалпы тәртіп» болғаны. Ал егер де оларды толық темір тіркемемен, терезешіктері торланған фурамен, тасыса — бұл «қатаң тәртіп» болғаны.

Жұмыс аймағында «кустарлар» болатынын да білетінбіз (бұйым жасайтын сотталғандар), мен «кустаркалар» (шағын ғана бөлек сарайшықтар – «будандар»), бұл жерде әлгілер бұйымдарын жасайды. Оларға шарбақ сыртынан айқайласып сөйлесуге де болатын, сосын – «отыз алтыншы» шайдың қанша әшмөңкесіне білезіктер жыймасын болмаса эбониттен мүштек алатыныңды келісіп, тіпті батырмасы бар пышақ жасатуға келісуге болатын еді… Келісім жасалғаннан кейін шайлар аймаққа қарай ұшады да, ал аймақтан тапсырыс бұйымдары әуелейтін…  Мұнарада тұрған күзеттегі сарбаздар айқай салып, қорқытқанымен соншалықты кедергі болмайтын; енді қазір білемін, олар да бұдан өз пайдасын көреді екен…

«Кустарка» бүгін де ешқайда кеткен емес, бар. Әрбір абақтыда қолдарынан тым жақсы бұйым істей алатындар жеткілікті  – әшекейден бастап жиһазға дейін. Егер де абақтыда кустаркаға жол ашылса – өлмеуге болады, өйткені қолдан керемет істелген қолөнер бұйымы мен нәрселерге әруақытта сұраныс бар. Егер абақты «асыра тәртіпте» болса — «кустарлар» заңды түрде айлығын алып істейді; бұндай бұйымдарды сотталғандар өз есебінен сатып ала алады да, туыстарына кездесу кезінде сыйлай алады. Болмаса – «кустарлар»  жасырын түрде «қожайындарға» (абақты бастығына) қызмет етеді:  баракта емес, бөлек «будандарда» тұрғаны үшін, тексеріс кезінде шықпайтындары үшін, сәлемдемені көбірек алып, кездесуге жиі шығатындары үшін және де басқа бонустарды «қақшиды», бұл жайында біз жазбаймыз – «зиян келтірме» заңы бар ғой. Ал «қожайын» болса – керемет қол бұйымдарының жыймасына ие, оларды керек адамдарға, тексерушілерге, басқаларға сыйлайды.

Осындай «қуыс-қолтық қатынас» қалыптасқанда ең болмаса өзара пайдалы негізге құрылып, бұл сыртқа шықпайды. Бірақ бұлай көбінесе бола бермейді.

 

ОВ 156/20 мекемесі.  Шығыс Қазақстан. Бұл мекеменің бастығы Қайсар Батырбеков, осында сотталғандардан құлиеленуші қоғам орнатқанын, оның тек біржақты өзі  мен достарына – қадағалаушы прокурорларға, ҚАЖК қызметшілеріне, басқаларға ғана пайдалы екені туралы ақпарат түсті. Бұл «қожайын», басқаларға қарағанда, өзіне жұмыс істейтіндерге қандай да бір бонус беруді ойламайтын көрінеді. Бұнда «бауырсақ жүрмейді, тек қана «қамшы». ШМБ (шартты мерзімге босау) мерзімі келсе – сотталған шебер оған үміттене алмайды, себебі ол дербес түрде қарғыс атқандай «қожайынға» ғана қызмет етеді. Батырбековтің абақты «шаруашылығында», «кустаркадан» басқа Автоқызмет бекеті де бар (СТО) автокөліктерге алуан түрлі қызмет етеді.  Ондай істейтін сотталғандар, барлық жөндеу жұмыстарын тез арада бітіріп отырулары керек, сапалы, ал бастысы– соның бәрін өз қаржыларына істеулері керек: материалдар, запас бөлшектер – оларды туыстары сатып әпереді, сосын абақтыға беріп жібереді. Әйтпесе ШМБ туралы ұмытқан абзал. Қадағалаушы прокурорлар   «солақай» автокөлік әкелуі мүмкін, зауыт нөмірлерін сылып тастап, қайдан шыққаны беймәлім, қираған, тот басқан бірдеңені – сосын оны конвейерден шыққандай етіп, жаңартып алып кетеді … (видео қараңыз). Сотталған адамның ақшасына, ешбір еңбегін төлеместен алады да кетеді…

Жуырда  Қайсар Батырбеков сотталған Сергей Тагировке жаңғыртуға… аңшы мылтығын әкеледі… Тұп-тура абақтыға. Мылтық. Бұрап-қатайтып, майла-сайлап, жылтыратып, анау-мынауын алмастырып дегендей. «Қожайынның» өзі әкеледі.

Сергей Тагиров егер оған қорғау жағы қамтамасыз етілсе, қазыр ШМБ-ға шықты және бұған куәлік етуге әзір. ШҚОда Қайсар Батырбековке дос емес басқа прокурорлар болғаны ма? Бұрынғы сотталған адамның қолында бұлтартпастай дәлел бар, осы жайында ол айтатын болады.  Біз байланыстамыз, бұл оқиғадан хабардар болып отырамыз.

Телефонымыз +380933969111, барлық мессенджерлер мен әлеужелілерде осы. Сондай-ақ «WhatsApp» «қарбалас батырмасын» қолданыңыз, ол суреттің оң жағында орналасқан және оның көмегімен, сіз бізбен әпсәтте байланысқа шыға аласыз. Біз білсек – көмектесетін боламыз.

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.