ҚР ІІМ ҚАЖК (Қылмыстық-Атқару жүйесі жөніндегі комитет) сияқты «құбылыстың»  табиғаты туралы ахуал соншалықты мәлім емес. Бұған екі себеп бар: ҚАЖК – ең тұйық әрі екіжүзді жүйелердің бірі, бұл жағынан ол ҰҚКмен ғана таласқа түсе алады және де қоғамның өзі бұл жайында білгісі де келмейді, өйткені онда «қылмыскерлер» отыр, «оларға сол керек».

Бұл пікірдің қай-қайсысы да дұрыс емес. ҚАЖКның тұйықтығы,дұрысын айтқанда – оның қызметіне сәйкес ешбір қажеті жоқ нәрсе.  Ол жерде ешқандай да мемлекеттік құпия жоқ, әскери өндіріс те жоқ, құпия конструкторлық бюро да атымен жоқ  – бірақ бұның «әке-шешесі» КСРОның НКВДысында болған. Бұның қызметшілерінің ешбір жазасыз жасай беретін қылмыстары – олардың жандүниесінің деформацияға ұшырағанын көрсетеді, оларды қалыптағы адамнан екіжүзді садистерге айналдырған, сөйтіп ол қызметшілер біреудің сорынан ләззат алатын, жарықтан тарақан секілді қашатын мақұлықтар болып кеткен.  

Ал қоғамның ебедейсіз енжарлығынан – социумға психологиялық жағынан әбден кемтар болғандардың оралуынан сұмдық көрініс туындап жатыр, осындай жағдайда ешкімнің құқығына, ешқандай құқыққа, ешбір адамға сенбейтін үмітсіз социомүгедектер өндіріліп жатыр; қайталанатын қылмыстың  80%-ы  — түсіндіруге тұрмайтын көрсеткіштер. Бұған қатысты қоғамның бір мәрте қылмыс жасаушыға өз-өзіне келуіне көмектесуге дайындығын, оны шеттетпеуге тырасатынын, оның әлеуметтік ортаға сіңісуіне жәрдемге, «өзіне қабылдауға» әзірлігін көрсетеді.  Бұл «қара биені жуып ағартпайсың» дегенге қарсы болу деген сөз – бірақ бұл мүмкін.  Қоғамы билік болатын елдерде, ал билігі – қоғам болатын елде бұл – істейді. Ондай елдерде түрмелер жабылуда, өйткені оларда отыратын адам жоқ… Қылмыс 4-5%. Ал бізде – 80. Бұл қоғам мен социумның сапалық жағынан айырмасын байқатады.

ҚР ІІМ ҚАЖК-ның тұйықтығына қайта оралайық. Петропавел түрмесінде сегіз жыл отырған Қазақстан азаматы Бонда Стуруа бар. Маньяк емес, педофил емес, адамжегіш емес. Ол «қылмыс әлемінің серкесі» дегеннің бірі.  

Мен (авт. – Владимир Козлов) 2012 жылы қаңтардың түнінде ТОБ-нен (тергеу-оқшаулау бөлімі — түрме) 50 метрдегі Петропавлдың «үштігіне»  (ЕС 164/3) келгенімде, менімен бірге ол да АТОБ-не тән тоқсары түсті роба киініп, аздап соққы алған түрмен, түн ортасында аңызға айналған абақты «ақсүйегі»  — опер-тәртіпбөлімдер бастықтарымен, ТОЖ жөніндегі орынбасармен, абақты бастығымен сөйлесіп тұрды. Оперлер менің бұрышқа төгілген заттарымның әр қыртысын сипалап және  иіскелеп тексерді,  ал олардың бастығы мені сұрақ-жауаппен «сипалады».  Мен сол кезде бұның не екенін ұқпадым. Әсіресе, сол кезде ТОЖдың (қойманың құдайы), қолында бәрі бар: барлық оперлер, тәртіпкерлер, белсенділер, ешкілер, құдайшықтар… болса да, подполковниктің  сөзі ерекше «айқын» әрі түсініксіз болып көрінді… Ол ұзақ отырып тыңдады да, сосын бір ғана сөйлем айтты: «Сен абақтыны алып кеткің келді ме?!! Қ-қты жепсің, түсіндің бе?!!» — деді де менің бетіме тақап, жуан әрі жүн-жүн … қолын шығарды.

Айтпақшы, мен түрмеге келгенше, абақты бастығы «ментше өткізу» (арнайы шұғыл ақпарат) саяси зэк Владимир Козлов «үштікке» оны «тартып алу» үшін келе жатқандығы және керісінше тәртіпке салып, «қара күн» туғызбақ  — таяуда ғана «сындырылған», «өрт сөндіретін машина етіп боялған» абақтыны… қайта бұзбақ екен деген қауесет алыпты.  Менттер мен менің арама бұндай әзілді кім тастағанын білмедім, бірақ мен бір жылға таяу отырғандықтан, бұндай сөзді білген де емеспін… 

Бондо Стуруа секілді қылмыс  серкесі – ондайды істей алады. «Абақтыны теріс жүріске» түсіру (оның тірлігін «қараушылардың» жауапкершілігі мен қамтамасыз етуіне әперу үшін: а) басқа сотталғандар алдында абырой болуы керек; б) қызметшілер тарапынан болған қызметті теріс пайдалану мен заңды бұрмалау фактілерін (ондай қашан да бар) абақтыдағы сотталғандарды біртұтас ету үшін – бейбіт – наразылық түрлерін тұтату үшін: аштық жариялау, заңсыз талапты орындаудан бас тарту, кейде дене зақымдауға баруды ұйымдастыра білу керек… Бұндай жаппай наразылық абақтының бастығын өзгертуге апарып соғады, ал енді абақты барлық қызметшілер үшін қоректену орны болғандықтан  (бұл өзгеріс бәріне де жайылады: індегілерге де, ұсақ сызаттағы тығылғандарға да) – оларға ең тиімді шешім абақтыны «беріп», ештеңеге алаңдамайтындай өз бонустарын алып тыну болмақ…

Сол себепті де, Бондо Стуруаны  сегіз жыл бойы «арнайы продолда» ұстап келеді. «Продол» — дәліз деуге болатын нәрсе. Баракта бұл «шконкалар» (қоссөрелі кереуеттер)  арасындағы кеңістік,  ол түрмеде барлық есіктердің  шығаберісі.  Ал «арнайы продол» — басқа. Бұлай деп түрмедегі басқа камералармен ешбір байланыс жоқ орын. Ол жерде ҚАЖК қатерлі санайтындарды ұстайды – бәрін бұрын ешбір кедергісіз қылмыс істейтін өздері үшін, ұрлау мен «маньяктану» үшін, қажк-лік игілік үшін осылай істейді.

Бондо – онкосырқат адам. Бұны барлығы да растады, оның ішінде ҚАЖКның астауынан жем жейтін дәрігерлер де растады. Оның сырқаты өршіп барады, сараптамасы нашарлай түсуде, егер де қазыр арнайы ПЭТті пайдаланып (позитрон-эмиссион томографиясы) қарамаса – ол ажалдан қашып құтыла алмайды.

 

Оның туыстары барлық ем-домды өздері көтеруге дайын. Мәселе – ҚАЖК басшылығының қолда бар барлық құқық нормаларын – Қазақстан мойындаған халықаралық стандарттардан бастап, сотталғандардың денсаулық құқығы мен ҚР ҚАК бекіткен ҚАЖЕТТІ дәрігерлік қызмет көлемін бұзып отырған дербес қатал әрі қылмыстық ұстанымында болып тұр.

 

Түрлеріне қарағанда,  олар сотталған Бондо Стуруаның «арнайы продолдан» тірілей шықпауына мүдделі. Басқаша түсіндіру мүмкін еместігіне мыналар куә:

— Дүйсенов пен Финьконың онкологиялық қос тараптан жасаған қорытындысы  мен ПЭТпен шұғыл түрде жанжақты тексеру қажеттігі мен сәйкесінше емдеуді тағайындау туралы қорытындыны қасақана түрде елемей отыр;

— бұл тексерістен өту үшін Астанаға (бұл жабдық тек осында ғана) сотталған  Бондо Стуруаны жеткізуден бастартылды;

— сотталған Стуруаны қорлаған ұсыныс білдірілді:  «тексеріс пен емделу» СҚО аумағында болсын, ПЭТ жабдығының жалғыз данасы тек қана астанада екендігі олардың басын ауыртып отырған жоқ;

— онконауқас сотталған Стуруаны «арнайы продолда» тексеру мен емдеудің орнына ұрып-соғуда.

 

ҚАЖК басшылығының бұндай «қылмысты-қайсар» қылығына қатысты түсіндірме беруге болады. Бұл қылмыстық ұстанымға шаңырақ болып тұрған «заңдылық жолындағы басты қараушы» — ҚР Бас прокуратурасы,  бұған Бондо Стуруаның сенімхаты бар туыстары хабарласса да  – нәтиже жоқ – төрт рет қатынас жазған (!). Олардың әрбір қатынасын ылғи ҚАЖКға сілтеп отыр, яғни, онсыз да ұзақ уақыт бойы қылмыс жасап отырғандарға қарату үшін жол сілтеуде…  Осы екі ортада Бонда Стуруаның уақыты тұратын емес, қарқынды жылжуда…

 

Сотталған адамды саналы түрде өлтіруге қатысып, Қазақстан аумағында атқарылуға тиісті құқықтық-нормаларға сәйкес ҚАЖЕТТІ дәрігерлік көмекті бергізбей отырғандардың тізімі мынау:

— ҚР Бас прокуроры Ғ. Нұрдәулетов;

— ҚР Бас прокуратураның 2-қызметінің бастығы Н. Дүйсенбаев;

— ҚР ІІМ ҚАЖК төрағасының орынбасары М.Аюбаев;

— ҚАЖК төрағасының орынбасары Е.Саламатов;

— ҚР ІІМ ҚАЖК дәрігерлік бөлім бастығы;

— ҚР ІІМ СҚО бойынша ҚАЖК дәрігерлік бөлім бастығы;

— СҚО ҚАЖД ЕС 164/1 мекемесінің дәрігерлік бөлім бастығы;

— онколог-дәрігер В.Белов.

Біз Бонда Стуруаның уақыты біте қоймас деп үміттенеміз ол әлі де қажет дәрігерлік көмекті алып үлгерер.  Және де жоғарыда атағанымыздай олардың қылмыстары үшін жаза сұрап бұдан әрі ештеңе жарияламаспыз деген үміттеміз. Уақыт – ол ылғи да есептелу үстінде,қойылған талапты күн тәртібінен алмайтын нәрсе.

Телефонымыз +380933969111, барлық мессенджерлер мен әлеужелілерде осы. Сондай-ақ «WhatsApp» «қарбалас батырмасын» қолданыңыз, ол суреттің оң жағында орналасқан және оның көмегімен, сіз бізбен әпсәтте байланысқа шыға аласыз. Біз білсек – көмектесетін боламыз.

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.