Желтоқсанның екісінде ЗК 169/5 (Қызылорда) мекемесіндегі сотталған азамат асылып өлді.  Қызметшілер осылай дейді. Оның ат-жөні – Серікбай Ыбыраев. 1982 жылы туған. Адам тірі еді – адам жоқ болды, дүние-ай…

Жуырда ғана осы мекемеде «тінту шаралары» аталатын науқан болып өткен еді. Ол үйреншікті түрде өтті: жаппай кемсіту мен қорлау, таңдаулыларды ұрып-соғу мен қинау. Біз әзірге барлық егжейді білмейміз, бірақ тексерілген ақпаратқа қарағанда – бәрі де сол күннен басталыпты.

2 желтоқсанда, кешкі кәртішкелік тексеріс кезінде, Серікбай Ыбыраевты жасақтан бөліп, жұрттың көзінше Айыптау бөліміне (АБ) әкеткен. Біздегі ақпарат бойынша, АБ-де оны оқсатып тұрып сабаған – оны плацтағылардың бәрі естіпті. Сонымен бірге бізде Серікбай Ыбыраевтың мәйітінде ұрып-соққаннан қалған белгі бары туралы да ақпарат бар. Оны да көрдік.

Бүкіл абақты Ыбыраевты АБ-ға сүйреп кіргізгенін көріпті. Олар:  Серік Мақсұтов – опербөлім бастығы, Ернат Қанағатов – тәртіп бөлімі бастығының орынбасары, қызметші Тәуекел Байқадам, және опер Мәди.

Серікбайды АБда сабауды бірден бастаған. Оның ойбайы мен ыңырсуының плацқа естілуіне қарағанда – өлтіре соққан. Бұл Серікбай Ыбыраевтың өміріндегі соңғы сағат болатын. Сағат 17:05-те оны плацқа сүйреп шығарады,  ал сағат 18-де абақтыда дабыл қағылып дәрігерлер кірген.  Ыбыраев сол кезде өліп тынған еді.  

Әлгілер оның асылып өлгенін айтады. Әлгілер  – оны сүйреп әкетіп ұрып-соққан төртеу. Олар (ататектерін жоғарыдан қараңыз) – қинау мен күш жұмсап зорлау бойынша қылмыстарда көрініс беріп жүр. ҚАЖКда бұндайға бүлк етпейді, ешкім бұған қорқа қоймайды.   Прокуратура,ІІМ-нің «жеке қауіпсіздік» тергеушілері, ҚАЖК қызметшілері   – жылдар бойы «кино ойнап келеді». Сотталғандар тарапынан айыптаулар нәтижесінде ешбір «растаулар таптырмайды», прокурорлар мен тергемпаздар өз кабинеттеріне тарасады да, ал «айыпталған» қызметшілер өздерінің құрбандарына қайтадан құшырлана кек алып, ешбір жазасыз құтыла береді – ал айыптаушылардың сазайын олардың істі «әшкере» еткені үшін, «қаптаманы ашқаны» үшін және тексерушілерге «белгі соққаны» үшін береді…

Сотталушының өлімі оны ұрып-соғу кезінде болмаса бірден орын алып, оның үзіліп кеткендігін барынша ықтимал санауға әбден болады. Бірақ 5 желтоқсанда Серікбай Ыбыраевты жерлеп тастаған. Бұл  оның «асылып» қалу нұсқасы тек қана өлімді «тергеушілердікі» екендігін білдіреді. Бұл дегеніміз – АБ-дегі сотталушының өлімші болып сабалуы «тергеу» материалдарында көрініс таппайды деген сөз. «Бар болғаны ол асылып қалды»-  бітті — ?

Маңызды жайт: бас опер Серік Мақсұтов – әлгі таяуда ғана осы абақтыдағы саяси сотталған, Жаңаөзендегі ереуілшілер қозғалысының белсендісі Ержан Елшібаевқа «тыйым салынған нәрсені» тастап жіберген сабаз. Нәтижесінде Ержан жазаланып, қатаң ұстау жағдайына көшірілген еді де, шартты түрде мерзімнен босау бойынша бостандыққа шыға алмай қалды…

Бұл іс бойынша әлдекімде қандай да бір ақпарат болса, —  хабарлаңыздар, біз ол ақпаратпен жұмыс істейміз. Фото астындағы «WhatsApp» батырмасын басуды ұсынамыз  – бұл әйдемде бізбен байланысатын байланыс тетігі. Телефонымыз +380933969111 – барлық  мессенджер мен әлеужелігне жарайды. Біз білсек – міндетті түрде көмектесеміз.

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.